Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет190/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

Сен адамдар арасында, әсірісе, жастар 
арасында жұмыс істеп, оларды біліммен, ғылыммен қаруландыра жүріп, 
өзің психологиямен, әсіресе, балалар психологиясымен таныс болмасаң, онда 
бұл көзсіз жұмыс істегенмен пара-пар
» (130).
Төлеутай Ақшолақовтың: «Профессор Қ. Жұбанов – ірі ғалым-педагог, 
ғалым-азамат. Ол Қазақстанда педагогикалық және методикалық ой-пікірдің 
қалыптасып, дамуына барынша атсалысты. Оның есімі қазақ совет 
мектебінің тарихында алтын әріппен жазылып қалды», – (131) деген пікірі де 
педагогика-психология 
саласындағы 
еңбектерін 
ескере 
отырып 
айтылғандығында дау жоқ. 
Көрнекті ғалым Мәулен Балақаевтың айтуынша, Қ.Жұбанов 
мектептерге арнап оқулық жазуға барынша үлкен жауапкершілікпен қараған, 
кездескен сәттерінің бірінде былай деген: «
Оқулық жүрдім-бардымның 
жұмысы емес, өте жауапты жұмыс. Қазіргі ғылымымыздың түп қазығы 
сол оқулық болу керек. Оның ғылыми негіздерін жастар жақсы білу үшін 
тіліміздің қалыптасқан заңдылықтарын айқындап алуға тиіспіз. Орыс 
оқулықтарынан

одан-бұдан көшірілген ережелер жастардың білім 
жұмырына жұқ болмайды
» (16). 
«Қ.Жұбанов оқулық жазуда оқушылардың тек қана тіл заңдылықтарын 
біліп қоймай, сонымен қатар, сөз бен сөйлеудің, тіл мен ойлаудың 
байланыстарын да танып отыруына назар аударған. Оны біз автордың «Сөз 
бөлшектерінің құралуы», «Сөз бұйымы мен сөз материалы», «Сөз 
бұйымының сыр-сипаты мен сөз бұйымының жасалу жолы», «Сөз», 
«Сөйлеу», «Сөз бен ой» деген тақырыпшаларды бергенінен байқаймыз», – 
деп жазады Н.Құрманова (132, 11) 
Педагог-ғалымның ағартушылық қызметі мен әдістеме мәселелеріне 
қатысты еңбектерін жүйелі түрде тұңғыш рет сөз еткен ғылыми зерттеу – 
доцент Мүслима Құдайбергенқызы Жұбанованың (1926-2012) «Құдайберген 
Жұбанов ұлттық дидактика проблемалары хақында» (133) атты еңбегі.
Педагогика ғылымдарының кандидаты М.Жұбанова тілші-ғалымның 
дидактикалық тұжырымдарын қазіргі уақыт сұранысымен байланыстыра 
келіп, 
профессор 
Қ.Жұбановтың 
әдістемелік 
пікірлері 
мен 
лингводидактикалық ойларының құндылығын бүгінгі оқу жүйесімен 
сабақтастыра жан-жақты дәлелдеген. М.Жұбанованың еңбегі – ойшыл-
ғалымның педагогикалық мұрасын зерттеп-тануға бағыт-бағдар беретін, 
тілшінің лингводидактикалық көзқарастарын саралап көрсеткен, жаңашыл 


271 
пікірлерін талдап түсіндірген, ана тілін сапалы оқытуға игі әсер ететін өзіндік 
ізденістерін баяндап-бағалаған, ғалым мұрасының тың беттерін ашқан, 
педагогика іліміне үлес болып қосылатын еңбек. 
Автор 2012 жылы жарық көрген «Ұлттық тәрбие тағылымы» атты 
кітабында да ғалым еңбектеріндегі ұлттық тәрбие тарихын тануға жөн 
сілтейтін фактілер мен тұжырымдарға ғылыми-танымдық талдау жасайды. 
Мысалы, автор «Қ.Жұбановтың «Төңкеріс және қазақ халқының ұлт тілі» 
атты еңбегі қазақ қоғамының ұлттық тәрбиеден көздеген: 1) ұрпағына соғыс 
өнерін үйрету; 2) елі мен жерін бірігіп қорғау мақсатымен патриоттыққа 
тәрбиелеу; 3) адамгершілікке тәрбиелеу; 4) қоғам мүшелерін татулыққа 
тәрбиелеу; 5) қонақкәде, алтыбақан т.б. өнер сайыстарына үйрету сияқты 
мақсат-міндеттін ашып береді» дейді (134). Демек, Қ.Жұбановтың 
педагогикалық қызметінің, әдіскерлік дарынының тамыры ұлттық тәрбиеде 
жатқандығын аңғарамыз. 
«Қ.Жұбанов және қазақ тілі пәнін оқыту мәселелері» атты мақаласында 
К.Жаманбаева «Құдайберген Жұбановтың жалпы қазақ тіл білімі бойынша 
программа мен методика мәселелері бойынша зерттеулерінде келтірілген, 
бүгінде ұлт мектептерінің концепциясы мен пән концепциясы үшін маңызы 
бар» мынадай бағыттарға тоқталады: біріншіден, ғалым үнемі шын мәніндегі 
тіл табиғатын, болмысын танытуға көңіл бөледі; екіншіден, тіл 
категорияларын жаттанды оқытпай, тіл табиғатын, болмысын таныта 
оқытуға, категорияның сырын түсіндіруге көңіл бөледі; үшіншіден, білімнің 
бірізділігі, принциптілігі туралы тұжырымдайды; төртіншіден, білім жүйесін 
оқушылардың жас ерекшелігіне сай ұсына білген (135). 
«Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулығында балаларға тілдік 
құбылыстарды үйретуде профессор Қ.Жұбановтың өзіне тән ерекше әдісі 
байқалады. Ғалымның тілді (морфология мен синтаксисті) оқытудағы мұндай 
ерекшелігі туралы педагогика ғылымдарының кандидаты Мүслима 
Құдайбергенқызы 
Жұбанова 
былай 
деп 
ой 
толғайды: 
«Біздің 
топшылауымызша, автордың морфологияны оқытпастан бұрын баланы 
сөйлем жүйесінен хабардар етуі оның тағы да сол мағынаны түсінуіне 
қажетті білім беруге тиісті дайындық сатысынан өткізіп формализмнен 
сақтандыру мақсатынан туған тәрізді. Өйткені морфологиялық тұлғалар мен 
қатынастарды өз алдына бөлек түсіндіруге келмейді, олар негізінен сөйлем 
ішінде танылады ғой. Сондықтан автор бұл жерде де жасанды схемаға 
салмай, тілдің табиғи өз жүйесін сақтап оқытуды көздегені байқалады» (134, 
19). Алғашқы ғылыми оқулықтардың бірі саналатын бұл еңбекте негізінен 
тілдің табиғатын таныту көзделсе, екінші жағынан, балаға тілдік 
ерекшеліктерді екшеп үйрету міндеті де шынайы қойылған. 
Ұстаз-ғалым Қ.Жұбанов лингводидактиканың әдіснамалық негіздерін 
психология ілімімен тығыз байланыста қарастырады. Оның «
Сөйлем 
дегеніміз бұрын логика сөйлеміне, психология коммуникациясына тура 
келетін, сөзбен айтылған лебіз болатын (аяқталған ойды білдіретін 
сөздер)
», «
Бір сөздің өзін қандай көңілмен айтуымызға қарай, әртүрлі сөзбен 


272 
айта аламыз
», – деген ой-тұжырымдары тіл білімінің салалары мен жеке 
нысаналарын меңгеру үшін «адамның жанын қарайтын ғылымға» ден қою 
керектігіне назар аудартады. 
Оқу үрдісін оқушының танымы мен қабілетіне қарай ұйымдастыру 
жайына барынша мән беруі де әдіскердің 
педагогикалық психологияны
жетік 
білгеніне дәлел болады. Мысалы, тілші-педагог: «
Буын жүйесін жақсы 
білмей тұрып, ана тілі сабағын басқаруға болмайды.
..», «
Буынды жіктеу, 
оның формулаларын беру – бастауыш мектепке ауыр келетін жұмыс. 
Буынды жүйелі түрде топтастырып айыру бесінші жылда ғана мүмкін. 
Соның үшін әзірге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет