Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет37/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

пұс – пұзы, 
кес – кезеді
(
кеседі
)». Консонантизмнің күрделенуі негізгі фонемалардың ұяң 
аллофондарының фонологизациялануына және туыстас емес көршілес 
тілдерден келген кірме лексика, терминология жүйесінің дамуына қатысты 
болады. Қатаң дыбыстардың ұяңдау үдерісі – сөздің барлық позицияларында 
кездесетін құбылыс. Сөздің басында қатаң дыбыстардың айтылуы түркі 
тілдері тарихындағы өте ескі, ежелгі құбылыс және ұяң-қатаң дауыссыздар 
бір ғана 
 (р)
– архифонемасына ие болып, оның әр кезеңдегі көріністері 
болып саналған. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз ортасында, соңында айтылатын 
дауыссыз 
[j](й)
дыбысының тағы бір ізін көруге болады Ескі түркі тіліндегі 
[d](д) 
дыбысымен айтылған 
edguw, adyγ, idi
сөздері қазақ тілінде [ijgi], [ajuw], 
[ije] түрінде айтылып дыбысталады. 
Қазақ тілінің дыбыстары бірден фонологиялық статусын алмағаны 
белгілі, олар тілдің даму кезеңіне сәйкес өзгеріп, толығып, функциялары 
кеңейіп, фонемалар деңгейіне көтерілген. Дыбыстардың фонема деңгейінде 
жұмсалуы, яғни фонологизациялануы тілдің даму барысында конвергентті-
дивергентті құбылыстар арқылы жүзеге асады. Қазақ дыбыстарының дамуы 
тілдің жалғамалық (агглютинативтік) құрылысына және үндестік заңына 
негізделетіні белгілі жайт. Тілдегі жаңа фонемалардың пайда болуы адамның 
ойлау үдерісінің дамуы мен тілдің жаңа ұғымдармен және кірме 
лексикасының баюымен байланысты. Ғалымның пікірі бойынша, «
дыбыс 
өзгерістерін білу үшін бізбен тілдес елдердің дыбыс заңдарын білу қажет. 
Қазақша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет