102
қолданған, кейін қазақ тілін зерттеушілер де пайдаланған дәстүрлі сөз
таптастырудың ықпалы көрінеді. Қ.Жұбановтың осы жіктеуін кейіннен қазақ
тіліндегі сөздерді таптастыру принциптерін докторлық диссертациясының
бір бөлімінде арнайы қараған А.Ысқақов та
атауыш сөздер, көмекші сөздер,
одағай сөздер
деп ішінара өзгеріспен қолданады.
Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тіліндегі сөздерді таптастыруда
бірінші орынға мағыналық (семантикалық) принципті қоюы да бүгінгі күні
өзін ақтап отыр. Жоғарыда аталған үш принциптің әр тіл үшін шешушісі
түрліше болып келетініне сәйкес, қазақ тілі үшін семантикалық принциптің
маңызы ерекше екендігіне бүгінгі күні тіл білімінің жеткен жемісі
тұрғысынан қазір көз жеткізіп отырмыз. ... Морфологияның ең өзекті
мәселесі болып табылатын тілдегі сөздерді таптастыру принциптерін
айқындау секілді күрделі мәселеде өзіндік пікір айтып, соны жол салудың
сол кез үшін маңызы өте үлкен болуымен қатар, өзіндік қиындығы да бар
болатын. Осы маңызды міндетті профессор Қ.Жұбанов өзінің тума талант
дарыны мен терең білімі арқасында ойдағыдай атқарып шықты. Бүгінгі күні
қазақ тіл біліміндегі сөздерді таптастырудың орныққан үш принципі –
лексика-грамматикалық немесе семантикалық, морфологиялық, синтаксистік
принциптері кезінде Қ.Жұбановтың бұл мәселенің басын ашып беруінен
тікелей бастау алады. Сондықтан ғалымды қазақ тіл білімінде сөз таптастыру
принциптерін айқындау ісінде ғылыми негіз салушы деп тануымыз қажет»
(45, 131-134).
Проф. Қ.Жұбанов зат есім мен сын есімдердің әлі де болса толық
дараланып болмаған сөздер екендігін жақсы байқаған. «
Ескерту: Сөз
таптарының бір-бірінен енші алысып болғандары да, болмағандары да бар:
Достарыңызбен бөлісу: