Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет253/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

Ғ.Мұсабаев
Қ.
Жұбанов – полиглот
 
Шығыстану ғылымымен кімдер шұғылданбады. Сонау ерте кезден бері 
қарай талайларды қызықтырған бұл ғылым Құдайберген Қуанұлы 
Жұбановты да өзіне тартқан болатын. Сондықтан болар, Қ.Жұбанов қазақ 
тілін өзінің туыс тілдерімен (түркі тілдерімен) салыстыру жеткіліксіз деп 
білетін. Тіл ең көне құбылыс екенін ескере келіп, монғол, угро-фин 
тілдерімен салыстыра отырып, тұңғыс-манжур тілдерін місе тұтпай, жапон 
тілі иероглифін оқумен шұғылданған болатын. 


424 
Рас, жапон-түркі тілдері арасында алшақтық мол. Жапон тілі тұңғыс-
манжур тілі арқылы қытай-тибет тілдерімен ұштасатынын сезген Қ. Жұбанов 
жоғарыда аталған тілдер иероглифінің кілті – жапон тілі деп есептеп, жапон 
иероглифін игере бастаған-ды. 
Үнді-европалық тілдердің негізін көне юнаннан (гректен) іздейтін 
Құдайберген Қуанұлы герман тілдерінен неміс тілін жақсы білсе, роман 
тілдерінен француз тілін кейін игерген еді. Семит тілдерінен арабты, үнді 
тобынан парсы тілін жақсы біліп қана қоймай, классикалық Шығыс әдебиетін 
түркі халықтарының әдебиетіндей бойына сіңіріп, еңбектерінде сонысын 
талғап қолданғанын көреміз. 
Полиглоттыққа академик Н.Я.Маррды, компаративистікке академик 
Самойловичті, шығыстануға академик Алексеев пен Позднеевтерді ұстаз 
еткен профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов өз өмірінде көп еңбек етіп, 
қазақ тіл білімінің іргесін қалап, түркологияға үлес қосқан, шығыстану 
жөнінде құнды пікір айтқан тамаша ғалым еді. Сондықтан да ол тек тілші 
ғана емес, жалпы шығыстану саласында мол еңбек еткен ғалымдар сапында 
тұрмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет