Ұлы данышпанның ғылыми еңбектері туралы
Тіл-әдебиет ғылымдары
Музыка туралы
Математика туралы
Астрономия-астрология туралы
Жалпы жаратылыс ғылым-дары жөнінде
Философия жайында
Фараби мұраларын зерттеу мәселелері
1 жүргізуші: Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби
2жүргізуші: Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап, мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын..
1жүргізуші:Сондай-ақ, Астанада ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО аясында Әл-Фараби және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өткізіледі деп жоспарланып отыр. Оған отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары және тағы басқалар шақырылады.
Ұлы данышпанның ғылыми еңбектері туралы
Әбунәсір Фарабидің өзінен: - Сіз қандай ғылымдар саласында еңбек еттіңіз? - деп сұрай қалсақ, ол не дер еді? Біздің ойымызша ол былай дер еді: Менің айналыс-қаным бір-ақ түрлі ғылым, оның аты - «Табиғат пен адамзат» деп аталады. Оп-оңай, екі-ақ ауыз сөз. Бірақ осы екі сөздің шеңберінен тыс ғылым қайда, ондайды естіген жан бар ма? Олай болса Фараби қамтымаған ғылым мен өнер жоқ деуге болады.
Тіл-әдебиет ғылымдары
Фараби өз заманында мұсылман елдерінде сөйленетін тілдердің көбісін білген. Сонымен қатар ол ғылымда қолданылатын көршілес елдердің де тілін меңгергені мәлім. Мысалы араб, парсы, туркі, латын, грек тілдерін ол өте жақсы білген. Оның 70 түрлі тіл білемін дегені асырып айтпағандық болуы да мүмкін
Музыка туралы
Фараби өз заманында асқан музыкант, тамаша (виртуоз) орындаушы, композитор, музыкалық аспаптар жасайтын шебер, музыканың тарихын, теориясын, орындау әдістерін түгел білген адам. Оның өзі жасаған «Канун», «Қыпшақ» атты аспаптары болған.
Математика туралы
Фарабидің есеп ғылымдарына жеке арналған ірі еңбегі жоқ. Бірақ ол өзінің барлық ғылыми еңбектерінде ылғи математикалық әдістерді қолданып отырған. Фарабидің музыкалық ноталардағы дыбыс өлшемдері түгелдей математикалық принциппен құрылған.
Астрономия-астрология туралы
Астрономия ерте замандардан бастап-ақ барлық ғылымдардың атасы болып саналған. Өзінің еңбектерінде бүкіл ғылымдар саласын түгел қамтыған Фараби астрономия ғылымына көп көңіл бөлген. Ол өзінің заманындағы барлық астрономиялық және астрологиялық еңбектерді тегіс оқып шыққан.
Жалпы жаратылыс ғылымдары жөнінде
Фарабидің жаксы дәрігер болғаны белгілі. Оның медицина жөнінде арнайы жазған еңбектері бізге әлі белгісіз. Бірақ оның көптеген рисалаларында медицина ғылымы жөнінде пікірлер айтылып отырады.
Философия жайында
Араб мәдениетінің философиялық екі тарауы болған деп саналады. Оның бірі ертеден келе жатқан теологиялық-мистикалық, дүниеден безуші - аскеттік-дәруіштік ағым, екіншісі дүние кілтін табиғатты зерттеуші адам ақылынан іздейтін - ақли (рационалдық) ағым.
Фараби мұраларын зерттеу мәселелері
Фараби ғылыми еңбектерді көп жазған адам. Бірақ оның мұраларын сақтау ісінде көптеген кемшіліктер болған. Тіпті Фарабидің өзі еңбектерін жинап, тәртіпке келтіріп қоюға онша ұқыпты қарамаған тәрізді. Ол өзінің кейбір қағидаларын ойына келген жеріне бөлек қағаздарға жазып, кез келген шәкірттеріне бере салады екен. Кітап бастыруды білмеген кезде жазылған ондай еңбектердің талайы жоғалып кеткен. Фарабидің дүние жиып, бір жерге орнығып тұрмаған саяхатшылық өмірінің өзі де, оның ғылыми еңбектерінің жоғалып кетуіне көп себеп болған тәрізді.
1.Білік біліп - төрден орын аларсың,
2.Білік білсең - күшті, берік адамсың.
3.Біліксіз тіл, жүрек неге жарасын,
4.Жанды судай біліктен күш табасың.
5.Канша білсең, ізден тағы, тағы да,
6.Білікті адам жетер тілек, бағына.
Достарыңызбен бөлісу: |