«Ұлы жеңіс жасасын»



Дата03.05.2020
өлшемі18,31 Kb.
#65636
Байланысты:
ұлы жеңіс жасасын
№3

«Ұлы жеңіс жасасын»
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту.

Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.


Ән: Әнұран.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.
Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы. –

Балалар Отан - туған жер туралы тақпақтар.

А.Али. Отан үшін жанымызды береміз,

Отан үшін барлығына көнеміз.

Отаның да, ананың да алдында,

Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.

Ә.Інжу. Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен Отан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің сен Отан.


Міржахан. Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз.

Отан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.


Ән.Катюша.
Назима. Отан - сенің, ата - анаң,

Отан - досың бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.


Ернұр. Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқан, Ұлы Отан.

Елім менің - тірегім,

Құшағынды гүл атам.


Сайора. Асыр салған таласып,

Біз туған ел - баласы.

Қандай байтақ - Отаным,

Жан - жағына қарашы.


Нұрболсын. Отаным - кең көсілген,

Төсінде ырыс өсірген.

Қаптаған шал, алып дән,

Бәрі менің несібем.


Тәрбиеші:- Иә сұралып соғыс ешкімді аямады. Арылтып жаудан жеріңді,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді,

Десеңдер бұл қай күні.

Тоғызыншы мамыр күні! - Балалар жеңіс туралы кім тақпақ айтады.


Н.Мадина. Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,

Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.

Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.

Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.


Нұрасыл. Домбырада саусақтары жаралы,

Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.

Шаршағанда аңсағанда жас шағым,

Жеңіс деген сөзден ләззат алады.


Сарбаздар биі флешмоб.
Әділ. Ағайлардан, апайлардан, інімнен,

Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.

Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім,

Жазылғандай әжем белі бүгілген.


Қарақат. Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,

Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған.

Мен жеңістің көріп тұрмын алауын,

Жаңарладан алтын шуақ шашылған.


Әбдімәләк.Інжу:Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз,

Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.

Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған,

Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.


Р.Мадина,Ұлы Отан соғысына қатысқан;Бауыржан Момышұлы,Мәншүк Маметова,Әлия Молдағұлова,Мәлік Ғабдуллин,Талғат Бигелдинов т.б.....ол кісілерге құрметпен бас иеміз.Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған,ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз мент апаларымыздың рухына бас иіп,еске алайық.1 минут еске алу.(әуен ойнайды(
Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, өз жеріміздің, патриоттары болайық.
Сарбаздар әні.
Тәрбиеші: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды? Балалар: Солдаттар.Балалар шекара туралы кім білет тақпақ.
Нұрдәулет. Шекарада солдат тұр,

Ел бақытын қорғап тұр.

Көңілденсін ағалар,

Амандық хат жолдап тұр.


Катюша биі.

Мұхаммет: Соғыс жалмап аға - іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Тәрбиеші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.

Тәрбиеші: Батырлар туралы тақпақтарды кім біледі?

Абдурахим: Әлияны бұл күнде Барлық бала біледі

Әлия атты көңілде Әпкеміз деп жүреді.

Аты аңыз, жыр қылып,

Елдің батыр түлегі.

Әр жүректе тұр күліп, Әлия атты батыр қыз.

Ердәулет: Мәншүк апай батыр қыз Ардақтаймыз атын біз!

Ұқсап Мәншүк апайға Өсіп келе жатырмыз!

Ділзада: Қайтпаған жауыннан Қаһарман

Бауыржан Қан ішер фашисті

Қырды ол мыңдаған.

Ерлігі әрқашан Есімде сақталады Ұрпағы ұмытпайды. Өмірінен үлгі алады. - Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.

Севинч.Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбйлер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Солдаттар биі,жігіттер.

Нұрбақыт: Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді әке боп Елдегі көп балаға.

Ұлболсын: Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік Жеңіс келді алақай,

Ұмытылмас мәңгілік..

Тәрбиеші:. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз.Бүгінгі біздң ҰЛЫ ЖЕҢІС ЖАСАСЫН атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет