Ұлы Жібек жолы мен сол арқылы дамыған қалалар
Бізге белгілі, Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шыңыстың арасындағы мәдени,экономикалық көпір екені.Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қытайлар жібек, шай, түркілер-аң терілері мен жылқы,қой,малдар,Орта Азия-керамика мен кепкен жемістер, Ираннның-күміс алтындары,Византинаның таңдаулы маталары,италияның-сәнді шынылары, тіпті экзотикалық жануарлар үлкен табыс әкелген. Мысалы, қытайда оқ дәрі бірінші пайда болған.Осы сауда арқылы Еуропаға жетіп, қару-жарақ шығарып пайдасына асырған. Айтпақшы,бастапқыда саудагерлер айырбастау арқылы сауда жасаған.КЕйіннен алтын, күміс теңгелермен сатып алу қалыптасты. Соншалықты киллометрді артқа тастап жүрген сауда жолы арқылы қалалар мен сауда орталықтары пайда болып, мәдени дәстүрлер,діни сенімдер,техникалық және шаруашылық салаларының дамуына септігін тигізді десек артық емес. Ұлы жібек жолы арқылы сауда ғана емес, көңіл-күйді көтерген тамаша саяхат болған.Себебі, сол жол арқылы әр елдің менмін деген әншілері,күйшілері,бишілері, жыршылары да қоса жүріп халық назарын аударып, елдің ықыласын бөленген. Ұл Жібек жолы дегенде жасампаздық, достық пен сыйластық үғымын қатар қолдану керек.Себебі тарихи, мәдени бұл жол-келісім мен түсіністік арқылы құрылған. Сол заманда бір елде соғыс, тартыстар болса ол жерлерді Жібек жолы айналып откен, сондықтан да дауласқан, соғыстан көз ашпайтын елдер дамымай қалған. Қызу сауда саттық пен қатынас жолы ғасырлар бойы үзілмеді. Хммм... «жібек матасы» жайлы сөз қозғамай кетсем Ұлы жібек жолына саяяхатымыз қызықсыз болып қалар.Негізі бұл жібек матаны ең алғаш қытай ханшайымы Си Ли Чи жібек құрттың жібін тарқатып, қолданған болатын .Одан дами келе қытайлар өз араларында өндіріп саудаға жібек матаны шығарды.Ол сол ғасырлардағы әлемдік валютасына арналған бағалы зат болды.Қымбаты мен көркемділерін байлар мен патшаларға сатып, жалдамалы әскерлерге төлем жасап отырған.
Сауда бойындағы дамыған Қазақ жеріндегі көне қалалар мен кесенелер. Ұлы жібек жолы сәулет өнерін де өзімен алып жүруді ұмыт қалдырмаған. Еліміз бойынша ең көп тарихи нысан енген аймақ Оңтүстік өңірі болған.Себебі 1200 шақырым сауда керуенінің бір бағыты Оңтүстік аумағы арқылы өткен.Өңірде Қожа Ахмед Яссауи, Арыстан баб, Ұлы жібек бойында орналасқан Сауран,Тараз, Түркістан,Отарар,Суяб,Шымкент Сайрам т.б елеулі жідігерлер орналасқан. Сауран қаласының орны мен қалдықтары әлі күнге дейін адамдарды таңқалдырып келеді.Бір қызығы онда қаланған қамалдар сүт қосылып иленген топырақтан жасалған. Көне Сайрам қаласында да кесенелер бар.Испиджаб қаласы Қазақ өңірінің Ұлы жібек жолындағы бастапқы нүктесі болды.Ал Сырдария бойындағы орталығы болған Отырар қаласы.Отырар сауда арқылы өсті, себебі егіншілік пен бақша өсірумен айналысқан. Отырар Моңғол шапқыншылығынан кейін қайта жанданып, экономикалық сауда орталығына айналды.Және сол жерде Ұлы жібектен келген керамика, қол өнер, қыш, темір балқыту дамығандығын зерттеулерде көрсетілген. Қараспан төбе.Арыс өзенінің сол жағалауында орналасқан аймақ болған. Архелогиялық әдебиеттерде бұл қала орнынан 1893 жылы 5000-нан астап күміс жіне мыс тиын теңгелер табылғандығы айтылған.Бұл мәлімет те сауда орны болғандығын айқындайды. Қараспан төбеге жақын маңда Қарауылтөбе обасы орналасқан.Ол топырақ үйінділерінен орналасқандықтан Сақ пирамидасы деп атаған. Қарауыл төбеден 19 ғасырда Отырар,Шаш,Тараз Алмалық қалараында жасалған 14-15 ғасырға тән 1850 дана күміс жіне мыс теңгелер табылған. Түркістанда түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб, бабтардың бабы Арыстан баб Отырар, Яссы жерінде сопы болған.Оның Қожа Ахмед Яссауидің ұстаз ретінде таниды.Арыстан баб көз жұмарының алдында Қожа Ахмед Яссауиға құрманың сүйегін аманат ретінде қалдырған.Сондықтан Яссауи кесенесіне барған адамдар Арыстан баб кесенесіне де барып құран бағыштаған. Қожа Ахмед Яссауи дүниеден озған соң 230 жылдан кейін Әмір темірдің нұсқауымен қабірінің үстінен кесене салдырды. 30-дан астам бөлмелері бар бұл кесененің жәдігері- Тақазан. Қожа Ахмед Яссауи ислам дінін уағыздаушы болған.Бұлкесене орналасқан аймақ Түркістан қаласы «Екінші Мекке» аталып кеткен.
Біздің территориямызда ондаған этностар мен ұлттар өмір сүріп келеді.Ұлы Жібек жолында нәсілі,діні,ұлты бөлек адамдар араласып жүрген.Бірін-бірі жақсы түсінген.Олардың біразы осы қазақ жерінде қалған.
Пайдаланған әдебиеттер: Youtube: Жібек жолы бойындағы қалалар. Ұлы жібек жолы
Достарыңызбен бөлісу: |