Василий Алексеевич Перовский– Орынбор губерниясының әскери губернаторы (1833 – 42 және 1851 – 57), 1812 жылы Отан соғысына және 1828 – 29 жылдары орыс-түрік соғыстарына қатысқан. Перовский – патша өкіметінің шығыстағы отарлау саясатын дәйекті жүргізушілердің бірі.
Василий Алексеевич Перовский– Орынбор губерниясының әскери губернаторы (1833 – 42 және 1851 – 57), 1812 жылы Отан соғысына және 1828 – 29 жылдары орыс-түрік соғыстарына қатысқан. Перовский – патша өкіметінің шығыстағы отарлау саясатын дәйекті жүргізушілердің бірі.
Орынбор губернаторы болып тұрған кезде оған Орта Азия хандықтарымен, Иранмен және Ауғанстанмен сыртқы саясат мәселесін өз бетінше шешуге құқық берілді. 1835 жылы Перовскийдің нұсқауымен жаңа шептер белгіленіп, бекіністер салынды. Жаңа шептерге Орынбор казактары қоныстандырылып, қазақтар жайылымдық жерлерінен қуылды. Перовскийдің басшылығымен Жоламан Тіленшин, Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс басып жаншылды. 1839 – 40 жылдары Перовский патша әскерлерінің Хиуаға жорығын, 1853 жылы Ақмешітке жасаған жорығын басқарды. Перовский Кенесары Қасымұлымен жақсы қарым-қатынаста болған. Кенесарыға полковник шенін бергізген.
Перовскийдің Ақмешітті алуына Сырдария қазақтары үлкен көмек көрсетті. Оның бұйрығымен кедей қазақтарға көмек ретінде ұн мен көктемгі егістікке тұқым берілді. Қазақтарға арнап емделетін лазарет ашқызып, оны керекті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп отырды. Өзін прогресшіл етіп көрсету мақсатында маңайына өнер және әдебиет қайраткерлерін топтастырды. Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы оған арнап, «Перовск маршын» шығарды.
Ақмешіт (Қызылорда қаласы) 1853 – 67 жылдары Перовскийдің атымен Перовск форты, 1867 – 1922 жылдары Перовск қаласы аталды.
РЕСЕЙДІҢ ОРТА АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ АУМАҒЫНДА СОҒЫС ҚИМЫЛДАРЫН ОДАН ӘРІ ЖАЛҒАСТЫРУЫ
РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫ ОТАР ЕТІП БАСЫП АЛУЫНЫҢ САЛДАРЛАРЫ