Байланысты: Отан қорғау жолындағы қазақ батырлардың ерліктері
бітірген.1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150- Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты.Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30- сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.1947 – 67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор,1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, 1- дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды. [2]Рақымжан Қошқарбаев кешесіндегі С. Ғылмани атындағы