Ұлы Отан соғысы. Батыс шекара. Жат мекен. Қып-қызыл қанды соғыс. Қазақ әйелі



Дата30.06.2020
өлшемі44,33 Kb.

Ұлы Отан соғысы. Батыс шекара. Жат мекен. Қып-қызыл қанды соғыс. Қазақ әйелі.

«Жылқы кісінейді.Қара дауылда дүрліге шапқан қалың жылқының кісінеген дауысы келеді құлағыма. " деп басталатын бұл роман - Қазақ көркем прозасының майталман шебері Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» атты туындысы.

Романдағы, оқиға , басты кейіпкер- Нәзираның баяндауымен жазылған. Нәзира - шығыс жақтың қарапайым, аңғал қызы. Анасынан ерте айрылған Нәзира әжесі Қамқаның қолында тәрбиеленіп, жеңгесі Дариғаға еркелеп, бойжеткен. Күндердің күнінде ауылға батыс шекарада қызмет атқаратын Кеңес офицері Қасымбек демалысқа келіп, Нәзира екеуі бірін-бірі ұнатып сөз байласады. Айлар өте үлкендердің батасын алады. Нәзира Қамқа әжесі мен Дариға жеңгесін қимай қоштасады. Алаңсыз, еркелеп өскен жерін қимай екі жас қол ұстасып шығыстан батысқа қарай жол тартады.

Нәзира Қасымбеккке қосылып , жат елде жүргенде – кенеттен сұрапыл соғыс басталып кетеді. Соғыс басталғанда эвакуацияға ұшыраған әйел, бала-шағаның қатарында жүкті Нәзира да бар еді. Нәзира қасындағы командирлердің орыс әйелдерімен жан сауғалап, поездға отырады. Ұзаққа бармай поездың үстінен зулаған бомбалар қарша жауа бастап, бәрі вагоннан дүрліге шығып, жан-жаққа қаша бастайды.. Оқ тиіп, құлап жатқан аналарын «Вставай мама, мамуля» деп шырқырап жылап жатқан балаларды көрді. Баласынан айырылған аналарды көрді. Бір сәтке құрсағындағы баланы ұмытып та кетті... Алайда, бүйірі бүлк еткенде есін жинап қаша жөнелген.

Міне, осы күннен бастап Нәзира қай жаққа бет бұрса да алдыннан сұм соғыстың қасіреті кездесе берді. Сонымен бірге небір қорлық пен зорлыққа, сатқындық пен озбырлыққа куә болды. Тіпті ажалмен бетпе бет келген кезі де болды.

Жүкті кезінде қамқорлық көрсеткен Дуня апайын Қамқа әжесіне ұқсатып жақсы көріп кеткен еді. Бірақ немістерден немерсін қорғаймын деп кеудесін оққа тосып ол да көз алдында бақилық болады. Батыс жаққа келгелі Дариға жеңгесіндей сырлас болған Светасы немістерден зорлық көріп, бойын ызы, кек кернеп жүріп өмірге қыз баланы әкеліп , ол да өмірден өтеді. Светаның қызын жатсынбай Назира бауырына басып, қанатының астынна алады.

Романның, шарықтау шегінде , кезіндегі аңғал да ерке Нәзира қазақ әйеліне тән қайсарлық пен табандылық танытады.

Егер Нәзира Қасымбекпен кездесе алды ма? Қасымбектің ұрпағын аман-есен өмірге әкеле алды ма? Нәзираның тағдырында Абанның алар орны қандай? Нәзира еліне аман орала алды ма? Сұрақтарға жауап алғыңыз келсе романды оқуға кеңес беремін.

Роман



Өмір үшін күрескен



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет