«Ұлы Тұран идеясының Қазақстан үшін маңызы»



Дата19.01.2022
өлшемі16,58 Kb.
#129495
Байланысты:
JIHC Темірова Аружан Ұлы Тұран идеясы


«Ұлы Тұран идеясының Қазақстан үшін маңызы»

Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып өскен...,-деп жырлапты Мағжан атамыз. Тұран дегеніміз – Түркістан. Түркі халықтарының ежелгі құт-мекені ТҰРАН деп аталған. Араб халифатының әскери қолбасшысы Кутайба ибн Мүсілімнің басқыншылығымен Тұран өлкесі талан-таражға түсіп, халқы қырылып-жойылған. Осы соғыстан кейін Тұран атауы жойылып, тарихтан өшкен екен. Түркістан идеясын Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласымен шатастырмайық. Түркістан дегенімізді түркі халықтарының өкілдері немесе тұран перзенттері деп ұғыңыз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, «Түркістан ұқтырар басты тағылым – ел болу, бір болу. Барды бағалай, жақсыны жаңалай білу. Дәстүрге мұқияттылықта да, жаңалыққа құштарлыққа да биік парасат пен табандылық таныта алу. Еңсеңді елдігіңмен көтеріп, берекеңді бірлігіңмен келтіру. Іріткі салар алауыздықты аластап, ұйытқылы жарастықты ұлықтау»,-деп, Әбіш Кекілбай атамыз айтып кеткен екен. Ендігі тұран перзенттерінің парызы – бабалар салған жолды жалғап, Ұлы Түркістан бірлігін нығайту! Түркия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркіменстан мен Әзербайжан түркі мемлекеттері бірігіп, экономика, мәдениет, гуманитарлық, саяси, қауіпсіздік салаларына күшейтіп, үлкен бір мемлекет болу Ұлы Тұран идеясы болып саналады және де Алаш қайраткерлері жер бетіндегі тұтас түркі халықтарының бірігіп, ынтымағы жарасып, тату-тәтті бейбіт ғұмыр кешуін қалаған. Және қазіргі ұрпақ сол ойды жүзеге асырады деген сенімдемін. Халық ішінде айтылған әңгімелерден, негізгі ойымнан осы идея жайлы тұжырымдамалар айтып кетсем: 1. Ұлы Тұран шеңберінде түркі халықтарының интеграциясын жүзеге асыруға болады. Барлық түріктерді бір мемлекетке біріктіру идеясы утопиялық деп қарастырылғанымен, яғни орындалмайтын арман секілді, түркі мемлекеттері мүлдем бірікпеу керек деп айта алмаймыз. Әр түрлі салаларда олардың интеграциялануы – обьективті үрдіс және ол жолға қойылған. Интеграция арқылы көп мәселелерді шешіп, туысқандық ынтымақтасты бекітуіміз қажет. 2. Орталық Азия аймағында тұрақтылық пен бейбітшілік орнап, негізі бола алады. Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзербайжан түркі республикалары болып табылады. Араларындағы Ұлы Тұран шеңберінде рухани-мәдени бірігуді жүзеге асыруы керек. Ал қоғамдағы адамдардың рухани-имандылық дамуын қамтамасыз ету – орнықты дамудың негізгі кепілі. 3. Түркі ынтымақтастығы,идеясы саяси сипат алса Иран, Ресей, Қытай тәрізді бірқатар елдерде өмір сүретін бауырлас түрік халықтардың тәуелсіздік алуға ұмтылысы күшеюі мүмкін. Бір ғана Иранның өзінде түркітілдес қауымның жан саны 30 миллионнан асады.. Түркі халықтарының тәуелсіздігі қозғалады, қаншама елдерде түркі қандастырымыз тәуелсіздігін ала алмай жүр. Ежелгі түркі халықтарының жеке ұлттарға бөлінуінің бүгінгі көрінісі- бес тәуелсіз мемлекет және тәуелсіздігін ала алмай жүрген, басқа елдердің қол астында өмір сүріп жатқан, тәуелсіздігі жоқ ондағанмың түркі ұлттары. Ресей Федерация құрамындағы якуттар, балқарлар, чуваштар, ноғайлар, т.б Идея қолға алынса, бұл мәселе қозғалып, қолға алынатыны айдан анық. Енді эссеміздің нағыз тақырыбына көшсек Ұлы Тұран идеясының Қазақстан үшін маңызы. Әрине Қазақстан мемлекетіне бұл идеяның айтарлықтай қатысы бар, себебі Түркі мемлекеттері қатарына қосылатындығымыздықтан, қанымызда ежелгі түркі ата-бабаларымыздың қаны болғандықтан. Тұран идеясының қарқындап дамуы, күш алуы, әлсіреуі, бәсеңдеуі бәрі де біздің Отанымызды да алаңдатады, уайымдатады. Көп ұлтты мемлекет ретінде түркі халықтарының Ұлы Тұран шеңберінде интеграциялануы Қазақстанның ішкі тұрақтылығының, ел тышынтығының кепілі болып та табылады. Түркі мемлеркеттерінің Қазақстан мен достығы өте жақсы, бірлігімізде күшті, осындай достықпен біріккен уақытта әлемдік деңгейдегі дәрежеге бір-бірін қолпаштап жете алады деп ойлаймын. Қонақжайлығымыз, туризм, көп бағыттарымыз дамыйды деп ойлаймын. ХХІ ғасыр – жаңа технологиялардың дәуірі. Бүкіл жер шарында жаһандану үдерісі жүріп жатқанда, түркі халықтарының ұлттық дәстүрі мен мәдениетін сақтап қалатын жалғыз ем бар, ол – ұрпақтар сабақтастығы, ынтымақтастық. Осындай алмағайып заманда түркі халықтары бір-біріне демеу болып, ағайын-туысын қолдап, қорғап жатса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет