Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің бірі — либерализм. Либерализм (латынша - liberalis - «еркін») — ең жоғарғы құндылык әрі басымдык ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либералды құндылықты ұстанушы, еркін ойлаушы адамды либерал дейді. Либерал қоғамның барлық салаларында жеке тұлғанын еркін атайды. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді.
Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, А. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвил, Дж. Милль. Либерализм феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде ХVI ғ. ортасында пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы білдірді. Кейіннен ағылшын және француз ағартушылары әлеуметтік-философиялық, құқынлықты-дүниетанымдық, құқықтық және экономикалық либералдық идеяларды жасап, негіздеді. XIX ғ. ортасынды либерализм ғаламдық идеологияға айналып, бүкіл әлемде ықпалы артты.
Бүгінгі танда либерализм — ең кең дамыған идеологиялардың бірі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін уакыт өте келе, оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің идеалы қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оныңң казына байлығына енді. Либералдық идеологияның негізгі принципі - адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы. Олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Либерализмге сәйкес, мемлекеттік құқық адам құқын қорғауда тұлға басымдығына назар аударады, ол мемлекеттен тәуелсіз әрі заңмен жасалмайды, жоққа да шығарылмайды.
"Құқық - шын мәнінде - тепе-тең еркіндік принципінен шығатын қорытынды мәні" (Г. Спенсер). Туа бітті адамға кері қайтарылмайтын, ешкім тартып ала алмайтын табиғи құқық - өмір сүруге, бостандыққа және бақытқа ұмтылуға беріледі. Мемлекет жекеменшік құқын, этникалық құқықтарды, дінге еріктілік құқын қорғауға міндетті. Маңызды саяси мәнге ие азаматтық құқықтар: сайлау құқы, сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, бірлесу және жиналу бостандығы, шеруге шығу еріктілігі. XX ғ. әлеуметтік қауіпсіздік құқы бекітілді: білім алу құқы, еңбек ету және оған лайықты жалақы алу құқы, жеке өмірдің қол сұғудан қорғалуы құқы және т.б.
Либерализм және социализм - өзара байланысты ұғымдар. Бұл мәселені орыс философ В. М. Межуев жан-жақты зерттеген. Либералды идеология (адам еркіндігі) алғышарттары мен оның жүзеге асырылуының әлеуметтік нәтижелері (адамдар теңсіздігі) арасында ішкі қарама-қайшылық бар. Ол бойынша еркіндік адамды теңдікке емес, теңсіздікке жетелейді, онда бәрі еркін, бірақ біргбіріне тең емес. Осыдан келіп либрализмге социалистік оппозиция қалыптасты. Осылайша, бүгінгі күнге дейін либерализм тендікке зияны тиетін еркіндікті қолдайды, ал социализм - еркіндік есебінен тендікке ұмтылады деп түсіну қалыптасқан. Бұл тығырықтан шығу жолын либералистер де, социалистер де іздестіруде.
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің - әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмейді. Сондықтан либерализмге өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген атау алды.
Неолиберализм(ағылш.neoliberalism) - XX ғасырдың 70-ші жылдары пайда болып, 80-90-шы жылдары шырқау шегіне жеткен саяси экономика мен философияның бағыты.
Неолиберализм экономиканы мемлекеттік реттеуді мойындамайды, еркін нарық пен шексіз бәсекелестікті экономикалық даму негізіндегі әлеуметтік әділеттікке жету мен дамуды қамтамасыз етудің негізгі құралдары ретінде қарастырады.
Неолиберализм XX ғасыр ортасында бірлесу үрдісін, әлеуметтік әріптестік және қорғау, бәсекелестіктің мемлекеттік реттеумен сәйкес келуін күшейтуді ойластыратын либералдық идеялардың әзгеріске ұшырауына оппозиция ретінде пайда болды.
Неолиберализм саясаты әдетте бюджеттік үнемдеуді, мемлекеттік реттеуді, еркін сауданы, жекешелендіруді және мемлекеттік шығындардың қысқаруын қолдайды.
Неолиберализм көбіне Маргарет Тэтчердің басшылығымен – 1979-1990 жылдар аралығында Ұлыбританияның премьер-министрі және 1975 жылдан 1990 жылға дейінгі консервативті партияның жетекшісі – және Рональд Рейганмен, АҚШ-тың 40-президенті (1981 – 1989 жж.) байланысты.
Неолиберализмге көптеген сындар бар, оның ішінде демократияға, жұмысшылардың құқықтарына және егемен елдердің өзін-өзі анықтау құқығына қауіп төндіру тенденциясы бар.
Неолиберализм-(Томас Грин, Леонард Хобхаус, Теодор Рузвельт, Фридрих Хайек) басты назарды қоғамдық өмірдегі мемлекеттің рөлін күшейту, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу, мұқтаж адамдарға көмектесу, әлеуметтік қамсыздандыру үшін «әлеуметтік мемлекет» деп аталатын жаңа саяси құрылымды құру, «плюралистік демократияны» құру арқылы қоғамдық келісімге кол жеткізу мәселелеріне аударды. Атап айтқанда, Фридрих Август Хайек (1899-1994) экономикалық бостандықтың жойылуымен өркениет құлдырайды деген тұжырым жасады. Ол нарыққа, бәсекелестікке, кәсіпкерлікке, ғылым мен техникаға, жаңа технологияларға үлкен мән берді және экономиканы орталықтандырылған басқару материалдық молшылыққа әкелмейді деп санайды. Неолибералистер жеке адамның бостандығы мен толық дамуын қолдады, сонымен бірге мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік салаларға белсенді араласуын жақтады.