Өмірдің бес өлшемін жеке-жеке қарастырып көрейік. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ Мінез-құлық «Жеңдім/жеңдім» қағидасының іргетасы болып табылады. Қалған барлығы осының негізінде тұрғызылады. «Жеңдім/жеңдім» парадигмаса мінез-құлықтың үш қасиеті керек.
Бүтіндік. Егер біз өзімізге құндылықтарымызды анық елестете алып, бұл құндылықтар негізінде өз әрекеттерімізді белсенді түрде ұйымдастыра алсақ, онда өзіндік сананы және тәуелсіз жігерді жетілдіре аламыз, соған қоса өз уәдемізді беріп, міндеттерімізді орындай аламыз.
Жетілу. Жетілу – ержүректілік пен сақтық теңгерімі. Егер адам өз сезім және нанымын ерше көрсете алса, бір уақытта әңгімелесушісінің сезіміне және нанымына сақтықпен қарай алса, ол адам – жетілген.
Жеткіліктілік ділі. Жеткіліктілік ділі өзіндік адамгершілікті және өзіне-өзі сенімділікті сезінуден шығады. Әлемде барлығына барлық нәрсе жетеді деген парадигма. Оның нәтижесі абырой, мойындау, пайда, шешім қабылдаудағы құқықпен бөлісу қабілеті. Шығармашылық үшін жаңа нұсқалар, альтернатива, мүмкіндіктер ашылады.