313
Сондықтан да музыка, бір тараптан, қоғаммен мәдени және эстетикалық
үлгілер арқылы байланысса, екінші тараптан, медиа өнімдері арқылы
тығыз қарым-қатынасқа жол ашады. Сондықтан да қоғамның әрбір
сатысында қалыптасып және әрбір сатысында қабылданған музыка
қоғам өмір сүріп отырған кезеңнің саналық құрылымынан эстетикасына
дейінгі, наным-сенімінен өмір сүріп отырған территорияға дейінгі
түсініктердің барлығын қамтып, сол жөнінде хабардар етеді. Қоғамның
өзекті
мәселелерінен бастап, тіршілі ктегі күресіне дейінгі барлық
саланы сөз бен мелодия арқылы сипаттау қасиетіне ие музыка қоғамның
әлеуметтік-психологиялық жағдайы туралы да дерек береді.
Мифтік хикаяттардан бастау алатын өнер саласы космос пен хаосты,
өмір мен өлімді, бар мен жоқты өзіне тән тіл арқылы интерпретациялап,
тергеп, жауап іздейтін тіршілік биографы іспетті. Осынау биографиялық
құрылым ішінде адам баласы мен оның қоғамының өмірі мен өлімін,
тіршілікте қалу күресін суреттейтін саламатты өмір мәселесі маңызды
орынға ие. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ)
Жарғысында
аталып өткендей, саламатты өмір дегеніміз – ауру мен тән дефектісінің
болмауы ғана емес, сонымен қатар тән, сана (
ментал
) және әлеуметтік
тұрғыдан да бақуат болу халі (WHO).
Бүкіл әлемді дүрбелеңге салған, 2 миллионға жуық адамның өліміне
себеп болған коронавирус эпидемиясының жаңа түрі COVID-19 әлемнің
барлық еліндегі денсаулық сақтау жүйесінің күйін дәл көрсетіп,
кемшіліктерді тайға таңба басқандай нақтылап берді. Әлем
елдерінің басым
бөлігі эпидемия салдарымен күресуге дайын болмады; ауруханалардағы
төсек-орынның, медициналық жабдықтардың жетіспеуі, реанимация
бөлімшелерінің науқастарға лық толуы денсаулық сақтау жүйесін әбден
тұралатты. Бұл кезеңнің ең қиын салдары – адамзат баласының осы ауыр
күндерінің ең негізгі ерекшелігі – «белгісіздіктің» белең алуы еді. Бұл
белгісіздік күйі бұрыннан бар, бірақ шетін қалып, ескерілмей келе жатқан
қақтығыстар мен проблемаларды су бетіне қалқытып шығарды.
Бұл проблемалардың біріншісінің, жұмсартып айтар болсақ,
әлеуметтік теңсіздікпен байланысы бар. Яғни «кімнің өмір сүру құқы кімге
қарағанда маңызды» деген сұраққа барып тірелген әлеуметтік теңсіздік
мәселесі. Бұл теңсіздік «кімнің өмір сүру сапасының жалғасуы кімнің
өмір сүру құқынан маңызды» екенін де көрсетті (Çoker, 2020: 18). Екінші
проблема – пандемия кезінде де бұрынғысынан асқынбаса, кемімеген
жемқорлық. Пандемия арқылы еліміздегі жемқорлықтың әлеуметтік
саулықты қаншалық құлдырататынын да білдік. Үшінші проблема – қоғам
мүшелерінің денсаулық сақтау мекемелерінің берген директиваларын:
үйде болу, қол жуу және әлеуметтік қашықтық сақтау сынды режімдерін
ескермей, немқұрайды қарап, өзінің және өзгенің денсаулығына қауіп
төндіруге бейім болуы. Барлық ел үкіметі азаматтарын үйде отырғызуға
шаралар
қабылдап жатты, алайда қоғам мәдениетінен туындайтын
кейбір ерекшеліктер COVID-19-дың кең тарауына себеп болды. Еліміздегі
жағдайды алып қарар болсақ, мәдениетіміздегі той тойлау мен өлім-
жітімге көңіл айту салтының оқшаулану міндеттерінен гөрі әлдеқайда
маңызды екенін көрсетті.
Бұл зерттеуде COVID-19 эпидемиясы әсерінен туған және еліміздің
тұрғындары сезінген кейбір эмоцияларды сипаттаған музыкалық
шығармалар қарастырылады. Пандемия кезеңінде көпшіліктің басын
қосатын концерттер мен фестивальдерге тыйым салынып, әлеуметтік
медиа платформалар музыкалық іс-шаралардың негізгі кеңістігіне
314
айналды. Кәсіби және әуесқой
музыканттар жаңа шығармалар, жаңа
мәтіндер жазды, ал кейде ескі мелодияларға жаңа мәтін жазылып, халық
арасына тарап жатты. Кейбір ескі музыкалық шығармалар көпшілік
арасында қайта жаңғырып, танымал әуендерге айналды. Youtube арқылы,
әртүрлі әлеуметтік медиа тораптар арқылы онлайн концерттер берілді.
Ал батыс елдерінде локдаун кезеңінде бастау алған балкон концерттері
Қазақстанда да болып жатты.
Бұл жағдай COVID-19 пандемиясы кезеңінде музыканың қоғамдағы
негізгі коммуникация түрінің бірі болғанын көрсетеді. Бұл зерттеуімізде
Джулиан Шаап, Фемке Вандерберг, Михаел Бергхманның (Schaap,
Vandenberg & Berghman, 2020) Covid-19 және Нидерланд музыкасы
жөнінде жазған зерттеулеріндегі әдісті пайдаланамыз, яғни
музыканы
жай ғана эстетикалық тәжірибесі тұрғысынан емес, сонымен қатар
әлеуметтік тәжірибе болуы тұрғысынан қолға алу. Басқаша айтсақ, ұжым
болып апатқа ұшыраған сәтте музыка қандай әлеуметтік рөл атқарды
деген басты сұраққа жауап іздейміз. Сонымен қатар «Қазақстанда
пандемия кезеңінде музыканың рөлі қандай болды?», «Бұдан бұрын атап
өткен қоғамдағы реакция музыкаға қалай әсер етті?», «Музыка не туралы
баяндады?», «Музыка мен саяси билік қатынастары қандай дәрежеде
болды?», «Музыка индустриясына Қазақстандағы пандемия жағдайы
қалай әсер етті?» деген сұрақтарға да жауап іздеуге тырысамыз.
Алдымен, COVID-19 пандемиясының Қазақстандағы музыка
индустриясына әсері туралы айтып өтеміз.
Достарыңызбен бөлісу: