22
мен мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі парақшалары 18–
29 және 56–65 жастағылар арасында аса танымал емес.
Жалпы, жастар, 18–29 жас аралығындағылар мемлекеттік органдардың
сайттарын, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі
парақшаларын көп қарамайды және теледидарды көп көрмейді. Егде
жастағы азаматтар болса, интернет порталдары мен мемлекеттік
органдардың сайттарын көп пайдаланбайды.
Бұған қоса, ақпараттық арналарды ыңғайлы көру-көрмеу
респонденттердің қызмет саласына да байланысты. Мәселен, мемлекеттік
органдардың сайттарын, негізінен, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік
сала жұмысшылары ыңғайлы көреді, берген бағалары: 5 және 4, үлесі 30%-
дан астам. Айта кетер жайт, интернет порталдарына келгенде, барлық
қызмет саласындағы респонденттердің 40%-ынан астамының берген
бағасы 5 балл болған.
Мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларына
ауыл шаруашылығы жұмысшылары, мемлекеттік қызметкерлер,
жекеменшік компаниялардың қызметкерлері мен БАҚ өкілдері көп кіреді,
ал жұмыссыздар оларды ақпарат алудың ыңғайлы жолы деп санамайды,
осы категорияда мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі
парақшаларына қатысты сұраққа жауап бермеген респонденттер
көп болған. Билік органдарының бірінші басшыларының блогтарына
жүгінгенді ауыл шаруашылығы жұмысшылары мен жұмыссыздар
ыңғайлы санайды, ал қызмет көрсету саласы жұмысшылары мен үй
шаруасындағы әйелдер үшін олар ыңғайсыз.
Сауда және қызмет көрсету саласында, ауыл шаруашылығында жұмыс
істейтіндер, студенттер мен оқушылар газет-журналдарды ақпарат
таратудың ыңғайлы жолы деп танымайды.
Ауру-сырқау жөнінде дер кезінде ақпарат жариялау деңгейін бағалауда
Viber, Skype, Microsoft Teams, YouTube, Telegram сияқты ақпарат тарату
арналарының көрсеткіші 30%-дан асқан. Ал Email Instagram арналары,
WhatsApp, ұялы телефондар, Zoom, E-gov.kz арналарының көрсеткіші 40-
41% аралығында. Алдын алу шаралары туралы дереу ақпарат жариялау
мен Viber, Skype, Zoom, Email, Microsoft Teams, YouTube, Telegram арналары
арасындағы корреляция деңгейі 30%-дан асады. Ал E-gov.kz, Instagram,
ұялы телефондар, WhatsApp арналарында бұл көрсеткіш 41–43%. Қауіп-
қатер туралы дереу ақпарат тарату мен Viber, Skype, Microsoft Teams,
YouTube, Telegram арналары арасындағы корреляция коэффициенттері
30%-дан асады. Zoom, Email, E-gov.kz, Instagram, ұялы телефондар,
WhatsApp бойынша 40%-дан көп.
Достарыңызбен бөлісу: