217
Бұл мақалада Қазақстанның ақпарат порталдарындағы дезинформация
мен мисинформацияның пайызға шаққандағы көрсеткіштері де
есептелген. Ол үшін тиісті ақпарат көздері сенімді ме әлде сенімді емес
пе, осы тұрғыдан да тексерілді. Осы ретте отандық ақпарат құралдары
жиі сілтеме жасаған жеті шетелдік дереккөзде де дезинформацияның
бар-жоғын тексердік. Тізімге енген ресейлік БАҚ: РИА Новости: https://
ria.ru, Интерфакс: https://www.interfax.ru, Lentaru: https://lenta.ru; өзге
де шетелдік ақпарат құралдары: China Daily: https://www.chinadaily.com,
South China Morning Post: https://www.scmp.com, CGTN: https://news.cgtn.
com.
COVID-19 жөніндегі дискурстағы дезинформацияны зерттеу үшін
қажетті деректер Қазақстандағы ең танымал мемлекеттік емес ақпараттық
интернет порталдарынан алынды, бұл деректер 2019 жылғы 31 желтоқсан
мен 2020 жылғы 31 тамыз аралығында жарияланған. Дәл осы уақыт
аралығын таңдаудың себебі: әлемде жаңа коронавирустың шыққаны
туралы алғашқы ақпарат жарияланған күн – 2019 жылғы 31 желтоқсан,
осы күні Қытай үкіметі ДДСҰ-ға алғаш рет бұрын-соңды болмаған
пневмония жөнінде хабарлаған; ал 2020 жылғы 31 тамыз – Қазақстанда
бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова енгізген қатаң карантин
шаралары жеңілдетілген күн. Төменде зерттеуімізге қажетті дереккөз
болған Қазақстандағы интернет-платформалардың тізімі көрсетілген.
1-кесте. Интернет-платформалар тізімі
Достарыңызбен бөлісу: