Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


Ішкі реконструкция әдістері



бет29/91
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#97735
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91
Байланысты:
1680 kenjetaeva g. k lingvistikadagi gilimi zertteu negizderi audarma isi shetel tili eki shetel tili shetel filologiyasi mamandikhtarinin studentterine arnalgan daris kursi khurast. g.k. kenjetaeva

Ішкі реконструкция әдістері
Ішкі реконструкция әдісінің 2 түрі бар:
Ретроспекция – тілдің қазіргі жағдайынан ертедегі жағдайына дейін өзгеруін зерттеумен байланысты.
Проспекция – жазба дерек сөздерде сақталған ең ежелгі сөздермен салыстыру.
Салыстырмалы тарихи зерттеулердің жетістіктері мен кемшіліктері
Салыстырмалы тарихи тіл білімі тіл туралы ғылымның негізін қалады. Тілдік құбылыстарға байланысты болжамдар мен жорамалдардың орнына тірі және өлі тілдерді танып білу үшін теориялар пайда болды. Тілдің субстанциялы және функционалды қасиеттері анықталып, диахрониялық лингвистика мәселелері жаңа шешімдер тапты. Соған қарамастан салыстырмалы тарихи зерттеулердің кейбір келелі кемшіліктері де бар:
1) Тілдік тарихи үрдістерді зерттеу атомарлық (жүйелі түрде емес) сипатта болады. Ол тілдің кейбір бірліктері мен ережелерін қарастыруға мүмкіндік береді, бірақ та жазу тіліне дейінгі кезеңдер туралы мәлімет алуды қиындатады;
2) Тілдегі өзгерістердің заңы мен қайта құрастыру әдістері тек қана фонология мен морфологияда ғана мүмкін. Ал лексика, фразеология және синтаксисте ішінара ғана мүмкін;
3) ХІХ ғ. соңында шетел тілдері мен диалектілерді зерттеуге қызығушылықтың артуына қарамастан тарихи көзқарасты әсірелеу, оны тілді танып білудің жалғыз жолы ретінде қарастыру, синхронияға деген қызығушылықтың жоқтығы, осының бәрі тілді танып білуді тежей бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет