Негізгі ұғымдар Алгоритм – белгілі бір қойылған міндеттерді шешуге әкелетін, қатаң түрдегі ережелерге сай жүргізілетін бірізді әрекеттер жиынтығы.
Дискурс (фр. Discours – логикалық байланыста айтылған сөз, сөйлем) – экстралингвистикалық факторларды (жағдаят, әңгімелесушінің мінезі, кинесика және фонация) есепке ала айтылған индивидтің ауызша мәлімдемесі.
Прагматика (гр.рragma-қимыл) коммуниканттардың бір-біріне және сөйлеу немесе сөз мазмұнына (ауызша немесе жазбаша) олардың коммуникативтік ниетін есепке алғандағы қатынасы.
Коммуникация(лат. сommunicare - байланысу) екі немесе одан да көп индивидтердің арасындағы вербалды немесе вербалды емес қатынастарды қолдана отырып мәлімет алмасуға немесе беруге негізделген байланыс.