|
Абзац – белгілі бір тақырып аясындағы сөйлемдер тобы. Абзац жазу мен ұйымдастыру жағынан бірнеше түрге бөлінеді
|
бет | 2/7 | Дата | 21.10.2023 | өлшемі | 349,28 Kb. | | #187328 |
| Байланысты: Эссе жазу жолдары Ахметкалиева Г.К Абзац – белгілі бір тақырып аясындағы сөйлемдер тобы. Абзац жазу мен ұйымдастыру жағынан бірнеше түрге бөлінеді
- Суреттеу абзацы– белгілі бір адам, жер немесе затты суреттеп жазу
- Мысал абзацы- белгілі бір тақырыпты мысалдар беру арқылы жазу
- Үдеріс (процесс)абзацы – бір затты не іс-әрекетті орындау тәртібін жазу
- Пікір абзацы – өзінің сезімін, идеясы немесе белгілі бір тақырып бойынша көзқарасын білдіру
- Оқиға абзацы – белгілі бір оқиғаны баяндау, әңгімелеп беру
(мысал келтіру)
Абзац құрылымы Абзацты жазудың негізгі шарттары - Мәтіндер негізінен бірнеше абзацтан тұрады.
- Бір абзацта бір ой толықтай ашып жазылады.
- Әр абзац тақырыптық сөйлемнен, қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен тұрады.
- Тақырыптық сөйлем - абзацтың негізгі идеясын көрсетеді.
- Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер.
- Қорытынды сөйлем – абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем.
- Сонымен қатар, ойды толықтыру үшін деректер мен мысалдарды да қосуға болады.
- Ең бастысы абзац жаңа азат жолдан басталып жазылады.
Мысалы мына бір мәтіннен алынған абзацты талқылап көрейік: (аудиториямен шағын практикалық жұмыс) Мысалдар - Тақырыптық сөйлем:
1.Майлы тағамдар асқазанға зиян. - Қолдаушы сөйлемдер:
2.Тағам ретінде оларды көп қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін. 3.Кейбір жағдайларда семіздікке әкеліп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|