Ұлытау неге «Ұлытау» атанды?



Дата07.02.2022
өлшемі13,73 Kb.
#96387
Байланысты:
Улытау


Ұлытау неге «Ұлытау» атанды?

Ұлытау – Қазақстанның тарихи, һәм географиялық орталығы. Еуразия құрлығындағы мәдениет тарихында ерекше орын алатын аймақ.
Бұл ұлымекен Қарағанды облысындағы Торғай қолатының оңтүстік-шығысы мен Бетпақдаланың солтүстік бөлігін алып жатыр.
Ұлытау – қазақ халқының қасиет тұтқан, ұлы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларды еске салатын қасиетті мекен. Бұл жерде барлық қазақ хандарының атасы саналатын Жошы ханның және аты аңызға айналған қазақ жүздерінің негізін қалаушы Алашаханның мазары бар.
Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев Ұлытауға қатысты былай деген: «Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен немесе суының молдығынан емес, ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге келген жері болғандықтан «Ұлытау» атанған».
Осыны ескерген Қазақ Үкіметі алдымен Ұлытау ауданын (1972 жылы), ал 1990 жылы «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорық-мұражайын құрған еді. Ашық аспан астындағы бұл қорық-мұражайдың аумағы 1883 шаршы шақырымға тең.
Жалпы айтқанда Ұлытау өзінің табиғи географилық шикізатына байланысты емес, Ұлытау Қазақ халқына өзінің тарихымен атақты. Менің ойымша ең басты Ұлытаудағы тарихи оқиға ол үш жүз басының қосылуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет