Күні
|
|
Пәні
|
Алгебра
|
Сыныбы
|
11 “Ә”
|
Тақырыбы
|
Логарифмдік теңдеулер жүйесін шешу
|
Сабақтың мақсаттары
|
Теңдеулер және олардың жүйелерін шешу бойынша алған білімдерін жүйелеу. Логарифмдік теңдеулерді шешуде қасиеттерін дұрыс пайдалана білу, анықталу облысын табу, күрделі типті есептерді жылдам әрі тиімді әдіс арқылы өз бетінше есептер шығаруда біліктіліктерін арттыру
|
Жалпы мақсаты
|
Оқушылардың теориялық білімдерін практикада ұштастыра отырып, ойлау және есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.
|
Оқу нәтижелері
|
Логарифмдік теңдеулер және теңдеулер жүйесін шешу үшін логарифмнің қасиеттері мен формулаларын пайдалана отырып, өрнектерді түрлендіру барысында қолдану әдістерін пысықтау. Ұлттық бірыңғай тестілеуде жиі қолданылатын логарифмдік теңдеулер мен теңдеулер жүйесін қолдану тәсілдерін қарастыру.
|
Сабақтың түрі
|
Қайталау сабағы
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Үлестірмелі материалдар, сөзжұмбақ, стикерлар, дидактикалық материал
|
Әдіс-тәсілдері
|
Блум таксономиясы, АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыс, қорыту, деңгейлеп саралап оқу
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс әрекеті
|
І.Ұйымдастыру кезеңі.
|
1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалай отырып, сыныпты қалыпты жұмыс жағдайына бейімдеу.
2. Оқушыларды топқа бөлу
|
Оқушы оқу құралдарын әзірлеп, сабаққа дайындалады.
|
ІІ.Математикалық сөзжұмбақ
|
Әр топқа бір-бір сұрақтан қойылып, сөзжұмбақ шешуге беріледі.
|
|
|
Сұрақтары:
1) Математикалық есептеудің негізгі тәсілі.
2)Бұл математикалық терминді Джон Непер ұсынған, ол оны «қолдан жасалған сан» деп аударған.
3) Математиканың маңызды ұғымдарының бірі.Бұл ұғымды алғаш рет (1690) швейцариялық ғалым Якоб Бернулли қолданған
4) жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
5) ақиқаттығы дәлелдеудің нәтижесінде анықталатын математикалық тұжырым.
6) L қисық сызығының М нүктесі мен оның екінші М нүктесі арқылы өтетін қиушысының, екінші М' нүктесі L қисығының бойымен М-ге ұмтылғандағы шектік орны болатын l түзуі, L қисығының М нүктесіндегі деп
7) сандар және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым
8) (лат. functіo – орындау, атқару, жүзеге асыру) көп мағыналы сөз
9) Әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
10) қандай да бір шаманың (мысалы, жолдың) басқа бір шамаға (мысалы, уақытқа) тәуелділігін көрнекі түрде бейнелеуге қолданылатын сызба, яғни функцияның өзгеру сипатын көрнекі түрде көрсететін сызық.
17) математикада — a, b, c, d төрт шаманың екі қатынасы арасындағы теңдік орындалады
|
Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы сөзжұмбақты шешеді.
|
III.Математикалық викторина
|
10
|
20
|
30
|
40
|
10
|
20
|
30
|
40
|
10
|
20
|
30
|
40
|
|
Әр топтың басшысы тақдағы бір карточканы алып, есепті топпен бірігіп өз бетімен дәптерге есептейді
|
IV.Домино
|
Әр топқа үлестірмелі карточкаларлар таратылады.
Бұл карточкалар арқылы оқушылар қандай-да бір анықтаманы домино арқылы құрастыру керек.
1) Айнымалысы логарифм белгісінің ішінде болатын теңдеуді логарифмдік теңдеу деп атайды.
2) af(x)=ag(x), a>0, a≠1 түрінде берілген немесе осы түрге келетін теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп атайды.
3) Иррационал теңдеу деп белгісізі, яғни айнымалы шамасы радикал таңбасының астында болатын теңдеу
4) f(х) функцияның алғашқы функциясы деп берілген аралықта Ф'(х)=f(х) болатын Ф(х) функциясын айтады.
5) Туынды деп дифференциалдық есептеулердің х аргументі өзгерген кездегі f(x) функциясының өзгеру жылдамдығымен сипатталатын негізгі түсінігі.
6) Арифметикалық прогрессия , 1-реттік арифметикалық қатар — әрбір келесі саны алдыңғысына бір тұрақты d санын қосқанда шығатын сандар тізбегі.
|
Әр топ бұл тапсырманы өз орындарында орындайды.
|
V.Қорытынды
|
«Кері байланыс» рефлексиясы қолданылады
|
Оқушылар өткізілген сабақ жайлы өз пікірлерін стикерлерге жазады
|
VI.Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру
|
Оқулықтағы 302-306 тақ нөмерлі есептер беріледі
|
Оқушылар күнделіктеріне тапсырманы жазады.
|
VII.Бағалау
|
Оқушылар бір-бірін «Бағдаршам» әдісін қолдана отырып, бағалайды.
|
|