ІІІ. Жаңа материалды меңгеру. Тақтаға 1-9 сандары бар карточкаларды іледі; 9 санының қалай шығатынын және 9 санының 9 бірліктен тұратын түсіндіреді; одан әрі балаларды 9 санының жазылуымен таныстарды.ептілікті дамыту үшін балаларға 9 таяқшадан тең 4 үшбұрыш немесе тең 3шаршы жасауды ұсынуға болады.
Материалды бекіту ойын ойнау ұсынылады.
1-ші ойын. «Факс»
Мақсаты: 1-8 цифралары туралы білімдерді бекіту. 9 цифрын жазу білімін қалыптастыру. Топтың жұмыс істеу іскерлігін дамыту.
Әрбір топтарды қатысушылары бір-бірінің артына тұрады. ал топтың басшысы тақтаға қарап, қолына бор ұстап, бірінші тұрады. әр топтың ең соңында тұрған қатысушысына сан жазылған карточка береді. Бұл қатысушылар карточкадағы сан алдында тұрған баланың арқасына саусағымен салады. Хабарламаны алған қатысушылар оны әрі қарай жалғастырады. Басшы хабарды алған соң оны тақтаға бормен салады. Тапсырманы дұрыс және басқалардан жылдам орындаған топты фишка алады. Сандар мен геометриялық фигуралар кезектесіп берілетін басқа карточкалар бойынша ойын жалғаса береді. Ең көп жинаған топ жеңіске жетеді.
2-ші ойын. «Жұбыңды тап»
Мақсаты: 9-дың көлемінде есептік санау дағдаларын дамыту; Топтың жұмыс істеу іскерлігін дамыту; қимыл-қозғалыс белсенділігн дамыту.
Балалар 2 топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрады. біріншілеріне 1-ден 9-ға дейін сандар жазылған карточкалар, екіншілеріне әртүрлі мөлшердегі заттар бар карточкалар үлестіріледі. Сандар берілген қатысушылардың міндеті- заттарының мөлшері өзінің санына тең келетін қатысушымен жұп құру (карточкалары «жұп» балалар бір-бірінің қолдарынан ұстайды).карточкаларды қайтадан үлестіре отырып, ойынды бірнеше рет қайталауға болады.