ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті.
Тақтадан 0-9 сандары жазылған карточкаларды іледі; балаларды 0 санының сандық қатардағы орнымен және 0 санының жазылуымен таныстырады.
-0 саны бос жиынтықты білдіреді.
Мұнан кейін балалармен бірге барлық цифрларды қайталауға болады. материалды бекіту үшін ойын ойнауды.
1-ші ойын. « Жолбарыстарды үйретуші»
Мақсаты: 0-9сандарының тура және кері реттілігі білімдерін бекіту; қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту.
Балаларды шақырып, әрқайсысына 0-ден 9-ға дейін сандар жазылған карточкалар үлестіріп береді. Бөлмеге, балалардың санынан 1-еуі кем, 9 орындық қойылады. Карточкасына 0 саны жазылған бала «үйретуші» болады. қалған 9 бала –«жолбарыстар» болады. олар әзірленген орындықтарға еркін түрде орналасып, отырады. «Үйретуші» шеңбер бойымен жүріп, 1-ден 9-ға дейін сандарды тура кер ретпен атайды. Саны аталған жолбарыс орнынан тұрып, «үйретушінің» соңынан жүреді. «Үйретуші» барлық сандар аталған кезде «Назар аударыңдар, аңшылар!» дейді, ал барлық қатысушылар, «үйретушімен» қоса, бос орындықтарға отыруға тырысады. Орын алып үлгермеген бала жолбарыстарды үйретуші болады.
Достарыңызбен бөлісу: |