Логикалық есептер 1-ші есеп. Бір жаман адам әрдайым өтірік айтады. Ол осы сұраққа қандай жауап береді: «Сізде бір мұрын, әлде екі ме?»



бет16/21
Дата13.12.2021
өлшемі0,84 Mb.
#125217
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Логикалық есептер 4-сынып

Логикалық есептер.

3 сынып

*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?


*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
*Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? 

*Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1)


*Егер Т дан бастасаң санмын
Т ны алып тастасаң жаумын ( төрт – өрт )
* 5 жыл бұрын Айжан 8 жаста болған, 6 жылдан кейін Айжан неше жаста болды? ( 19 )
* 2 бала тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әр қайсысы неше сағат ойнады? (2сағ)
* 1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр? (тең)
* Түнгі сағат 10 да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? ( жоқ )

*Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?      Жауабы: үшеу

* Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше
сағат ойлады?                                Жауабы: екі сағат
 *Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай
лақтыру керек?                           Жауабы: жоғары
 *Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не  жағасыз?                    Жауабы: шырпы
* Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
  Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет