Күнтізбелік есептер Қаңтар айында 4 дүйсенбі және 4 жұма бар екені белгілі болса, 1 қаңтар аптаның қай күніне жетеді?
Қайсібір айда үш жұма жұп күндер болады. Осы айдың 4-і аптаның қай күні болады?
Бүгін жексенбі. 45 күннен кейін аптаның қай күні болады?
Кейбір айда үш бейсенбі жұп күндері болады. Осы айдың 26-шы жұлдызы аптаның қай күніне сәйкес келеді.
2012 жылы ақпан айында 29 күн болды. Мұндай құбылыс 4 жылда бір рет болатыны белгілі. 2001 жыл мен 2065 жыл аралығында осындай қанша жыл болады?
Сағат тәулік сайын 6 минутқа қалып қояды. Неше тәуліктен кейін сағат дәл уақытты көрсетеді.
Сағат тәулік сайын 3 минутқа қалып қояды. Неше тәуліктен кейін сағат дәл уақытты көрсетеді.
Асан,Үсен және Досан жүйелі түрде кинотеатрға барады. Асан кинотеатрға әрбір 3-ші күні,Үсен 7 –ші күні,Досан әрбір 5-ші күні барады. Бүгін барлық балалар кинода болды. Енді үшеуі неше күннен кейін қайта кездеседі?
Көлде 7 балықшы балық аулады. Біріншісі –күнде,екіншісі-күн ара, үшіншісі-екі күннен кейін және т.с.с, жетіншісі-алты күннен кейін келеді. Бүгін барлық балықшылар балық аулауда. Жеті балықшы түгел қанша күннен кейін көлде бас қосады.
Үш сенбілікте оқушылар мектептің ауласын көгалдандырумен айналысты. Бірінші сенбілікте барлық көшеттердің 24%-ын, екіншіде қалған көшеттердің 3/4-ін, ал үшіншіде қалған 304 көшет отырғызылған. Оқушылар үш сенбілікте отырғызған көшеттер саны:
Күзетші 4 күн жұмыс істеп, бесінші күні дем алады. Ол жексенбі күні дем алып, дүйсенбі күні жұмысқа шыққаны белгілі. Қанша күннен кейін оның демалысы тағы да жексенбіге түседі?
Суретте Нұрай жұмыс істейтін мекеменің жұмыс тәртібі көрсетілген. Нұрайдың аптасына қанша сағат жұмыс істейтінін анықтаңыз?
Үсеннің сағаты әрбір бір сағатта 4 секундқа қалып қалады. Үсеннің сағаты бір тәулікте қанша уақытқа қалып қалатынын анықтаңыз.