Логикалық есептер



Дата08.09.2017
өлшемі46,44 Kb.
#31782
Логикалық есептер
1) Сыныпта 40 оқушы бар. Олардың ішінде орыс тілінен – 19, математикадан – 17 баланың, физикадан – 22 баланың «үші» бар. Бір ғана пәннен «үш» барлар: орыс тілінен – 4, математикадан – 4, физикадан – 11 бала.

7 баланың математикадан да, физикадан да «үші» бар, олардың ішінде бесеуінің орыс тілінен де «үші» бар.

Неше бала «үшсіз» оқиды?

А) 3


В) 7

С) 6


Д) 5

Е) 4
2) Бағана биіктігі 20 метр. Жұлдызқұрт бағана бойымен өрмелеп барады. Ол күндіз 5 метр биіктікке өрмелесе, түнде 4 метрге төмен түседі. Жұлдызқұрт қанша күнде бағана басына жетеді?

А) 8

В) 16


С) 14

Д) 9


Е) 12
3) Бір шелек қарақатты екі қыз бір сағатта тазалады. Үш қыз осы жұмысты қанша уақытта істей алады?

А) 32 мин

В) 28 мин

С) 19 мин

Д) 40 мин

Е) 30 мин


4) Жәшікте 3 сары, 6 ақ, 8 қызыл шар бар. Қарамай бір рет алған шарлардың ішінде кемінде неше шар алу керек?

А) 18


В) 13

С) 4


Д) 7

Е) 11
5) Қорапта ақ және қызыл шарлар бар. Қарамай бір рет алған шарлардың екеуі бір түсті болу үшін кемінде неше шар алу керек?

А) 2 шар

В) 4 шар


С) 1 шар

Д) 3 шар


Е) 7 шар

6) Мектепте 380 оқушы бар. Бір жылдың ішінде кемінде неше баланың туған күндері сәйкес келеді?

А) 11

В) 14


С)13

Д) 10


Е) 12
7) Сыныптағы әр бала не ән салу, не би үйірмесіне қатысады. 16 бала тек би үйірмесінде, 8 бала тек ән үйірмесінде. Әнге де, биге де 6 бала барады. Сонда сыныпта барлығы неше бала?

А) 34


В) 35

С) 30


Д) 28

Е) 31
8) 6- сыныпта 25 бала қазақша жақсы біледі, 20- сы орысша, ал 18 бала орысша да, қазақша да сөйлейді. Сыныпта барлығы неше бала бар?

А) 27

В) 28


С) 26

Д) 30


Е) 29
9) Ағасы інісіне: “Мен қазіргі сенің жасыңда болғанда сен менен үш есе жас едің. Ал сен менің қазіргі жасыма келгенде екеуміздің жастарымызды қосқанда 60 болады ”- дейді. Ағайындар қазір нешеде?

А) 26;14


В) 24;16

С) 25;15


Д) 25;14

Е) 24;15
10) Қорапта бірнеше шырпы бар. Осы санына тең шырпы қосып, 8 шырпы ал. Бұл амалды үш рет қайталағанда қораптағы шырпы таусылады. Алғашқыда қорапта неше шырпы болды?

А) 14

В) 7


С) 9

Д) 4


Е) 13

11) Атасының жасын жылмен, ал шөбересінің жасын аймен санаса, екі сан тең болады. Екеуінің жастарының қосындысы 117 – ге тең. Атасы қаншада, шөбересі қаншада.

А) 97; 8

В) 102; 11

С) 89; 4

Д) 110; 6

Е) 108; 9
12) Серік стақан тола кофенің 1/6 бөлігін ішіп, стақанды сүтпен толтырды. Содан кейін қоспаның 1/3 – ін ішіп, стақанды қайта сүтпен толтырды. Сосын стаканның жартысын ішіп, босаған орнын сүтпен толтырды да, түгел ішіп, ыдысты босатты. Сонымен Серік кофені көп ішті ме, әлде сүті көп ішті ме?

А)½ стаканкофе, 1 стақан сүт

В) 1 стакан кофе,½ стакан сүт

С) 1 стакан кофе, 1 стакан сүт

Д) ½ стакан кофе, ½ стакан сүт

Е) 2 стакан кофе, 1 стакан сүт


13) Математикалық тестте 15 есеп болды. Әрбір есепке берілген жауап дұрыс болса 8 ұпай беріледі, қате болса 4 ұпай тартылады. Асан барлық есепке жауап беріп 72 ұпай алса, ол неше есепке дұрыс жауап берген?

А) 14


В) 7

С) 9


Д) 11

Е) 12
14) Емтиханда 25 есеп болды. Әрбір есепке дұрыс жауап берсе 4 ұпай беріледі, қате жауап берсе немесе жауап жазбаса 1 ұпай шегеріліп тасталады. 60 ұпай алған оқушы неше есепке дұрыс жауап берген?

А) 17

В) 14


С) 23

Д) 18


Е) 21
15) Абай, Болат, Дәурен, Жомарт бір сыныпта оқиды. Олардың фамилиялары: Абаев, Болатов, Дәуренов, Жомартов. Бірақ та біреуінің де аттары фамилияларына ұқсас емес. Балалардың фамилиясын анықта, егерде:

-Дәуреннің фамилиясы Абаев та, Жомартов та емес,

-Жомартовтың аты Дәуреннің фамилиясына ұқсас.

А) Абай Жомартов, Дәурен Болатов, Жомарт Дәуренов, Болат Абаев

В) Абай Болатов, Дәурен Абаев, Жомарт Дәуренов, Болат Жомартов

С) Абай Дәуренов, Болат Жомартов, Дәурен Болатов, Жомарт Абаев

Д) Дәурен Абаев, Жомарт Дәуренов, Болат Жомартов, Абай Болатов

Е) ЖомартАбаев, Болат Дәуренов, Абай Жомартов, Дәурен Болатов.


Жауаптары:

1) Е


2) В

3) Д


4) В

5) Д


6) В

7) С


8) А

9) С


10) В

11) Е


12) С

13) Д


14) А

15) С

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет