ҚЎлпыбаев с


Үй шаруашылықтарының қаржылық



бет202/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

18.2.Үй шаруашылықтарының қаржылық
ресурстары және бюджеті


Үй шаруашылығы мүшелерінің өндірістік қызметі нәтижесінде жаса­лын­ған үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары – бұл отбасы қарамағын­дағы жиынтық ақша. Үй шаруашылығының ақшалай қаражатарының көлемі шаруа­шы­лықтағы әркімнің күш салуына байланысты.
Үй шаруашылығының қаржылық ресурстары, әдеттегідей, нысаналы арна­лымы бар оқшауланған ақшалай қаражаттар түрінде болады. Екі негізгі қор жасалды:
тұтынуға арналған қаражаттар, ол осы ұжымның – отбасының жеке қажеттіліктерін (тағам өнімдерін, өнеркәсіп өндірісінің тауарларын сатып алу, түрлі ақылы қызметтерді төлеу және басқалары) қанағаттандыруға арналған;
жинақақшаларға (кейінге қалдырылған қажеттіліктердің) арналған қаражаттар, ол келешекте қымбат тұратын тауаларды сатып алу үшін пайдалануға немесе пайда алуға арналған капитал ретінде.
Қаржылық ресурстардың ақшалай нысаны үй шаруашылығының қажеттіліктерін тұтас алғанда шаруашылық ұжымының мүмкіндігімен үйлесуіне, сонымен бірге отбасындағы әркімнің қажеттіліктері қалай қанағаттандырылып отырғанын бақылауға жағдай жасайды.
Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстарының құрамы мыналарды кіріктіреді:
1) меншікті қаражаттар, яғни отбасының әрбір мүшесінің тапқан жалақысы, қосалқы шаруашылықтан алған табыс, коммерциялық қызметтен түскен пайда;
2) рынокта жұмылдырылған, кредит ұйымдарынан алған кредиттік нысан­дағы қаражаттар, дивидендтер, пайыздар;
3) қайта бөлу ретінде түскен қаражаттар – зейнетақылар, жәрдемақылар, бюджеттерден және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардан алынған несиелер.
Үй шаруашылығының қаржысы республикалық, жергілікті бюджеттермен және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлармен және меншіктің түрлі нысандары кәсіпорындарының орталықтандырылмаған қаржыларымен, сондай-ақ қаржы рыногымен өзара іс-әрекет етеді. Олардың арасында үздіксіз біржақты, екі және үшжақты ақша ағындары пайда болады. Үй шаруашылығы мен мемлекет арасында ақша ағындарының тұрақты қозғалысы жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтарының мүшелері мемлекеттік сектор үшін жұмыс күшін береді, мемлекетке өз өндірісінің тауарлары мен қызметтерін сатады. Осысы үшін отбасы еңбекақы мен табыс алады. Бұдан басқа қаржылық қатынастар бюджетке және әлеуметтік бюджеттен тыс қорларға салықтар, алымдар, баждар және аударымдар төлеген кезде пайда болады. Сонымен бірге үй шаруашылықтары үкіметтен әр түрлі ақшалай трансферттер, сондай-ақ натуралдық нысанда қоғамдық игіліктер мен қызметтер алады.
Үй шаруашылығында ақша ағындары мемлекеттік емес сектормен – кәсіпорындармен, ұйымдармен, компаниялармен пайда болады. Олардан тауарлар, қызметтер ала отырып, үй шаруашылықтары ақшалай нысанда оларға алынған түрлі игіліктердің құнын қайтарады. Заңи тұлғалар сонымен қатар бұл ұжымның мүшелерінде тиісті меншік болған жағдайда үй шаруашылықтарын кредиттік ресурстармен, сондай-ақ табыстармен, дивидендтермен, пайыздармен, жалгерлік ақымен қамтамасыз ете алады.
Қаржылық ресурстардың толық айналымының нәтижесінде үй шаруа­шы­лықтары қазіргі және келешектегі жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Қазақстан халқының қаржылық ресурстарына жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорланымдары (олар 2009 жылдың басында 1439,5 миллиард теңгені ІЖӨ-нің 9,5% құрады), халықтың екінші деңгей банктеріндегі салым ақшалары (1500 миллиард теңге немесе ІЖӨ-нің 9,9%), Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорында шоғырландырылған қаражат­тар – 137 миллиардқа жуық теңге жатады.
Қаржылық ресурстар үй шаруашылығының бюджетін қалыптастырады. Өзінің материалдық мазмұны жағынан үй шаруашылығының бюджеті – бұл үй шаруашылығының ақшалай қорын жасау мен пайдалану нысаны*19. Ол үй шаруашылығы мүшелерінің жиынтық табыстары мен олардың жеке қажет-тіліктерін қамтамасыз ететін шығыстарын біріктіреді. Отбасы бюджетінің қаражаттары қажеттіліктердің ұлғаюымен байланысты үнемі жетіспейді. Бюджеттік қаражаттардың жетімсіздігі, әсіресе біздің елде, негізгі жұмыс орнында жұмыс күшін сатудан және еңбектік келісімшарт бойынша еңбекке ақы алудан басқа жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, дара-еңбектік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, өзінің жылжымайтын мүлігінің артықтары мен ұзақ уақыт пайдаланатын заттарды жалға беруге, бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға және т.б. мәжбүр етеді.
Бюджет шеңберінде мынадай оқшауланған ақшалай қорлар қалыптасады:
дара, отбасының жекелеген мүшелеріне арналатын және әр түрлі тауарлар сатып алуға, көңіл көтеруге, оқуға, медициналық қызмет алуға және сол сияқтыларға пайдаланатын қорлар;
ортақ пайдаланатын тауарларды (теледидар, тоңазытқыш және т.б.) сатып алуға арналған бірлескен қор;
қорланым мен қамтамасыз ету қорлары, болашақ күрделі шығыстарға (үй, пәтер, жер учаскесін, көлік құралдарын сатып алуға, сондай-ақ коммерциялық қызмет үшін бастапқы капиталды қалыптастыруға) пайдаланылады.
Қорлану қорын жасаудағы қажеттілік тек көп қаражатты қажет ететін ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алу үшін, демалыс және қымбат медици­налық қызмет үшін ғана емес, сонымен бірге қартайғанда лайықты өмір сүруді қамтамасыз ету үшін пайда болады.
Үй шаруашылығының тұрақты және уақытша табысын ажыратады. Тұрақты – бұл адам үміттеріне сәйкес болашақта сақталынатын табыс. Тұрақты экономикалық қоғамда табыстың бұл түріне, әдеттегідей, еңбек қызметіне ақы төлеуді жатқызады. Уақытша табыс деп болашақта жоғалатын табысты айтады, мысалы, акционерлік қоғамның тоқтатылуына байланысты бағалы қағаздардан түскен табыс. Қазақстанда елдің жалпы экономикалық жағдайы тұрақсыздау болып тұрғанда үй шаруашылығының бүкіл табысы уақытша, қиын болжанатын табыс болып келеді.
Отбасы бюджетінің кірісін үй шаруашылықтарының тұтыну көлемі анықтайды. Мөлшері жылдан жылға қайталанатын тұрақты табыс олардың тұтыну шығыстарында айтарлықтай ауытқу тудырмайды. Бұл кезде уақытша табыс елдің жалпы төлем қабілеті бар сұранымына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Уақыттың жеке кезеңінде оның өсуі тауарлар мен қызметтердің қосымша талаптарын жасап, рыноктағы жағдаятты күрделендіреді.
Мемлекет үй шаруашылығы бюджетінің көлеміне айтарлықтай ықпал жасайды, өйткені рыноктық экономикада ол түгелдей материалдық және ақшалай қаражаттардың жалпы толық айналымына біріктірілген. Бұл ықпал:
1) салық жүйесі арқылы үй шаруашылықтары салықтар, алымдар, баждар төлейді және басқа міндетті аударымдар жасайды;
2) мемлекеттік сектордағы жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу арқылы;
3) берілетін түрлі қоғамдық игіліктер мен қызметтер арқылы;
4) мемлекеттік баға белгіленімі арқылы жүзеге асырылады.
Үй шаруашылықтарының бюджеттері тұрпаттары бойынша – қалыптасу қағидаттарына, бюджет моделіне қарай ажыратылады. Модель отбасында, әсіресе ерлі-зайыптылар арасында қандай қаржылық және жеке қатынастар қалыптасуына қарай айқындалады. Осы критерийлерге сәйкес отбасы бюджеттерінің үш тұрпаты бөліп көрсетіледі: бірлескен, бірлескен-бөлектелген (пайлық) және бөлектелген.
Бірлескен бюджет кезінде отбасы мүшелерінің тапқан барлық қаражаттары бірге қосылады және алынған қаражаттарды бөлу мен пайдалану мәселелері бірлесіп шешіледі.
Бюджеттің бірлескен-бөлектелген тұрпатын шамамен тепе-тең табыстары бар отбасының мүшелері қалыптастырады. Қаражаттарды пайдалану кезінде алдымен ортақ қажеттіліктерге (тамақ, коммуналдық төлемдер, басқа шығыстар) арналған сома есептеп шығарылады, ал қалған сома отбасы мүшелерінің арасында теңбе-тең, не ортақ бюджетке әрбір мүшесінің үлесіне сәйкес бөлінеді; жеке адамда қалған үлес оның өз білгенінше жұмсалады.
Бөлектелген бюджет әрбір мүшесінің жоғары табысы бар және өзін-өзі қамтамасыз ететін отбасылары үшін қабылданған. Бұл тұрпатта жекелеген бірлескен қажеттіліктерге ақша бөлінуі мүмкін және оны тепе-тең бөледі. Бұл тұрпаттағы оң нәрсе үй шаруашылығы мүшелерінің қаржылық тәуелсіз­дігі және басқалардың алдында есеп бермей шығыстарды жоспарлауы болып
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет