ҚЎлпыбаев с



бет174/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


1. Қаржы жүйесінің қандай буындары жергілікті қаржыға жатады?
2. «Өңірлердің экономикалық дербестігі» ұғымына қандай мағына қойылады?
3. «Фискалдық федерализм» саясаты дегеніміз не?
4. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері түсімдерінің құрамын атап шығындар.
5. «Бекітіп берген» және «реттеуші» кірістер ұғымы нені білдіреді?
6. Қазақстан Республикасы жергілікті бюджеттерінің шығыс бөлігінің құрамы мен құрылымының ерекшеліктері қандай?
7. Арнаулы (еркін) экономикалық аймақтар дегеніміз не?
8. Қазақстанның арнаулы экономикалық аймақтарын құруда қандай тәжірибесі бар?


16-тарау. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар


16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні

Тұтас алғанда мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржылық ресурстарды ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.


Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджеттік қаражаттар жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджеттік қормен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет қаржысы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде немесе нормативті түрде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекет пен шаруашылық құрылымдардың мақсатты қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған қаржылық ресурстарды орталықтандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып табылады.
1991 жылдан бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржылық ресурстардың бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджеттері оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін бір-бірінен ажырату қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге қайтарусыз тәртіппен ақшалай қаражаттардың бір бөлігін салудың қосымша міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс) құнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін шалады – олардың ұдайы өндіріс пен тұтынудағы мүмкіндіктерін тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені дамытуды қолдау қорында). Қорларға аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара салынады және бұл күш -салмақты тұтас алғанда қоғам көтереді. Сөйтіп, бұл қорды қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт межелдемесінде баламасыз болып табылатын қайта бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдделеріне қысым жасалады. Сонымен бірге бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі жергілікті және жалпы мемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір мақсатты бағдарламаларды орындауды, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін бола бастайды. Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Тұтас алғанда бюджеттен тыс қорлардың жұмыс іс­теуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған жә­не қаржылық қатынастардың бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.
Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қос­арлана қызмет етуі қаржылық қатынастарды саралауға, олардың бір бөлігін тармамдандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар мына белгілер бойынша сыныпталады:
мақсатты белгісі бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), көші-қон, құқықтық тәртіпке жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар;
басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік (жергілікті) болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар – экономикалық дамудың, ал әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар – бұл мемлекеттік деңгейде, ал өңірлік қорлар өңірлік деңгейде қалыптасатын қорлар.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералдық-республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу үдерісін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді бейнелеп көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын «арнаулы қорлар» термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің қарауында болады, бұл қаржылық ресурстардың оқшауланған бөлігін басқару, оларды ұтымды, мақсатты пайдалануға бақылау жасау икемділігіне жәрдемдеседі. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді: әлемдік практикада қорлар дербес – биліктің өкілетті органдарының араласуынсыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландыру мәселелерін тез шешуге, жағдаяттың өзгерісіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржылық ресурстардың едәуір көлемі қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы 2005 жылдың басында елдің ішкі жалпы өнімінің 16%-ына, 2009 жылдың басында 18%-ына жетті (Ұлттық қор мен дамудың мемлекеттік институттарын есепке ала отырып).
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілер­дің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында «Мақсатты қаржыландыру қоры» бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мем­лекеттің қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары респуб­ликалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда әлемдік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекет­тің қаржылық ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. Сондықтан болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерге: зейнетақы жүйесін реформалауға (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 1998 жыл), Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын орындауға (Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, 2003 жыл), мұнайлық табыстарды қордалау қажеттігіне (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, 2001 жыл), әлеуметтік сақтандыру жүйесін ендіруге (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры, 2005 жыл), шағын бизнесті дамытуға (Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, 1997 жыл) байланысты бюджеттен тыс қорлар қайтадан бірте-бірте қалпына келе бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет