ҚЎлпыбаев с



бет198/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

17.6. Мемлекеттік борыштың
экономикалық салдарлары


Үлкен көлемдегі мемлекеттік борыш мемлекетті банкроттыққа ұшырат­пайды, өйткені Үкіметтің мынадай іс-қимылдары қолданылуы мүмкін:
1. Қайта қаржыландыру. Төлеу мезгілі жеткен облигацияларды өтеу үшін практикада Үкімет шығыстарды қысқартпайды және салықтарды көтермейді (тоқыраулық экономика жағдайында мұндай саясат қате болар еді). Ол өзінің борышын қайта қаржыландырады, яғни жаңа облигациялар сатады және түсім-ақшаны өтелетін облигацияларды ұстаушыларға төлеу үшін пайдаланады.
2. Салық салу. Үкіметтің салық салуға және оларды жинауға құқығы бар. Қаржылық күйреу кезінде жекеше шаруашылықтар мен корпорациялар салық жинау есебінен кірістер ала алмайды, ал үкімет ала алады; сөйтіп, жекеше шаруа­шылық­тар мен корпорациялар банкроттануы мүмкін, ал үкімет банкроттанбайды.
3. Ақша жасау. Борыштың негізгі сомасын және пайыздарды төлеу үшін үкіметтің ақша басып шығаруға мүмкіндігі бар, бірақ мұның инфляциялық нәтижесі болады.
Бірақ үкіметтің мұндай іс-қимылдары жағымсыз зардаптар тудырады:
1. Табыстардағы теңсіздіктің көбеюі. Табыстардың мөлшері бойынша халықтың түрлі топтары болады. Және салық жүйесі шамалы үдемелі болуы мүмкін, облигацияларға ие болудан алынатын пайыздық табыстарды қайта бөлудің нәтижесінде ол артық табыстар «алмайды»;
2. Пайыздық төлемдер салық салуды көбейтуді қажет етеді, бұл инновацияларға, инвестицияларға, жұмысқа ынталандырмаларды төмендетеді, мұның өзі экономикалық өсуге зиян келтіреді. Көрсеткіштердің борышы бойынша пайыздық төлемдердің қатынасы – борыш бойынша пайыздарды төлеу үшін қажет салық салудың деңгейі;
3. Ығыстыру нәтижесінің іс-әрекеті. Егер экономика толық жұмыстылық жағдайда жұмыс істеп тұрса және бюджет баланстандырылған болса, егер үкімет шығыстарды көбейтсе, онда өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы бойынша экономика қисық сызықтың бойымен үкіметтік тауарлардың білігі (осі) бағытында жылжиды және жекеше тауарларға ашықтық кемірек болады (17.3. сызбаны қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет