ҚЎлпыбаев с



бет237/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Неоинституционализм классикалық емес теорияның жалғасы және дамуы ретінде 1950-1960 жылдарда пайда болды. Неоинституционализм институттар зерттелімінде өзара тиімді айырбасты жасау және пайдалану көзқарасы тұрғысынан – ұтымды таңдау моделінің негізінде институттардың қалыптасу үдерісін талдай отырып, ресурстарды орналастыру тиімділігімен және экономикалық дамумен байланысты аспектілерге ерекше көңіл аударады. Неоинституционализм әлеуметтік және саяси үдерістерді адамның экономикалық қылығының өзінше түсінілуі ретінде қарастырады. Адамдар арасындағы кез-келген қатынастар бұл жерде өзара тиімді айырбастың өзін қарамай, көлеңкесі қарастырылады, ал мұндай тәсілді контракттық (келісімшарттық) парадигма деп атайды. Институционалдық теорияның бұл бағытын талдау сферасы өте кең. Оған адамның дара қылығы, институттар мен ұйымдар, контракттар, меншік құқығы, қоғамдағы мемлекеттің рөлі және басқалар кіреді.
Қазақстанда шаруашылық жүргізу мен басқарудың қағидатты жаңа жүйесіне көшу экономикадағы институционалдық ортаға мемлекеттің белсенді ықпалын ұйғарады. Қазақстанда болып жатқан институционалдық қайта құрулар формалды және формалды емес институттардың «келісімсіздігімен» сипатталады.
Қазақстанда реформалар жылдары рынок пен мемлекет арасында өзара іс-әрекеттің және функцияларды шектеудің тиімді механизмдері пайда болмады. Мемлекетік билік қоғамның үстінде тұрмай немесе одан тыс болмай қоғамға қызмет етуі тиіс. Реформалардың нәтижелері институттардың, адам мен мемлекеттің қалай өзара іс-әрекет етуіне байланысты болады. Сонымен бірге мемлекеттік билікті нығайтудың қазіргі жағдайларында оның органдары ұйымдар үшін неғұрлым қолайлы институционалдық ортаны құруға нақты жәрдемдесуге мүмкіндік алады.
Қазақстанда рыноктық реформаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін трансакциялық шығындар жиынтық шығындарды азайту үдерісіне ие болатын және қысқартуға жеткізетін реформаны қалыпты институционалдық шеңберлерге енгізу керек. «Мемлекеттік реттеуді көбірек – мемлекеттік реттеуді азырақ» баламасын «реттеудің шығындары – пайдалары» тәсілдемесінің негізінде экономикалық жазықтыққа аударған орынды. Бұл тәсілдеме реттеу бағдарламаларының шығындарын да, сондай-ақ осы бағдарламалардан болатын әлуеттік пайдаларды да безбендеуді ұйғарады. Институционалдық тәсілдемеге сәйкес мемлекет – бұл ерекше ұйым, оның, рыноктық ортада жұмыс істейтін көптеген ұйымдар сияқты ұйымдардың мөлшерлерін және демек, олардың шекарасын айқындайтын басқарудың трансакциялық шығындары туралы пайымдалуы әділеттілік.
Мемлекеттік реттеудің тиімділігі шаруашылық жүргізу субъектілерінің шығындарын азайтуға оның көмектесуіне байланысты болуы тиіс. Мемлекеттік реттеу экономикалық агенттер үшін күшті институционалдық шеңберлер жасауы және оларға әлемдік рынокқа сәйкес тең бәсекелестік жағдайлар жасауы тиіс. Фирмалардың, сондай-ақ басқа экономикалық субъектілердің ұтымды болжалдарды есепке алуы Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік реттеудің міндетті элементі болуы тиіс.
Орнықты даму теориясы. Рыноктық экономиканы және қаржыларды басқаруға дәстүрлі теориялық тәсілдемелерді зерттеу қазіргі күрделі әлеуметтік-экономикалық үдерістерді оңай­латылған баян етуде, оңайлатылған моделдерді, соның ішінде, қаржылық механизмде де пайдалануда көрініп білінетін екі негізгі бағыт (неолибералдық және кейнстік) белгілі бір шектеулілікпен сипатталады. ХХ ғасырдың аяғында халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың үдерістері рыноктық үдерістерді макро- және микроэкономикалыққа бөлудің дәстүрлі сызбасынан ажыратылатын дамудың өзінің заңдылықтары бар экономиканың ғаламдық деңгейін қалыптастыруға жеткізді. Ұлттық экономикалардың күрделенуі өңірлердің, ұлттық экономика салалары мен сфераларының өндірістік қатынастарының жиынтығы ретіндегі мезодеңгей бөлінуінің объективтік үдерісіне жеткізді. «Сұраным-ұсынымның», валюталардың жүзбелі бағамдарының, бақыланатын инфляцияның, бюджет және төлем балансы тапшылықтарының және өзгедей ұқсастардың моделдері оперативтік және тактикалық мақсаттарды шешу кезінде жарамды болады. Аталған моделдерді іске асыру циклдік, құрылымдық, жүйелік, қаржылық, валюталық дағдарыс арқылы өте-мөте қайшылықты түрде өтеді. Нәтижесінде экономикалық өсім қарқындары біршама төмен болады және ҒТП-нің жетістіктерін кешенді пайдаланудың, басқаруды ұйымдастыру деңгейінің әлуетін бейнелеп көрсетпейді. Оның үстіне дәстүрлі доктриналар батыстың теориялық нұсқамаларының моделдері белсенді (бірақ оның үстіне дәйексіз және былыққан) мақұлданған ТМД елдерінің экономикасы мен социумдарын оң нәтижелерге жеткізбеді.
Сондықтан ХХ ғасырдың аяғында жаңа теория – орнықты даму теориясы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғаламдық экономикалық және қаржылық үдерістер түсіндіріледі, күрделі шаруашылық жүйелердің тұрақты эволюциялық дамуы жөнінде ұсыныстар жасалынады.
Орнықты даму теориясында тұрақты жұмыс істейтін жүйелерді – төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономика мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін себептер айшықталады.
Бір жағынан, дағдарыстық құбылыстардың терең себептерін және екінші жағынан, өндірістің құлдырауына қарсы іс-әрекет ету механизмдерін анықтау тұрақты дағдарыссыз дамудың негізгі қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды қолдану келеңсіз факторлардың әсерін айтарлықтай төмендетуге және тіпті экономикалық жағдайдың жалпыәлемдік нашарлау кездерінде де экономикалық өсуді қолдап отыруға мүмкіндік береді.
Бұл қағидаттар, қысқаша, мыналарға саяды:
1. Кез келген ауқымдағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін қамтып көрсететін эволюциялық қағидаты. Бұл осы теориядағы өзекті қағидат.
2. Экономикалық мүдделерді үйлестіру қағидаты қалыптасқан тепе-теңдікті тұрақ­сыздандыратын сан алуан факторлардың үздіксіз өзара іс-әрекетінің күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет ететін тараптар мүдделерінің балансын сақтауды қажет етеді.
3. Эволюциялық қағидатының логикалық дамуы мен оны нақтылау ретіндегі әртараптан­дыру қағидаты. «Әртараптандыру» термині кең мағынада экономикалық жүйенің құрамды бөліктерінің әр алуан түрлерінің, тұрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі, функциялық әртараптандыру ретінде пайдаланылады.
4. Экономикалық жүйедегі оның дамуына қарай иерархиялық саралау қағидаты. Мезодеңгейді бөліп көрсетуді ұйғарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет