ҚЎлпыбаев с



бет165/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Бюджеттік түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергі­лікті уәкілетті органның Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсім­дердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүр­гіз­уі болып табылады.
Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы: түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызуды; түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Ұлттық қор арасында бөлуді; бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер сомасын қайтаруды не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды кіріктіреді.
Бюджетке түсетін түсімдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бюджетке түсетін түсімдердің сыныптамасына сәйкес Үкімет белгілеген тәртіппен толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылады. Бюджетке шетелдік валютамен түсетін, Ұлттық банкттің шетелдік валютамен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шотына есепке жазған түсімдері қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиіс.
Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Ұлттық қор арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні Бюджеттік кодекске сәйкес жүзеге асырады.
Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған бюджеттік қаражаттарды Бюджеттік кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік-құқықтық актілердің қағидаларына сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу мақсаттарында өздерінің пайдалануы болып табылады.
Бюджеттің шығыстары бойынша атқаруылуы мемлекеттік мекемелердің келісімшарт нысанында жасасылған тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге және басқа міндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру нәтижесінде бірыңғай қазынашылық шоттан қаражаттарды есептен шығаруды кіріктіреді.
Төлемдер мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша төлеуге берілетін шот негізінде жүеге асырылады. Төлеуге берілетін шот-бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі үшін ақшаны алушыныңң пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін негізлдеме болып табылатын құжат.
Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджеттік қаражаттарды бірыңғай бюджеттік сыныптамаға жасасылған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджеттік қаражаттар бөлінген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті.
Мемлекеттік мекемелер тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың дара жоспарларында бекітілген сомаларға сәйкес берілген сомалар, рұқсаттар шегінде ғана міндеттемелер қабылдайды.
Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру алдын ала ақы төлеу нысанындағы төлемдерді қоспағанда, төлемдерді растайтын құжаттардың негізінде орындалады. Бюджеттен төленетін төлем сомасы мемлекеттік мекемелер міндеттемелерінің сомасынан аспауға тиіс.
Мемлекеттік мекеме төлемінің негізділігін растайтын құжат инкассалық өкім болып табылады.
Бюджеттен төленетін төлемдер тиісті бюджеттегі қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы бюджеттік қаражаттардың қалдығы шегінде жүзеге асырылады.
Төлемдердің уақытылы және толық төленуін қамтамасыз ету үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган республикалық және жерілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтарын және ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңіне арналған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) деңгейіндегі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүргізілетін төлемдерді есепке ала отырып, бюджет қаражатының (қолма-қол ақшаның) күтілетін көлемін айқындайды.
Төлемдердің бюджетке түсетін түсімдердің мерзімдеріне сәйкес төлемдердің уақтылы төленуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешені бюджеттік ақшаны басқару деп аталады. Оны басқаруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Ол түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Ұлттық қордан кепілденілген трансфертті тарту Үкімет белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте қаржы министірлігі:

  1. республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша және республикалық бюджеттің қолма – қол ақшаны бақылау шотындағы бюджетттік қаражаттар қалдықтарының болжамы негізінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке республикалық бюджет туралы заңымен бекітілген ағымдағы қаржы жылына арналған оның көлемі шектерінде кепілденілген тарнсферттің қажетті сомаларын анықтайды;

  2. Ұлттық банкке Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілденілген трасферттің аударылғандағы туралы тиісті өтінімді бағыттайды

Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсімдерін есепке алуға және бюджеттен төленетін төлемдерді жүзеге асыруға байланысты операциялардың барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталады. Бюджетке 31 желтоқсанан кейін есепке алынған түсімдер жаңа қаржы жылының түсімдері болып есептеледі. Ағымдағы қарының 31 желтоқсанына дейін қоса алғанда пайдалынмаған жоспарлы арналымдар қалдықтарының күші жойылады. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттардың пайда болған қалдықтарын аккредитивтік және өзге бюджеттен тыс шоттарға аударуға болмайды.
Бюджеттік қаражаттардың қалдықтары – есепті кезеңнің аяғындағы жай-күй бойынша немесе жыл басындағы жай-күй бойынша есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылу қортындылыры бойынша пайдаланылмай қалған бюджеттік қаражаттар.
Жергілікті бюджеттердің бюджеттік қаражаттарының қалдықтары жоғары бюджетке алуға болмайды.
Жылдың басындағы бюджеттік қаражаттардың қалдықтары бюджетті түзету арқылы мыналарға пайданану мүмкін:

  1. Алынған қарыздар бойынша негізгі борыштық қызмет етуге және өтеуге;

  2. Өткен қаржы жылында тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің сомасына дамуға бөн\лінген нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында олардың пайдаланбаған қалдығын төменгі бюджетке аударуға;

  3. Ағымдағы қаржы жылының басындағы олардың байдалынбаған қалдығының сомасына өткен қаржы жолында жоғарғы бюджеттен бөлінген ағымдағы қаржы жылының шығыстарын қаржыландыруға;

  4. Дамудың бюджеттік бағдарламасын және ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерін төленген бөлгіш қаржыландыруға;

  5. Өткен қаржы жылында пайдаланылмаған республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомаларын қайтаруға.

Бюджеттің орындалу барысында бюджеттерді нақтылау – тиісті қаржы жылы ішінде республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешіміне өзгерістер мене толықтырулар енгізу арқылы бюджеттік көрсеткіштердің өзгертілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылы­ғына қауіп төндіретін ахуалды жою қажет болған, республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнама­лық актілері қабылданған немесе өзгертілген және бюджеттерді атқару барысында түсімдері ағымдағы қаржы жылы олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға кеміген, жоғарғы бюджеттен қосымша бөлінген және бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері өзгерген, төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекеті тоқталған, Үкімет резервінің көбейген, ағымдағы қаржы жылында нысаналы трансферттердің пайдалынмаған сомаларын қайтарған жағдайларда міндетті түрде бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.
Республикалық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес Үкіметтің және (немесе) Парламент депуттаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджеттік комисия қарайды. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде Бюджеттік кодексте белгіленген республикалық бюджетті әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.
Бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда секвестр – бюджеттік қаражаттардың шығыстарын белгілі шектерде қысқартуды көздейтін арнайы механизм енгізіледі.
Республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленеді.
Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан кем сомаға секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, ал он пайыздан астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Алайда бюджеттік бағдарламалар қысқартылған кезде олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді секвестрлеу кезінде бюджеттік қаражаттар есебінен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет