ҚЎлпыбаев с



бет19/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Баға және қаржы. Баға – жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақшалай нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. Ұлттық табыс бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан ары бөлінетін үдерістің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс үдерісінде еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын құннан бағаның ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нәтижесінде бір қатар өндірушілерде көп құн, басқаларында аз құн өткізіледі. Мұндай жағдайда қайта бөлгіштік үдеріске өзінің әдістерімен қаржы араласады: ол құнның бір бөлігін (мысалы, акциздердің, экспортқа немесе импортқа салынатын салықтардың, кедендік баждардың көмегімен) алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенция­лар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді. Бағаның құннан ауытқуын мемлекет бағалар саясатын жүргізгенде (мемлекеттік тапсырыс бойынша, мемлекеттік көтере сатып алу бойынша реттелетін бағалар, әлеуметтік тұрғыдағы төмен бағалар, жоғары сұраныммен анықталатын баға –монополиялық бағалар) әдейі белгілей алатынын есте ұстаған жөн. Рынок жағдайларында тауарлардың, қызметтердің сұранымы мен ұсынымы қалыптастыратын еркін бағалар басым болады.
____________
* Монетарлық (ақшалай-кредиттік) және фискалдық (салықтық-бюджеттік) саясаттарды жүргізу кезіндегі ақша мен қаржының өзара іс-әрекеті туралы қосымша 20.3 параграфты қараңыз.
Көрнекі, екі категорияның өзара іс-әрекеті трансферттік баға белгіленімі кезінде – бағаларды пайдалануды бақылап отыруда көрінеді, бұл бағаларды өзара байланысты тараптар қалыптастырады және (немесе) бұл тараптар арасында мәмілелер жасалған кездегі рыноктық бағалардан (олардың ауқымында) айырыла танылады. «Трансферттік баға белгіленімі туралы» Қазақстан Республикасы заңының нормаларына сәйкес тексерулер жүргізу барысында бағалар ауқымын ескере отырып, рыноктық бағадан мәміле бағасының ауытқу фактін анықтау кезінде уәкілетті органдар салық салу объектілеріне және салық салумен байланысты объектілерге түзету жүргізеді. Түзету мәмілелер бойынша жеңілдікпен салық салуы бар мемлекеттерде тіркелген тауар айырбастау (баспа-бас айырбастау) операцияларын жүзеге асыратын, салықтар бойынша жеңілдіктері бар, белгілі бір кезеңде залалдары бар, өзара есепке алу ретінде мәмілелерді жүзеге асыратын қатысушылармен жүргізіледі.
Салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объетілерді түзету негіздемесінде бюджетке салықтармен басқа міндетті төлемдер төленеді. Мәміле бағасының рыноктық бағадан ауытқу факті анаықталған жағдайда салықтық және кедендік міндеттемелерді азайтатын заңнаманың арнаулы қағидаларын қолданбай жалпы белгіленген тәртіппен жузеге асырылады.
Алайда бағаның іс-әрекеті мақсатты қаржылық ресурстардың тікелей жасалуын тудырмайды, ол тауар өндірісі мен айналысының құралы болып көрінеді. Айырбас актісі дегеніміз бір мезгілдегі сату (біреу үшін) мен сатып алу (басқа үшін). Тауарларды баламасыз сату кезінде «m»-нің үлесі азаяды немесе көбейеді, ал баламасыз сатып алу кезінде жаңа тауардың «C» және «V» көлемі мен үйлесімі өзгереді. Баға орын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, демек, пайдаға да ықпал етеді.
Бағада құнның барлық құрылымдық бөліктері тұжырымдалған, бұл бөліктер ары қарай бөлініп, қаржылық ресурстар мен қорлар түрінде өзінің экономикалық нысандарын алады. Экономикалық үдерістердің қатаң орталықтандырылуы жағдайында құнның бұл үлестері – амортизациялық аударымдар, жалақы, материалдық және басқа шығындар, табыс (пайда) – регламенттелінеді, ал рынок жағдайларында сұраным мен ұсыным факторларымен анықталады. Баға қаржы­ның жұмыс істеуі үшін жағдайлар әзірлейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде не қаражаттар қордаланылады, бірақ онда салықтардың сомасы көбейеді, не қоғамдық өнім өседі, бұл табыстың (пайданың) анағұрлым жоғары нормасы бар салаларға ауыстырылатын ресурстардың босап қалуына ұрындырады.
Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгіленген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып бөлудің бағамен басталған үдерісі түзетіледі. Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім-ақша қалыптасатын болса, қаржылық бөлу бұл түсім-ақшаны одан ары пайдалануға арналған мақсатты арналымы бойынша бөлшектейді. Сөйтіп, бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым иілгіш келеді, олар бұл үдерістегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Бөлу кеңділігінің дәрежесі әр түрлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті шығындардан ауытқуы немесе шығындардың жеке-дара шығындардан ауытқуы түріндегі оның тек бір бөлігін бөлетін болса, қаржы жалпы қоғамдық өнімнің бүкіл құнын қайта бөледі.
Баға бөлу үдерісіне бірінші болып кіріседі және ондағы бастапқы үйлесімдерді анықтайды. Құнның айналасында бағаның тербелісі қаржы үшін қызмет өрісін жасайды.
Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің объекті жалпы қоғамдық өнім құнының тек бір бөлігі болып табылатындығы (бағаның құннан ауытқитын бөлігі). Қаржы ішкі жалпы өнімнің бүкіл құнын бөледі. Бағамен бөлуге қатысты қаржылық бөлу қайталама болып табылады. Бағамен бөлу үлестірім бетінде байқалынбайды, ол түсім-ақшаның жалпы массасында жасырылған, ал қаржылық бөлу анық көрініп тұрады. Бағамен бөлу тек бөлумен, ал қаржылық бөлу бөлумен және қайта бөлумен сипатталады.
Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше рөл атқарады. Өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының арасындағы алшақтық амортизациялық қордағы елеулі ауытқуларға себепші болады. Өндіріске кепілге салынған (баламасыз сатып алуға қарай), құнның бағалық бұрмалануы баламасыз сату кезінде күшейеді және бөлу мен тұтыну стадияларындағы қайта бөлгіштік қатынастардың көбеюін тудырады.
Әсіреинфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті және бағаның бөлгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығынның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына ықпал жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет