ҚЎлпыбаев с



бет139/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Салалық белгiсi бойынша материалдық өндiрic сферасында мемлекеттiң шығыстары өнеркәсiпке, құрылыcқa, ауыл шарушалығына, көлiк пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлiнедi; өндiрiстiк емес сферада бiлiм беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеу-меттiк сақтандырy мен әлеуметтiк қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығын­дары болып бөлiнедi.
Мемлекеттiң шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиiмдiлiкпен пайдаланған жағдайда мемлекеттiк қажеттiлiктердi неғұрлым толық қамтамасыз eтyi тиiс. Осыған байланысты шаруашылық жүргiзудiң ерекшелiктерiмен анықталатын мемлекеттiң шығыстарын қаржыландырудың екі әдiсi бар:
1. Шаруашылық есептегі кәсiпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншiктi ресурстар, банк кредиттерi есебiнен және жетiспеген бөлiгi бюджеттік қаражаттар есебiнен жасалынады.
2. Бюджеттiк қаржыландыру. Бюджеттiк тәртiппен ерекше құжаттардың – қаржылаңдырудың дара жоспарларының негiзiнде әлеуметтiк-мәдени шаралар, мемлекеттiк билiк пен басқару органдарын ұстay, қорғаныc шығындары қаржылаңдырылады. Бюджеттiк тәртiппен қаржыланатын мекемелер мен ұйым­дар бюджеттiк деп аталады.
Ерекше жағдайларда әдiс peтiндe айналысқа қолма-қол ақша шығару және кредиттiк эмиссия есебiнен (қолма-қол ақшасыз) эмuссuялық қаржыландыру қолданылады.
Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берiлетiн нысаналы мемлекеттiк қаржылық көмектің нысаны – бюджeттiк қаржыландырудың мынадай нысандары қол­данылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар
Демеуқаржылар кезiнде aқшaлай қаражаттар қайтарусыз тәртiппен бюджет пен бюджеттік қорлардан кәсiпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшiн, сондай-ақ төменгi бюджеттердi баланстау үшiн бөлiнедi. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнiмдер мен тауарлардың әлеуметтiк қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын iшiнара өтеу түрiнде тараған болатын.
Субвенцuялар – халықты әлеуметтiк қолдауды қамтамасыз ету жөнiндегi бағдарламалар мен шаралаpға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектiң нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.
Субсuдuялар –үлестiк негiзде белгiлi бiр шараларды қаржыландыруғa бюджеттік, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебiнен aқшaлай және натуралдық нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) транс­ферттiк қаржыландырудың түpiн қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан белгiлi бiр қажеттiлiктердi қаржылаңдырy үшiн қаражаттарды қайта бөлу кезiнде оларды өтеусiз және қай­тарусыз берудi айтады. Әдеттегiдей, бұл әлеуметтiк сақтaндырy мен қaмсыздан­дыру бойынша төлемдер, жұмыссыздық бойынша, бiлiм беру, денсаулық caқтay, мәдениет жүйесiн және т.б. ұстayғa берiлетiн жәрдемақылар.
Айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің шығыстары мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу – акциялардың (үлестердің) елу және одан көп пайызын немесе мемлекетке жататын акциялардың бақылау пакетін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, заңи тұлғалардың және олармен қосылма заңи тұлғалардың қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы.
Мемлекеттік сатып алу жүйесі қоғам мен мемлекеттің орнықтылығын қамтамасыз ету тұрғы­сынан қызметтің маңызды сфераларында мемлекеттік монополияның қажеттігіне негізделеді.
Мемлекеттік сатып алу сферасындағы мемлекеттік монополия – тек қана мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік кәсіпорындардың заңнамалық актілер негіздемесінде, сондай-ақ бәсекені енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқық тәртібі, қорғаныс және қорғаныс-өнеркәсіп кешені мүдделерінің ұғынысы тұрғысынан қолайсыз болатын жағдайларда қызметтің шаруашылық жүргізілетін сферасы.
Бәсеке – тапсырыс берушінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға бағытталған және әлуетті жеткізушілер арасында ашық әрі адал бәсекені қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды жүргізу әдісі.
Мемлекеттік сатып алу үдерісін реттеу мына қағидаттарға негізделеді:
1) сатып алуға пайдаланылатын ақшалай қаражаттарды оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысу үшін барлық әлуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер беру;
3) әлуетті жеткізушілер арасында адал бәсеке;
4) мемлекеттік сатып алу үдерісінің жариялылығы.
Мемлекеттік сатып алу мына әдістердің бірімен жүзеге асырылады:
1) ашық бәсеке;
2) жабық бәсеке;
3) бағалық ұсыныстардың сұрау салуын пайдаланумен жеткізушіні таңдау;
4) бір көзден;
5) ашық тауар биржалары арқылы.
Бір немесе бірнеше секторлардың басымдығынан кетуді және экономиканың жаңа бәсекелі секторларын жасауды ұйғаратын ұлттық экономиканы әртарап­тандыру міндеті жоспарланатын мерзімге көкейтесті болып қала береді және осы үдерісті одан ары ынталандыру жөніндегі, экономиканы тездетіп дамытуды қамтамасыз ететін байсалды қадамдар мен нысаналы күш салуды қажет етеді.
Саяси, экономикалық және ұйымдық-құқықтық іс-шаралардың, экономика­лық саясат қағидаттарының, басымдықтарының жиынтығы болып табылатын Индустриялдық-инновациялық дамуды іске асыру шеңберінде постиндустрияландыру мен үдемелі инновациялық даму жағына экономиканың құрылымында сапалы өзгерістерді жүргізуді қамтамасыз етуге бейім мемлекеттің қолда бар ресурстық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға негізделген.
Стратегия шараларын қаржыландыру үшін бюджеттік қаражаттар ғана емес, сонымен бірге даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қаржылық ресурстары, сондай-ақ жаңа технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді жасауға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ең басымды және тиімді жобаларды іске асыру үшін халықаралық ұйымдар мен донор-елдердің көмегі пайдаланылады.
Мыналар мемлекеттік сатып алулардың предметі болып табылмайды: қоғамдық жұмыстар; жалақы, жәрдемақы, іссапардың шығыстары; өкілдік шығыстар; көрмелерге, семинарларға, конференцияларға, кеңестерге қатысу үшін қажетті шығыстар; шетелде жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру; лизингтік қызметті жүзеге асыру шеңберінде лизингке беру мақсатымен мүлік сатып алу; лизингке, факторингке, франчайзингке беру, комиссияға келісімшарт бойынша сыйақы төлеу, сенімгерлік басқару; қаржылық қызметтер (сақтық қызметтерді шығарып тастағанда); қайтарусыз негізде берілетін гранттар қаражаттарын жұмсау; мемлекеттік білім беру тапсырысы; тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі; бағалы қағаздар сатып алу; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық қызметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару бойынша оның қызметі; мемлекеттік органдар актілерінің негізінде жер учаскелерін беру үшін ақы төлеу; тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірқатар басқа түрлері.
Осы жағдайларға қарамастан, аталған сатып алуларды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алулар үдерісін құқықтық реттеудің қағидаттарын басшылыққа алулары тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет