ҚЎлпыбаев с



бет172/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік қаражаттар көлемінің шегінде жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
Бюджеттік кодексте сәйкес бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілер бюджеттің атқарылу негізі болып табылады. Бюджеттің атқарылуының негізі мыналар болып табылады:

  1. Бюджеттік кодекс

  2. Жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі

  3. Қаржы жоспары туалы жергілікті атқарушы ргандарының қаулысы.

  4. Жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы.

  5. Жергілікті бюджеттің атқарылыу барысында қабылданатын жергілікті атқаруша органның шешімі.

  6. Жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары.

  7. Нысанала траснфеттер бойынша нәтижелер туралы келісісмдер.

  8. Міндеттер бойынша қвржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары.

Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі шоттар республикалық бюджеттің атқарылуы кезінде қолданылатын шоттарға ұқсас.
Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуі болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған бюджеттік қаражаттарды Бюджеттік кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік-құқықтық актілердің қағидаларына сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында өздерінің пайдалануы болып табылады.
Жергілікті бюджеттік қаражаттарының қалдықтары жоғарғы бюджетке алып қоюға (аударуға) жатапайды
Жергілікті бюджеттердің бюджеттік қаражаттарының қалдықтары жоғарғы бюджетке алып қоюға
(аударуға) жатпайды.
Жергілікті бюджетті нақтылауды оның атқарылуы барысында Бюджеттік кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы орган және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негіздемесінде жүзеге асырылады. Бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды.
Жергілікті бюджеттерді атқару кезінде республикалық бюджеттегі жағдаятқа ұқсас секвестр қолданылуы мүмкін.
Сондай-ақ түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттер түзетілуі мүмкін.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік мониторингті жүзеге асырады.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ай сайын кейінгі айдың бірінші жұлдызындағы жай-күйі бойынша әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға, ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ бюджетті атқару жергілікті бюджеттен атқарылуы туралы есепте.
Стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есепті жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде әкімге, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нәтижелерді бағалауын жүргізуге ұсынады.
Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы бюджеттердің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, мемлекеттік жоспарлау және Үкімет уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшалармен бірге:

  1. ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың

тексеру комиссиясына;

  1. ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,

астананың мәслихатына ұсынады.
Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және Үкімет уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсынады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшаларымен бірге:

  1. ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей құрамына тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала)

кіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;

  1. ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына

ұсынады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Бюджеттік шешімдер қабылдауды оңтайландыру қаржыландырудың дара жоспарларын нөлдік негізде жасау және бюджеттерді жоспарлау, бағдарламалау (БЖБ) жүйесін пайдалану әдісі арқылы мүмкін.
Бюджеттерді нөлдік негізде жасау әдісі мынада: жыл сайын жаңа қаржыландырудың дара жоспары жасалынады, ал бюджеттік мекеме өзінің бағдарламасын толық негіздеуі және басымдықтарды анықтауы міндетті.
Бұл жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларды қаржыландыруды жоққа шығармайды, бірақ Қаржы министрлігі анықтайтын бюджеттік мекемелер қаржыландырудың дара жоспарын жасау кезінде пайдаланатын бюджеттік өкімхаттарда (циркуляцияларда) осы бюджеттік мезгілде өткізіліп жатқан салықтық-бюджеттік саясат шеңберінде ғана.
БЖБ әдісі ұйымдық шаралар мен әр түрлі мекемелер арасында ресурстарды бөлудің қандай ұштастырылуы нәтижеліктің ең жақсы көрсеткіштеріне жетуге ең жоғары дәрежеде жәрдемдесетінін анықтау үшін бюджеттік бағдарламалардың өлшеуге еретін нәтижелерін қаржыландыру үшін пайдаланылады. Бұл әдісте шығыстардың нормалары пайдаланылуы мүмкін. Сөйтіп, жергілікті буындағы бюджет рәсімі тиімділік өлшеміне негізделуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет