ҚЎлпыбаев с



бет205/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

18.5. Мемлекеттік әлеуметтік
трансферттер

Үй шаруашылықтарының ақшалай табыстарына сонымен бірге мемлекет­тік әлеуметтік трансферттерді зейнетақыларды, жәрдемақыларды және түрлі деңгейлер бюджеттерінен және бюджеттен тыс қорлар қаражаттарынан төлене­тін басқа төлемақыларды жатқызады.


Қазіргі кезде халықты әлеуметтік қорғаудың төрт деңгейлі жүйесі қалыптасқан: бірінші деңгей – мемлекеттік бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар: базалық зейнетақы төлемдері, мемлекеттік жәрдемақылар, баланың дүниеге келуіне біржолғы төлемдер; екінші деңгей Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан ортақ зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер төлеу, яғни барлық жұмыскерлер аударым жасайтын, ал зейнеткерлік жасқа толғандар немесе тиісті сақтық жағдайы орын алғанда алатын орнықтылық қағидаттарымен жүзеге асырылатын төлемдер; үшінші деңгей – міндетті зейнетақы жарналарының есебінен төленетін зейнетақы төлемдері, яғни адамның жеке салымдарына тәуелді жүзеге асырылатын төлемдер; төртінші деңгей – ерікті сақтандыру есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер.
Үкіметтік бағдарламаларда халықтың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша нысандарын дамыту қарастырылған.
Қазақстанның стратегиялық жоспарларына сәйкес рыноктық қағидаттар және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтық ұйымдарының мүмкіндіктерін неғұрлым кенінен пайдаланатын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің жаңа тұжырымдамасы енгізіледі. Бұл азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруды ғана емес, сонымен бірге елдің экономикасын ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша институционалдық мүмкіндіктерін де қамтамасыз етеді.
2010 жылы республикалық бюджетте әлеуметтік қамсыздандыруға және көмекке арналған шығыстар 19,8%-дан артық көбейтілді. Бұл шығыстардың көлемі 833,6 миллиард теңгеге («Жол картасы» бағдарламасын есепке алмағанда) жеткізілді, бұл іс жүзінде жалпы қоғамдық өнімнің 20%-ын немесе елдің ІЖӨ-інің 5%-ын құрайды.
Әлеуметтік сақтандыру (қамсыздандыру) көбiнесе зейнетақымен қамтамасыз ету арқылы iскe асырылады.
Зейнетақы – бұл қартайғанда, толық немесе ішінара еңбек ету қабілеттігінен, асыраушысынан айырылған және заңда көзделген басқа жағдайларда азаматтарды қамтамасыз ету үшін берілетін ай сайынғы ақшалай төлемақы, қызмет атқарған уақыттағы табыстың бір бөлігі. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері тек қана жұмыс өтіліне және зейнетақыны есептеу үшін берілген орташа айлық табыс деңгейіне байланысты болады. Зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Осы заңның ықпалымен қазіргі күні елімізде зейнетақымен қамтудың төрт деңгейі қалыптасып отыр.
«Қазақстан Респyбликасында зейнетақымен қамсыздандырy туралы» 1997 жылы маусымның 20-сындағы заңның қабылдануымен байланысты зейнетақы реформасы басталды. Оның мәні – 1997 жылға дейiн өмip сүрген зейнетақымен қамтамасыз етудің зейнетақы қорларын қалыптастыру кезiндегі ұрпақтардың ынтымақтастық қaғидaтынaн дара қорланымдардың қaғидaтынa көшуде болды. Бұл үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесі (соның ішінде Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры) және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттiк орталық қарастырылған. Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры жалақының барлық түрлерін, әр алуан сыйлықақыларды, үстеме ақыларды, үстемелерді қоса, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын заңи тұлғалардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің, aдвокaттap мен жекеше нотариустардың ай сайынғы aқшaлай немесе натуралдық нысандағы табысынан (жұмыc берушiнiң материалдық, әлеуметтік игілiктер немесе басқадай материалдық пайда түрiндегі табыстарын қоса) он пайыз мөлшерiнде міндетті зейнетақы жарналары нысанында аудару жолымен қалыптасады. Бұл көздің есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорланымдары қалыптасады. Зейнетақы қорланымдарын қалыптастырудың басты мақсаты азаматтарды қартайғанда әлеуметтік қамтамасыз ету. Осыған байланысты жұмыскердің ай сайынғы табысынан ұсталатын және азаматтардың дара шоттарында жиналатын міндетті зейнетақы жарналары – бұл қатаң нысаналы ақша, график бойынша дүркін-дүркін төленетін төлемдер негізінде оның арналымы қарттықты қамтамасыз етуде болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет