ҚЎлпыбаев с



бет225/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

19.5. Сақтық рыногы


Сақтық рыногы – сақтық қызметтеріне сұраным мен ұсынымды қалыптас­тыру сферасы; сақтық қызметтерін ұсынатын әр түрлі сақтық ұйымдарының, сонымен бірге сақтық қорғауды қажет ететін заңи және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды білдіреді. Сақтық рыногында клиенттерді және олардың қосымша ақшаларын сақтық қорларына тарту үшін тәуелсіз сақтық ұйымдарының арасында бәсеке пайда болады.
Сақтандыру, табыс (пайда) алу мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде елестетіледі.
Сақтық рыногы сатып алу-сату объекті «ерекше тауар» – сақтық қызметі болып табылатын және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасатын ақшалай қатынастардың сферасы болып табылады.
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасын­дағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақ­тық қызметінің кең спектрін ұсынатын бірнеше мемлекеттік емес ак­ционерлік сақтық компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялар, меншіктің түрлі нысандарының қоғамдары пайда болды. Олардың қызмет сферасы сақтан­дырудың тәуекелдік түрлерін де: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді (валюта бағамының өзгеруі, ереуілдер кезінде кәсіпорынның тұрып қалуы, соғыс қимылдары, жұмыссыздық, экологиялық тәуекелдерді және т.б.) сақтандыруды кіріктіреді.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынынан озық қарқынын ескере отырып, отандық инвесторлар мен экспортерлерді сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында мамандандырылған корпорацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының даму институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты – 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден-бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты – бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қорғауды қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық кредиттер мен инвестициялық сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық, маркетингтік және ақпараттық қызметтер көрсетуді жоспарлайды.
Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар кіреді: алушының дәрменсіздігі, өзара келісімшартты орындауға қатысушы импортер (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан экспортерге немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер, іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер); импортер (реципиент) елі үкіметтерінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға шектеу енгізуі; экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу; революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және т.с.с.
Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация «Сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелді сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің әлуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді ішінара қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтандыру келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық рыногында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар болып табылады:сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері; сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; тәуелсіз актуарий; тәуелсіз бағалаушы; андеррайтер; алжастер; сюрвейер; сақтық омбудсманы; сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтық брокерлерінің бірлестігі; актуарийлер бірлестігі сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге заңи және жеке тұлғалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет