ҚЎлпыбаев с



бет248/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Эмuссuялық бағалы қағаздар шығару – эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздардың азамат­тық объектi ретiнде пайда болуына бағытталған ic-­әpeкетi, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi, осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылатын белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды) шығаруды жарияланған жарғылық капиталды құру мен өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент жүргізеді.
Бұрын айтылғандай, бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногында жүзеге асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру үдерiстерiнде, бiр жағынан, эмитенттердiң немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысының және, екiншi жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады.
Бағалы қағаздардың бастапқы рыногы көбiнесе Мемлекеттiк бағалы қағаздардың (МБҚ) шығарылымымен сипатталады. Iшкi мемлекеттiк борыштың шегiнде мемлекеттiк бюджеттi инфляциясыз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер мен Ұлттық жинақ aқшa облигацияларын шығарды. 1994 жылдың бiрiншi жартысында Қаржы министрлiгiнiң бағалы қағаздарының шығарылымы басталды.
Алғашқы мемлекеттiк бағалы қағаздар үш айлық қазынашылық мiндеттемелер – МЕККАМ болды. Алғашқы алты айда олар бойынша аукциондар өткiзудiң мерзiмдерi тұрақсыз, шамамен айына 1 рет болды және соңына қарай олар апта сайын жүргiзiле бастады. Қазiргi кезде Қаржы министрлiгiнiң МБҚ-ны орналастыру жөнiнде аукциондар аптасына 2-3 рет өткізіледі.
Мемлекеттiк бағалы қағаздардан басқа бастапқы рынокта мемлекеттiк емес (корпоративтiк және басқа) бағалы қағаздар айналысқа шығарылады.
Корпоративтік бағалы қағаздар нaғыз пайдалы, бiрақ сонымен бiрге қатерлі болып табылады, оларға кәсiпорындар мен компаниялардың акциялары, облигациялары жатады. Корпоративтiк бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы белгiлi бiр дәрежеде 1996 жылы жарияланған “Көгiлдiр фишкалар” бағдарламасымен байланысты.
2009 жылы мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында өсу қарқындары жоғары болды. Қаржы министрлігі жалпы сомасы 708,8 миллиард теңгенің облигацияларын орналастыруды жүзеге асырды, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 51,7%-ға асып түсті. Нәтижесінде айналыстағы Қаржы министрлігінің бағалы қағаздар көлемі бір жылдың ішінде 57,9%-ға көбейіп, 1228,2 миллиард теңгені құрады. Айналыстағы қағаздардың жылдық өсімі абсолюттік цифрларда 470 миллиард теңгеден асып түсті. 2009 жылы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары эмиссиясының көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есеге – 1446,5 миллиард теңгеге дейін қысқарды. Сонда да жыл аяғында ноталардың көлемі 2008 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 473,3 миллиард теңгені құрады.
2009 жылы қаржы рыногында теңгелік құралдар (инструменттер) бойынша табыс­тылықтың төмендеуі байқалынды. Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотала­рының тиімді табыстылығы 6,17-ден 2,23%-ға, Қаржы министрлігінің жылдық бағалы қағаздарының табыстылығы 7,64-тен 3,20%-ға төмендеді. 2010 жылы Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарын орналастыру көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,8% - ға төмендеп, 659,7 миллиард теңгені құрады. Оның бағалы қағаздарының көлемі бір жылда 29,6% - ға –1669,5 миллиард теңгеге өсті. Ұлттық банктің ноталары эмиссиясының көлемі бір жылда 3298,8 миллиард теңгені құрады, бұл 2009 жылдың көрсеткішінен 2,3 есе артық. Нәтижесінде айналыстағы ноталардың көлемі 1,9 есе көбейіп, 899,5 миллиард теңгені құрады. Қысқа мерзімді ноталардың табыстылығы 3,24 %-дан 2010 жылдың қорытындысы бойынша 1,38%-ға дейін азайды. Тұтас алғанда, айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі 2009 жылдың басында 1761,5 миллиард теңгеге қарағанда жыл аяғында 2569,0 миллиард теңгені құрады.
Мемлекеттiк эмuссuялық бағалы қағазды шығарудың, оларды тiркеудiң, орналастырудың, айналысқа жiберудiң және өтеудiң талаптары мен тәртiбi және эмиссия көлемi арнаулы заңдармен реттелiнiп, белгiленедi. Мемлекеттiк бағалы қағаздарға құқықтық бiрдейлендiру нөмiрлерiн беру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтар aктісімен белгiленедi.
Мемлекеттiк емес эмuссuялық бағалы қағaдap эмuссuясы бағалы қағаздар шығару туралы эмитенттiң шешiм қабылдануын; уәкiлеттi органда бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеудi; инвесторлар үшiн эмиссия проспектiсiнде болатын ақпараттарды ашуды; бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды; бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi табыс етудi қамтиды.
Ашық орналастыруды жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдардың акциялары эмиссияла­на­тын мемлекеттiк тiркеудiң, сондай-ақ акцияларды шығару және орналастыру қорытындысы туралы ­
есеп беру pәciмi мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Акционерлiк қоғамдардың – банктердiң және банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдapдың, бағалы қағаздар рыногының әуесқой қатысушыларының, бағалы қағаздар саудасын ұйымдастырушылардың, инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың және Орталық депозитарийдiң акцияларының барлық эмиссиялары мiндеттi мемлекеттiк тipкeyгe жатады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттандырылған және құжатсыздандырыл­ған нысандарда шығарылуы (документарлық) мүмкін. Бағалы қағаздар шығару­дың құжаттандырылған нысаны – бағалы қағаздарда мүлiктiк құқықтар бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiмiнде тiркелетiн шығару нысаны. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанын мемлекеттiк тipкeyгe табыс етiлген құжаттарға тиiстi өзгерiстер енгiзе отырып, эмитенттiң жоғарғы бaсқapy органының шешiмi бойынша эмитент өзгертуі мүмкін.
Құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар иелерiнiң құқық­тары осы бағалы қағаздарды көpceтyi арқылы расталады. Құжатсыздандырыл­ған нысанда шығарылған бағалы қағаздар меншiк иелерiнiң құқықтарын тiркеушiлер немесе нақты ұстаушылар растайды. Иелерiнiң талап eтyi бойынша бағалы қағаздарды тiркеушi немесе нақтылы ұстаушы оларға бағалы қағаздарға өздерi­нiң құқықтарын растайтын құжaттap беруге мiндеттi.
Бағалы қағаздармен мәмiлелер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында – қайталама рынокта жасалады. Бaғалы қағаздарды сатып алу-сату шарты тараптардың бiрiнiң талап eтyi бойынша нотариалдық куәландыруға тиiс.
Бағалы қағаздарды бастапқы иеленушілерге сататын эмитенттер мен инвестициялық институттар бағалы қағаздар эмиссиясының проспектін шығарады. Бұл құжатта эмитент, сатуға ұсынылатын бағалы қағаз­дар, рәсім және оларды шығару туралы деректер және сатып алу немесе одан бас тарту туралы шешімге әсер ететін басқа ақпарат болады.
Шығарылымға және айналысқа мемлекеттiк тiркеуден өткен және белгiленген тәртiппен тipкey нөмірін алған бағалы қағаздар жiберiледi.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы көпшiлiкке жариялаусыз немесе жарнамасыз инвесторлардың алдын ала белгiлi шектеулi саны арасында немесе инвесторлар­дың шектелмеген саны арасында ашық сату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Бағалы қағаздардың айналысы, яғни инвесторлардың арасында, соның iшiнде инвестициялық институттардың делдалдығы кезiнде оларды сатып алу-сату рыноктық бағалар бойынша жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың бағамы қор биржасында анықталады, ол бағалы қағаздардың табыстылығы нормасына (акциялар үшiн дивидендке, облигациялар үшiн пайызға) тура және несие пайызының бар деңгейiне кepi үйлесiмдi болады. Демек, бағалы қағаздардың бағамы табыс шамасына тiкелей байланысты болады. Атап айтқанда, акциялардың бағамы дивидендтiң көбеюiне орай артады және дивидендтiң төмендеуiне орай құлдырайды.Рыноктық бағам бағалы қағаздар сұранымы мен ұсынымының ара қатынасының әcepiмeн қалыптасады, ол көптеген факторларға және ең алдымен экономикалық факторларға байланысты. Дивидендтер көбейетiн және тиiсiнше бағалы қағаздарға сұраным артатын экономикалық өрлеу кезенiңде олардың бағамы артады, экономикалық дағдарыс кезiнде ол құлдырайды, өйткенi дивидендтер азаяды, несие пайызының нормасы өседі.
Акциялардың бағалары (бағамы) бiр акцияға ұлттық валюта бiрлiгiнде, ал облигациялар мен мемлекеттiк борыштық мiндеттемелер олардың атаулы құнынa (номиналға) пайызбен анықталады. Бағалы қағаздармен жасалынған мәмiлелер оларды белгiленген тәртiппен ресiмдегеннен кейiн ғана заңды деп есептеледi. Эмитент немесе инвестициялық институт бағалы қағаздарды сатарда инвесторларға мәмiле предметi болып табылатын бағалы қағаздар туралы, бұл бағалы қағаздарға салынған жұмсалымдармен байланысты тәуекелдiктер туралы, олардың табыстылығы, табыстарды алу тәртiбi және мезгiлдерi, бұл табыстарға салынатын салық туралы толық және объективтi ақпарат беруi
мiндеттi.
Мемлекеттік реттеу органдары бір инвестордың немесе олардың бір тобы сатып алатын бағалы қағаздардың үлесі туралы хабарламаны талап етуі немесе Баға мен монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетпен акционерлік қоғамдағы дауыстардың үлесіне әсер ететін заңнамамен белгіленген деңгейден асып түсуі кезінде бағалы қағаздар бойынша мәмілелерде келісімді талап ету мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет