ҚЎлпыбаев с



бет116/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

12.7. Жанама салықтар


Жанама салықтар – мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді және жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушілердің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу үдерісіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтыну салықтары болып табылатын акциздерді, сатудан алынатын салықты, қосылған құн салығын пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені, олардан жалтарыну қиынырақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз етеді және т.с.с.
Жанама салықтардан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің кірістерінде (кедендік төлемдермен бірге) 37,8%-ды (2010 ж.) құрайды.
Алайда тұтыну салығы өсуінің кемшіліктері де бар, бұл кемшіліктерге олардың инфляциялық және регрессивтік сипатын жатқызуға болады. Бірақ бұл салықтардың оң нәтижесі олардың теріс әсерін жауып кетеді. Егер баға есетін болса, сонымен бірге бюджет шығыстары да өсетін болса, онда бұл салықтардан түсе-тін түсімдер бағаның өсуімен көбейетін болады. Бұл әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қаражаттар алуға мүмкіндік береді. Бюджет жүйесіне инфляцияға қарсы автоматтық механизм кіріктірілетін болды.
Салық салу жүйесіне ортақ заңдылықтың болатынын есте ұстау қажет: экономиканың дағдарысы жағдайында, тұралаушылықта – өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа секторларындағы тоқырауда – салық салуды тұтынысқа объективті қайта бағдарлау болады. Осы кезде мемлекеттің шығыстары мұндай жағдайда қысқармайды, тіпті кейде халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуінің нәтижесінде оны әлеуметтік қолдауды кеңейту, экономиканың құрылымын қайта құруға, оның тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды және басқа кезек күттірмейтін шығыстарды арттыру қажеттілігінен көбейеді. Сондықтан салық ауыртпалығын көп тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі пайда болады. Бөлгіштік үдерістегі белгілі бір теңестіруге жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыттылығы осында көрінеді. Әлемдік тәжірибе мұндай практиканы қолдап отырады.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құн салығы (ҚҚС) болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу объекті материалдық шығындарсыз өндірілген өнім (амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін.
Бұл салықтың артықшылығы мынада: біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеуші-лер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді және үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді. ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. 2010 жылы мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 15,8%-ды, ал жалпы салықтық түсімдерде 23,1%-ды құрады.
«Қосылған құн» материалдық шығындарсыз өнім (амортизациялық аударымдары бар таза өнім) болып табылады; қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы,жарнама шығындары және бірқатар басқа шығындар (ссуда (несие) капиталы үшін пайыздар,рента, кейбір салықтар) кіріктірілуі мүмкін.Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен залалдардың орнын бағаларды көтеру жолымен толтырады және салықты төлеуді сатып алушыға ауыстырады.
Қосылған құн салығы – көп дүркінді, тауарды өндіру мен өткізудің әрбір сатысында өндіріп алынатын салық, ол өзіне тауар қозғалысының өткен стадияларындағы барлық алынымдарды қосып алады, бірақ мемлекетке тек осы тауардың өндірушісі тауарды өндіру мен өткізу стадиясында алынған қосылған құн салығы түседі. Сонымен бірге салықты өндіріп алу механизмі баға құрамында салықтың тізбектік және тұрақты жинақталуы есебінен бағалардың өсуі нәтиже бермейді: баға бір дүркінді салық салу кезіндегідей өседі. Бұл ретте кәсіпкерлердің салық жүйесі алдындағы теңдігі пайда болады, түпкілікті тұтынушыға баға қысымы азаяды.
Қазақстан Республикасында ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұрған мына тұлғалар: дара кәсіпкерлер; мемлекеттік мекемелерді коспағанда, заңи тұлға-резиденттер; қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер; сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару келісімшарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар; Кедендік одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар ҚҚС-ты төлеушілер болып табылады.
Салық заңнамасына сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт ҚҚС салынатын объектілер болып табылады.Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша,Қазақстан Республикасында ҚҚС-ты төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттен жұмыстарды,қызметтерді сатып алу бойынша ҚҚС-ты төлеуші жасайтын айналым салық салынатын айналым болып табылады, оған Салықтық кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған және өткізу орны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі айналым қосылмайды.
Жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналым жұмыстар­ды кез келген, соның ішінде өтеусіз орындауды немесе қызметтер көрсетуді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті білдіреді.
Салық салынбайтын айналым ҚҚС-тан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы емес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналым болып табылады.
Салық салынатын айналым мөлшері, мәміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға ҚҚС-ты енгізбей, өткізілетін тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету құны негізінде айқындалады. Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
Кедендік одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамалауға жататын, Кедендік одақтың аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда, салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне Кедендік одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауардың кедендік құны, сондай-ақ импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін кедендік төлемдердің сомалары кіреді.
Кедендік одақ шеңберінде салық салынатын импорт мөлшері түзетіледі.
ҚҚС бойынша есепке алуға қою салық кезеңі ішінде тауарларды (жұмы­с­тар­ды, қызметтерді) өткізу бойынша айналым белгілі бір минимумға жеткенде
(30 мың АЕК) жүзеге асырылады.
ҚҚС-ты төлеуші тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асыру кезінде көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алушыға шот-фактура ресімдеуі міндетті, онда салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС сомасы; салықтан босатылған айналымдар бойынша – «ҚҚС-сыз» белгісі көрсетіледі.
Бюджетке төленуге жататын салық сомасын есептеу кезінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, жұмыстарды және қызметтерді қоса, егер олар салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, алынған тауарлар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомаларын есепке жатқызуға құқығы бар. Сондықтан салық салынатын айналым бойынша бюджетке төлеуге жататын ҚҚС сомасы салық сомасы мен есепке жатқызылатын салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
ҚҚС бойынша есепке жатқызу үйлесімді немесе бөліністік әдіс бойынша жүргізіледі.
Үш кәсіпорындағы қайта өндіру өнімінің тізбектік қозғалысы кезіндегі 12 пайыздық мөлшерлемедегі ҚҚС-тың іс-әрекет механизмінің сызбасын мына сандық мысалдан бақылап отыруға болады (12.2 кестені қараңыз) (цифрлар жинақталған).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет