ҚЎлпыбаев с



бет176/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
1) зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;
3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халық­тың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.
90-жылдардың басы мен ортасындағы экономикалық дағдарыс әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауына да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уақтылы аударып отыруға төлеушілер мүдделігінің болмауы да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдылығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөрістің ең төмеңгі деңгейіндегі қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қорлар қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өнбойы индекстеп отыру қажеттігін тудырады.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.
1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
2) зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін күнкөрістің ең төменгі деңгейін сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
3) зейнетақы жинақақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын
межелеу;
4) зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;
6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
8) қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
9) зейнетақы жинақақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі.
КСРО кезінде зейнетақының негізінен бір ғана жүйесі – ынтықмақты зейнетақы жүйесі болғаны белгілі. Ол кәсіпорындардың зейнетақы қорына аударған жарналарының есебінен құралатын. Еліміз тәуелсіздікке ие болған кезде жарна аударатын кәсіпорындар санының күрт төмендеп кетуіне және еңбекақы төлеудің азаюына байланысты бұл жүйе дағдарысқа түсті. Оның үстіне 1990-1995 жылдар аралығында еліміздегі зейнеткерлер саны да 2412 мың адамнан 2980 мың адамға дейін өсіп, зейнетақы қорына түсетін жүктемені елеулі түрде арттырып жіберген болатын.
Осыған орай 1997 жылы еліміздің зейнетақы жүйесіне реформа жүргізілді. Ол Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесін көп деңгейлі етуге бағытталды. 1990 жылы 1 қаңтардан бастап елімізде қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес зейнетақымен қамтудың аралас жүйесі іске қосылды. Осы жүйе бойынша зейнетақы төлеудің мемлекеттік бөлу және жинақтау жүйелері пайда болды. Олар халықты зейнетақымен қамтудағы жауапкершілікті мемлекетке, жеке жұмыс берушіге және жұмысшының өзіне бөліп жүктеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет