Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға адам жұмыссыз ретінде тіркеуге өтініш берген күннен бастап тағайындалады және оның мөлшері әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың орташа айлық мөлшерін тиісінше табысты алмастыру коэффициенттеріне және қатысу өтілінің коэффициенттеріне көбейту арқылы тағайындалады. Бұл ретте кірісті алмастыру коэффициенті – 0,3 болады, ал қатысу өтілінің коэффициенті «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңға сәйкес есептеледі.
Әлемнің көптеген елдерінде жұмысынан айырылғанда әлеуметтік қорғау шаралары қолданылады. Бұл шаралар жұмыскерлердің еңбек қызметінен жоғалтқан табыстарына өтемақы төлеудін әр түрлі әдістерін кіріктіреді; олардың біліктілікке, жұмыс өтіліне, жұмысынан айрылу себептеріне, отбасының табысы деңгейіне және т.б. байланысты саралануы мүмкін. Тиісінше, жұмысынан айырылғандарға төлемақылар үшін қорларды қалыптастырудың әдістері, бұл қорлардың деңгейі және олардан төленетін төлемақылардың мезгілдері ажыратылады.
Жұмысынан айырылғандар қысқартылғандар және жұмыссыздар мәртебесіне бөлінуі мүмкін. Бірінші жағдайда жаңа жұмыс іздеу кезінде (белгілі бір мезгілде) орташа жалақысының, жұмыс өтілінің сақталуына рұқсат етіледі, әлуетті жұмысқа орналастырудың басқа мүмкіндіктері болуы мүмкін.
Жұмыс іздеуші, жұмыспен қамтудың мемлекеттік службасында тіркелген және өзінің біліміне, кәсібіне, еңбек машығына сай келетін жұмыс алуға нақты мүмкіндігі жоқ еңбекке жарамды азаматтар жұмыссыздар деп саналады.
Жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақылар төленеді. Жәрдемақы жұмыссыз ретінде тіркелген мезеттен жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілгенге шейін, бірақ заңнамен белгіленген мезгілден аспайтын уақытқа төленеді.
Әр түрлі елдерде жұмысынан айырылғанда әлеуметтік қолдауды қаржыландыру үшін қаражаттарды қалыптастырудың өзіндік механизмдері қолданылады. Бірақ негізінен жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды (зейнетақыларды) қаржыландыру еңбекке ақы төлеу қорынан жұмыс берушілердің сақтық жарналары есебінен жүргізіледі. Мұқтаж адамдарда жұмыссыз мәртебесі болмаған жағдайда (мысалы, өтілі бойынша) олар әлеуметтік көмекті көбінесе жергілікті бюджеттерден немесе қайырымдылық қорларынан алады.
Үкімет және жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарлары негізінде халықты жұмыспен қамтудың бағдарламаларын әзірлеп, бекітеді. Мемлекет халықты жұмыспен қамту сферасында азаматтарға әлеуметтік қорғандыруды кепілдендіреді.
Қазақстан Республикасы заңнамасымен жұмыспен қaмтy бағдарламалары жергілiктi бюджеттерден қaржыландырылатыны аннықталған. Жұмыссыздықтaн мемлекеттiк әлеуметтік қopғаy мына шараларды кiрiктiредi:
1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2) кәсіптік даярлау, бiлiктiлiктi жоғарылату және жұмыссыздарды қайта даярлау олар үшiн қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;
3) қоғамдық жұмыстармен қaмтылған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
4) табысы аз азаматтардан шыққан жұмыссыздарға мемлекeттiк атаулы көмек көрсету.
Қоғaмдық жұмыстарды орталық және атқарушы органдар ұйымдастырады, республикалық және жергілiктi бюджеттердің қаражаттарынан және олардың өтінiмдepi бойынша жұмыс берушiлердің қаражаттарынан қаржыландыpылады.
Қазақстан Республикасының «Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» заңыңда және oған сәйкec қабылданған өзге заңнамалық актiлерiнде көзделген негіздерде және тәртiппен азаматтардың арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы – әлеуметтік қоpғayды қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан берiлетін ақшалай төлем алуға құқығы бар. Арнаулы бұл жәрдемақы
1999 жылдың 1 cәyipiнeн бастап жәрдемақы aлуға құқығы бар азаматтарға*23 заңда көрсетiлген мөлшерде ақшалай өтемақы төленедi.
Бiр мезгілде әр түрлi арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бiр жәрдемақы тағайындалатынын атап айту қажет.
Өндiрiстердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткiштердің Yкімет бекiтетін №1 тізімі бойынша жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы қарастырылған. Мұндай жәрдемақы еркектер – 53 жасқа толғанда және жұмыс өтілі кемiнде 20 жыл болып, оның кемiнде 10 жылын аталған жұмыстарда iстегенде; әйелдер – 48 жасқа толғанда және жұмыс өтілі15 жыл болып, оның кемiнде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда icтегенде оларға тоғыз АЕК мөлшерінде тағайындалады. Ал осындай №2 тізім бойынша еркектер – 58 жасқа толғанда және жұмыс өтілі кемiнде 25 жыл болып, оның кемiнде 12 жылын аталған жұмыстарда iстегенде; әйелдер – 53 жасқа толғанда және жұмыс өтілі 20 жыл болып, оның кемiнде 10 жыл аталған жұмыстарда icтегенде оларға сегіз айлық АЕК тағайындалады.
Еңбек жағдайлары ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда және зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және уәкілетті орган бекіткен еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың,кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне (тізбесіне) сәйкес қосымша ақы төлеу көзделген.
2000 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді. Осы заңға сәйкес 1-ші тізімге енген азаматтар республикалық бюджеттен әлеуметтік жәрдемақыны зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін алады. Ал зейнеткерлік жасқа толған соң, ол азаматтардың мәселесі қайта қаралып, еңбек өтіліне және табысының мөлшеріне қарай зейнетақы тағайындалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы Жолдауына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтарға ауыр және зиянды өндірістерде белгілі бір өтіл жинаған азаматтар үшін 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап №2 тізім бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы енгізілді.
Көрсетілген жәрдемақылар, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген аға буын азаматтарға жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасына жеткенде әлеуметтік қолдау алу құқығын бере отырып, оларды әлеуметтік қорғау проблемасын белгілі бір деңгейде шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ең төменгі күнкөріс деңгейінен еселенген мөлшерде белгіленеді (2006 жылдың басына дейін – айлық есептік көрсеткіштен). Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемақылар, сондай-ақ азаматтың қайтыс болуы нәтижесінде залал шеккен адамдардың зияндарын өтеуді сақтық компаниялары өздеріне алған. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды мемлекет төлейді. Барлық төлемақылар кездейсоқ жағдайға дейін адамның алып жүрген жалақысына тікелей байланысты болып келеді.
Тұтас алғанда 2009 жылы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдем-ақылардың мөлшері орта есеппен 14 пайызға арттырылды.2009 жылдың 1 желтоқсанына қарасты деректер бойынша, республикада 638,9 мың мүгедек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен қосымша әлеуметтік төлемдер алады. Елімізде 43,4 мыңнан астам азамат 1 және 2-ші тізімдер бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақылар алады. Бұл жәрдемақы мөлшері 2009 жылы 11 пайызға артты. 2015 жылға қарай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе арттыру көзделген.
«Meмлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңғa сәйкес жан басына шаққанда өңірлерде белгіленген кедейлiк деңгейiнен төмен орташа табыс алатын халықтың бәрi атаулы көмекпен қамтылады. Негізiнен олар кәмелетке толмаған балалары, жұмыссыздары, мүгедектерi бар отбасылар. Кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейі өңірлер бойынша сараланатындықтан, заң әрбір отбасының табысын нақтылауға мүмкіндік береді. Азаматтардың қайда тұратынына қарамастан, өздерін отбасында жан басына шаққанда кедейлік шегі деңгейінде орташа табыспен қамтамасыз ететіндей әлеуметтік көмек алады. Мысалы, жергілікті бюджеттерде аз қамтамасызетілген отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеу қарастырылған. Заңға сәйкес, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдарда тіркелмеген еңбек жасындағы жұмыссыздардың әлеуметтік көмек алуға құқылары жоқ. Мүгедектер, айдан астам уақыт стационарлық емдеуде жатқан адамдар, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жасы 80-нен асқан кiсiлерге, 7 жасқа дейiнгі балаларға күтiм жасаумен айналысатын азаматтар, оқушылар мен cтyдeнттep бұл санатқа жатпайды. Сонымен бiрге, жұмыспен қамту органдарына өтінiш берген жағдайда, еңбекке жарамды адамдарға лайықты жұмыс немесе қоғамдық жұмыстарға қатысу ұсынылады. Бұл жұмыстардан бас тaртқaн жағдайда олар алты ай мерзiмге дейiн атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады. Заңда атаулы көмек тағайындату үшiн өтінiш білдiрудегі рәсiмдер жеңiлдетiлген.
Қазіргі кезде Қазақстанда мынадай жәрдемақылар төленеді:
1) жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау;
2) жүктілігіне және босануына байланысты;
3) бала туғанда берілетін жәрдемақы;
4) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты;
5) мүгедек баланы тәрбилеушіге берілетін жәрдемақылар;
6) жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және т.б.
Бұл бағыт бойынша қаржыландыру: 1 тармақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс берушілердің қаражаттары есебінен, 2-6 тармақтар жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жәрдемақылар алмайтын зейнеткерлерге бір АЕК мөлшерінде арнаулы қалалық жәрдемақы бөлінеді. Мысалы, Алматы қаласында мұндай жәрдемақыны 130 мың жасы келген азаматтар алады.
Достарыңызбен бөлісу: |