ҚЎлпыбаев с



бет222/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

19.3. Әлеуметтік сақтандыру

Қаржы жүйесiнiң дербес буыны ретiндегi сақтандырy әдетте ойда болмаған және төтенше оқиғаға байланысты белгiлi бip объектiнi сақтандыру мен әлеуметтiк қамсыздандыру (сақтандыру) сияқты eкi оқшауланған ныcaндa ic-әрекет eтeтiнi белгiлi. Сақтандырy мәселесi, медициналықты қоспағанда әлеумет­тiк caқтaндыpy проблемаларымен – халықты әлеуметтiк қорғay жүйесiмен тiкелей байланысты.


Алайда халықты әлеуметтік қopғay сферасына «әлеуметтiк қамсыздандыру» мен «әлеуметтiк сақтандыру» терминдерi сипатты болғанымен бұлар бара-бар ұғымдар емес. Әлеуметтiк қамсыздандыруды халықты әлеуметтiк қopғay үдерiсi деп, ал әлеуметтiк сақтандыруды – осы үдерicтi жүзеге асыру нысандарының бiрi деп түciнгeн жөн. Сонымен бірге бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жармасыздар үшін қор­ларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.
Әлеуметтік сақтандыру деп әдетте еңбек ету қабілетін жоғалтқан және (немесе) жұмысынан айырылған жағдайларда азаматтарды материалдық қолдау және олардың денсаулығын қорғау үшін қоғамдық өнім құнын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесін айтады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы №886 қаулысымен мақұлдаған Қазақстан Республикасында Халықты әлеуметтік қорғаудың тұжырымдамасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың мүмкін болатын әлеуметтік қатер туған жағдайда халықты әлеуметтік қорғаудың көпдеңгейлі жүйесін қалыптастырудағы бағыттарын айқындап берді. Рыноктық экономика жағдайларында әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектен басқа халықты әлеуметтік қорғаудың басым түрлерінің бірі әлеуметтік сақтандыру болып табылады.
Қазақстанда 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуіне 2004 жылдың 27 ақпанында мамандандырылған институт – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы себеп болды.
Әлеуметтік сақтандыру қоғамдық игілік туралы қамқорлық идеясына негізделген және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігін құрады. Ол, бір жағынан, осы саясатты іске асыру механизмі ретінде, халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың негізі ретінде; басқа жағынан, объекті жалпы бүкіл халық, сол сияқты әлеуметтік тәуекелдердің болу критерийлері бойынша бөлінген жекелеген әлеуметтік топтар болып табылатын қартайған жағдайда, денсаулықты, мүліктік мүдделерді қорғау жағдайында азаматтарды материалдық қамтамасыз ету жүйесі ретінде болып келеді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қаржылық механизмі әлеуметтік салықтар мен сақтық жарналары есебінен сақтық қорларын қалыптастыруға негізделген.
Сөйтіп, әлеуметтiк сақтандыру өзiнiң экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек қызметiмен және бұл қызметтiң нәтижесiне байланысты болып келетiн тиiстi төлемақыларғa арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады. Яғни әлеуметтiк сақтандыpy жөнiндегi қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзiн-өзi қаржыландыру қағидаты бойынша, пайдаланушының (сақтанушының) оларды алуына қарай көп немесе аз yaқыт аралығымен жасалынады. Әлеуметтік сақтандыру басым түрде зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, жәрдемақылар төлеу, еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдайдайларда, жүктілігіне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемақылар арқылы іске асырылады.
Әлеуметтік сақтандыру тым жалпы жүйе – әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының бірі болып табылады. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.
Әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілетін уақытша немесе үнемі жоғалтқан азаматтар үшін сақтық әдісін қолданумен қорды қалыптастыруға және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастарды білдіреді. Бұл ретте жұмыс істеген немесе уақытша ауру себепті жұмыс істемейтін азаматтардың контингенттерін ойға алу; сөйтіп, әлеуметтік сақтандырудың маңызды ерекшелігі оның бүгінгі немесе бұрынғы жұмыскерлердің еңбек қызметімен тікелей байланысты болып табылатындығында.
Әлеуметтік қамсыздандыру еңбек ету қабілетін немесе оған иелік етуден айырылған азаматтарды қолдау үшін, яғни барлық азаматтар үшін еңбек қызметіне олардың қатысуына қарамастан қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қатынастарды білдіреді, бұл үшін айтылған қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі пайдаланылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категориялары­ның іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің, атап айтқанда, оның құрамды бөліктері бірінің – жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен – еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.
Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің мынадай негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады.
1. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.
Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді.
Сонымен қатар төленген әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын азайтатындықтан әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық ауыртпалығын түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік аударымдар төленген тұлғалар ғана алады және әлеуметтік төлемдердің мөлшері төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.
2. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды ерекшелігі – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып табылады. Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған.
Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды.
Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді.
Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.
3. Резервтерді қалыптастыру – әлеуметтік сақтандыруды қаржыландыру әдісі.
Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың екі негізгі әдісі қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет