ҚЎлпыбаев с



бет235/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Неолибералдық бағыт «аралас экономика» мен «жалпыға ортақ береке мемлекетінің» тұжырымдамаларын біріктірді, бұл тұжырымдамалардың өкілдері тиімді капиталистік өндіріс қағидаттарын табыстарды бөлудегі әділдікпен ұштастырды. Олар шаруашылықтың негізгі салалары жекеше секторға жататын болса, ал мемлекеттік меншікте экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдар шоғырланғанда «аралас» тұрпат экономикасы ең тиімді экономика болуы тиіс деп санады. Бұдан басқа ұлттық табысты бөлуде мемлекеттік қаржылар үлкен рөл атқаруы тиіс, олар «табыстардағы теңестіруге» мүмкіндік туғызуы тиіс.
Неолиберализм (Дж. Гэлбрейт) қоғамның жиынтық сұранымына мемлекет ықпалының қажеттігі туралы кейнстік идеяны мойындайды, мемлекеттің араласуын индустриялдық жүйенің етене талабы ретінде қарастырады. Бұл теория өндіргіш күштердің дамуы шаруашылықта жоспарлық негізді енгізуді талап етеді деген қорытындыға жақындап келеді. Сұранымды реттеуде салық жүйесіне маңызды рөл беріледі, салықтар «циклдік саясатқа қарсы» құрал болып табылады. «Бұл реттеу тек салықтар жиынтық қоғамдық өнімнің едәуір бөлігін құрағанда ғана елеулі болады»*.
Салықтардың өсуін Дж. Гэлбрейт сұранымды реттеу құралы ретінде шығыстарды қар­жыландыру қажеттігімен байланыстырады. Ол экономикалық өсімнің қарқындарын көп жағынан айқындайтын классиктердің «адами капиталға жұмсалымдар» туралы тұжырымдамасын дамытты. Неокейнсшілерден айырмашылығы, ол бюджет тапшылығының қас дұшпаны, өйткені бұл оның «балансталатын экономика» идеясымен үйлеспейді. Ол инфляцияға да қарсы, өйткені ол кедейлікті асқындырады. Дж. Гэлбрейт әскери шығыстарды сақтауды жақтайды, өйткені олар салықтық табыстардың бір бөлігін жеп қояды. Ол капиталистер кірістерінің жоғары деңгейін салық жеңілдіктерін жою және салық заңдарындағы салық «іліктерін» жою арқылы қысқарту керек деп санайды.
Егер кейнсшілер нәтижелі сұранымды экономикалық тепе-теңдікке жетудің басты құралы деп санаса, неоконсерваторлар ұсынымды санайды, егер кейнсшілер мемлекет қаржысының сферасын кеңейтуді жақтаса, неоконсерваторлар оны қысқартуды жақтайды, егер, кейнсшілердің пікірінше мемлекет шығыстарын қарыздар шығарымымен қаржыландыруға болады десе, неоконсерваторлар мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын баланстау міндетін қояды. «Ұсыным экономикасының» теориясы экономикалық өсімнің бастапқы басталған жері ретінде адамдардың мінез-қылығын қарастырады. Кейнсшілер айтқан «нәтижелі сұраным» емес, ақырыда өндіріс дамуын өзінің қажеттіліктерімен және ынтасымен адам айқындайды. Неоконсерваторлар мемлекетке және оның қаржы жүйесіне шаруашылықтың құрылымдық қайта құру және ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру жөнінде бірқатар міндеттер жүктейді. Мемлекеттік реттеу әдістемелерінде неоконсерваторлар ақшалай-кредиттік айла-шарғыға, яғни айналыстағы ақша массасының өсу қарқындарын реттеуге бағытталған монетарлық (ақшалай) саясатқа басымдық береді.
Монетаризм (америка экономисі М.Фридмен) ақша айналысын экономикалық үдерістерді реттеудің басты құралы деп мойындайды. Бұл ретте рыноктар-бәсекелесті болады және макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді деп болжанады. Экономиканың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуын азайту жөнінде курс жүргізіледі. Ақша экономикалық үдерістерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қаралады. Айырбастың теңдеуіне салынған қағидат пайдаланылады:
М х V = Р х Q
Теңдеудің сол жақ бөлігінде сатып алушылардың өндірілген игіліктердің көлемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың жалпы саны, ал оң жағындағы бөлігінде бұл көлем сатушыларының түсім-ақшасы көрсетілген.
Монетаризм ақша жылдамдығы тұрақты дегенге сүйенеді (тұрақты экономика үшін бұл тұтас алғанда шындыққа сәйкес келеді). Онда өндіріс көлемін өзгерту қарқыны айналыстағы ақша санының өзгеру қарқынымен тура келеді және егер мемлекет өндіріс көлемін көбейткісі келсе, ол бұған ақша массасын тиісті мөлшерге көбейтумен жетеді.
Егер міндет инфляцияны жеңіп шығуда (бағалар деңгейін төмендетуде) болса, онда бұған P=M x V : Q тәуелділігіне сәйкес ақша массасының қажетті мөлшеріне азайту жолымен қол жетеді, егер өндіріс көлемі тұрақты болса, онда бағаларды төмендету қарқыны ақша ұсынымын азайтуға түгелдей байланысты болады.
Монетаристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды кіріктіреді:
1) бюджет тапшылығын қысқарту (мемлекеттік инвестицияларды, әлеуметтік шығыстарды, субсидияларды секвестрлеу, мемлекеттік сектордың қызметтеріне бағаларды арттыру, салықтарды көбейту);
2) тұтыну сұранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу;
3) шектеулі кредиттік-ақшалай саясат, ақша эмиссиясына және Орталық банктегі мемлекеттік қарыздарға лимиттер енгізу, банктік пайыз мөлшерлемесін көбейту;
4) бағаға және экспорттық-импорттық операцияға бақылауды әлсірету, экономиканың экспорттық секторына ресурстардың қайта құйылымын көтермелеу;
5) төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау*;
Бірақ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет:
1) ақша массасына бағалардың жоғары икемділігі;
2) әлемдік бағалардың қозғалысына ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі;
3) бағалардың қозғалысына тауарларды өндірудің (ұсынудың) жоғары икемділігі;
4) экономикалық ресурстардың едәуір өзара алмасушылығы (ұсынымның өзгергіштігімен байланысты).
Монетаризм теориясының жақтаушылары кейнсшілердің фискалдық теориясы капиталистік экономиканың, әсіресе ақша айналысының жай-күйін нашарлатып жіберді деп санайды. Айналыстағы ақша массасы бұл көрсеткіш өзгерісінің атам заманғы үрдісіне сәйкес жыл сайын 3-5%-ға өсуі тиіс, сондықтан ақшалай саясаттағы автоматизм экономиканың өзін-өзі реттеуіне мүмкіндік туғызады. М.Фридмен ақшалай саясат іскерлік белсенділіктің қысқа уақытта құлдырауынан сақтап қала алмайды, ал оның баяу құлдырауы тіпті пайдалы, өйткені олар рентабелділігі төмен, бәсекеге жарамайтын шаруашылықтарды жоюға жеткізеді деп пайымдайды. М.Фридмен кейнсшілдер ұсынған «дәл күйге келтіру» қаржылық саясатын сынайды. Бұл саясат конъюнктуралық жағдайларға тәуелді болады және циклдің әрбір фазасында өзгеріп отырады. Алайда үкіметтің іс-шаралары үнемі кешіктіріледі және мысалы, дағдарыстық фазаға есептелген олар өрлеу фазасында немесе, керісінше, жүзеге асырылады. Ал бұл дағдарыстардың әлеуметтік-экономикалық салдарларын әрдайым күшейтіп отырды, ұлттық табыс көлеміндегі және жұмыспен қамтылудың ауытқуын, экономиканың «өзін-өзі реттеуін», «өзін-өзі күйге келтіруін» қиындатты.
Ноеконсерваторлардың «аз мемлекет және көп рынок» ұраны мемлекеттің араласуын тұқыртуды емес, бірақ мемлекет пен рынок арасында жаңа шекараларды белгілеуді білдіреді.
Неоконсерватизм теоретиктері шаруашылықтың капиталистік жүйесін шамадан тыс мемлекет шығындарынан өнімсіз сипаттағы босатуды ұсынады. Практикада мемлекет шығыстарын қысқарту қағидаты әлеуметтік баптар есебінен жүргізіледі, әскери шығыстар болса әжептәуір айтарлықтай болып қалуда.
Мемлекеттік зейнетақылар мен жәрдемақылар қоғамға ірітіп-шірітетін әрекет етендіктен неоконсерваторлар әлеуметтік шығыстардың жалпы деңгейін қысқарту қажет деп санайды. Неоконсерваторлар «тапшы қаржыландырудың» кейнстік тұжырымдамасын сынай отырып, «сауықты қаржылар» қағидатын ұсынады. Олар мемлекеттік бюджеттің тапшылығын мемлекеттік борыштар мен инфляция өсуінің факторы ретінде қарастырады және бюджеттегі тепе-теңсіздіктер инвестицияға жекеше кәсіпкерлердің жинақақшаларын қысқартады, ал ақшалай капиталға сұранымның артуы несиелік пайыздың өсуін туғызады деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет