ҚЎлпыбаев с



бет295/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уəкілеттік берілген ұлттық басқарушы холдинг жəне акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңи тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайызы қатысатын банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым.
Қаржы жылы – бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі.
Қаржы жүйесі – белгілі бір қоғамдық экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржылық қатынастар мен қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада – мемлекеттің қаржы мекемелерінің жүйесі.
Қаржыландыру – бюджеттік ақшалар­ды оларды алушыларға бөлу.
Қаржы мониторингі – ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы қаржы мониторингі субъектілерінен келіп түсетін ақпаратты жинақтау жəне талдау жөніндегі шаралардың жиынтығы.
Қаржылық есептеме – егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын бақылау объектілері­нің қаржылық жағдайы, қызметінің қаржы­лық нəтижелері жəне олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат.
Қаржылық есептемені беру валютасы – қаржылық есептеме берілетін валюта.
Қаржылық жалдау – жалдау мерзімінің уақыты өткеннен кейін меншік құқығының ауысуына қарамастан, активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайдалардың жалға алушыға елеулі ауыстырылуы болатын жалдау.
Қаржылық қызмет – меншікті капитал (ақшалай қаражаттар мен олардың баламалары) мен қарыздық қаражаттардың мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге əкеп соқтыратын қызмет.
Қаржылық қатынастар – өндірістік қатынастардың табиғи құрамды бөлігі; мемлекет пен шаруашылық жүргізуші жеке субъектілер арасындағы ақшалай нысандағы экономикалық қатынастарды көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет