ҚЎлпыбаев с


Сыйақының тіркелмеген мөлшер­лемесі –



бет307/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Сыйақының тіркелмеген мөлшер­лемесі – рыноктық конъюнктураға байланысты өзгерістерге ұшыраған кредиттер, қарыздар жөніндегі сыйақы мөлшерлемесі немесе бағалы қағаздар бойынша сый­ақымен қоса табыс.
Сыртқы сауда – Қазақстан Республикасынан тауарлар əкетілімімен жəне (немесе) Қазақстан Республикасына тауарлар əкелімімен байланысты сауда қызметі.
Сыртқы қарыз – қарыз беруші Қазақстан Республикасының бейрезиденті, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыздық қаты настар.
Сюрвейр – функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтық агентінің алдын ала тексеріп қарау мен бағалау кіретін сақтық (қайта сақтандыру) ұйымынның қызметкері не ақылы қызмет көрсету келісімшартына сəйкес сақтық (қайта сақтандыру) ұйымына қызмет көрсететін заңи тұлға.
Т
Тарифтік квота – импорттың белгілі бір мөлшеріне кедендік баждың неғұрлым төмен мөлшерлемесін жəне импорттың осы шамасынан жоғары мөлшеріне кедендік баждың неғұрлым жоғары мөлшерлемесін белгілеу арқылы нақ сол тауар импортына кедендік баждар мөлшерлемелерінің əр түрлі екі деңгейін қолдануды көздейтін сыртқы сауда қызметін реттеудің құралы.
Тауар – айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез келген еңбек өнімі.
Тауарлардың əкетіліміне жəне (немесе) əкеліміне мемлекеттік монополия – шаруашылық жүргізуші субъектілерге жекелеген тауарларды əкетуге жəне (немесе) əкелуге Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құқық беру түрінде немесе конкурстық негізде жүзеге асырылатын сыртқы сауда қызметін реттеудің бейтарифтік іс-шарасы.
Тəуелсіз актуарий – заң талаптарына сəйкес келетін, сақтық (қайта сақтандыру) ұйымынның штатында тұрған актуарийдің есептеулерін бағалауды жүргізу үшін сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы тартатын жеке тұлға.
Төлем балансы – төлем түріндегі ақшаның елден елге қозғалуын сипаттайтын кесте, тізімдеме. Төлем балансы елдің шетелде белгілі бір кезең бойына төлеген төлемдері мен осы кезең бойына елге түскен төлемдер сомасының арасалмағын сипаттайды. Төлем балансының бір бөлімі сауда балансы болып табылады. Шет елден түскен түсім шетелдегі шығындар мен төлемдерден асып түсетін төлем балансы активтік баланс, ал кері жағдайда пассивтік баланс деп аталады.
Трансферттер – бюджетке жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке жəне заңи тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз жəне қайтарылмайтын төлемдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет