Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Қазақстан­да кеңестік мем­ле­кеттік ап­па­рат құру және эко­номи­ка са­ласын­дағы алғашқы өзгерістер



бет29/46
Дата07.02.2022
өлшемі468 Kb.
#85986
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46
Байланысты:
1234c775-3198-11e3-8846-f6d299da70eeУМКД ул-азаттық 26.09.11 New
Nurgalieva A K, 1234c775-3198-11e3-8846-f6d299da70eeУМКД ул-азаттық 26.09.11 New
Қазақстан­да кеңестік мем­ле­кеттік ап­па­рат құру және эко­номи­ка са­ласын­дағы алғашқы өзгерістер
Кеңес өкіметі жеңген­нен кейін Қазақстан­да да ескі ме­кеме­лер, оның ішінде, Уақыт­ша үкіметтің ко­мис­сарла­ры, отар­лау-ше­не­уніктік әкімшілік қоныс­танды­ру басқар­ма­сы, бұрынғы сот жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмыс­шы, сол­дат де­путат­та­ры кеңес­терінің қолы­на өте бас­та­ды. Мұндай өзгерістердің іске асу­ына Қазақстан қала­ларын­да құрылған ре­волю­ци­ялық ко­митет­тердің рөлі зор бол­ды. Олар қызыл ұлан­дар бөлімдерін, жұмыс­шы жа­сақта­рын құрды, ке­дей­лер­ге арқа сүйеп, қана­ушы тап­тардың қар­сы­лығына той­та­рыс берді, өкімет билігінің кеңес­тердің қолы­на өткенін жа­ри­ялап, олар­дың нығаюы үшін ат са­лыс­ты.
Өкімет билігінің ескі құры­лымы Қазақстан­да бірден жойылған жоқ. Олар әуелі кеңес­тердің қара­мағына өтіп, со­сын ат­та­рын өзгертіп, бірте-бірте кеңес қара­уына алын­ды. Мәсе­лен, 1918 жы­лы ақпан­да жұмыс­шы, ша­руа, сол­дат, мұсыл­ман де­путат­та­ры Ақтөбе кеңесі қала­лық басқар­ма­ны кеңес басқару ор­ны етіп қай­та құрып, қала­лық ду­маны та­рат­ты. Се­мей об­лыстық кеңесі 1918 жы­лы 9 на­урыз­да ду­ма мен басқар­ма­лар­ды та­ратып, уақыт­шы үкіметтің уездік ко­мис­сарла­рының міндетін жаңа құрылған кеңес­терге жүктеді. Сол жы­лы 12 сәуірде Түркістан өлкесінің Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесі азық-түлік басқар­ма­лары­на тиісті Кеңес­тердің азық-түлік бөлімі етіп қай­та құру жөнінде жар­лық шығар­ды. Қос­та­най уезіндегі ша­ру­ашы­лық иелігі Кеңестің қара­мағына алын­ды.
Шірке­удің мем­ле­кет­тен, мек­тептің шірке­уден ажы­раты­луы, ер­лер мен әйел­дер теңдігі іске асы­рыл­ды. Бүкіло­дақтық Ор­та­лық Атқару Ко­митетінің 1917 жылғы 10 қара­шадағы Жар­лығымен адам­дардың сос­ло­ви­еге бөлінуі, олар­дың құқықтық ар­тықшы­лығы мен шек­те­ушілігі, сон­дай-ақ сос­ло­ви­елік ме­кеме­лер, ұйым­дар жал­пы сос­ло­вие ата­уы жойыл­ды.
Кеңес өкіметінің алғашқы ке­зеңінде басқару­дың бірыңғай құры­лымы болған жоқ. Кейбір жер­лерде Ор­та­лықтағы сияқты Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесі, екінші бір жер­лерде об­лыстық ме­кеме­лер мен басқар­ма­лар­дың Ко­мис­са­ри­ат­та­ры құрыл­ды. 1918 жыл­дың күзінен бас­тап, басқару­дағы алақұла­лық жойылып, Кеңес атқару ко­митет­тері билікті өз қолы­на топ­тасты­ра бас­та­ды. Маңыз­ды мәсе­лелер са­лалық басқар­ма­лар­дың кол­ле­гия мәжілісінде қара­лып отыр­ды.
РКФСР Хал­ком Кеңесінің 1917 жылғы 22 қара­шадағы «Сот ту­ралы» жар­лығымен сот­тың ескі құры­лымы түгел­дей қысқар­ты­лып, жергілікті жер­лерде сот­тың жаңа жүйесі пай­да бол­ды. Со­нымен бірге ескі про­курор­лық бақылау мен қыл­мысты іс тер­ге­ушілер инс­ти­тут­та­ры, қорғаушы және же­ке ад­во­кату­ралар жойыл­ды. 1918 жы­лы об­лыстар­дағы Кеңес Атқару Ко­митет­тері жа­нынан сот бөлімдері, ал өлке ор­та­лығын­да Қазақ өлкелік со­ты ұйым­дасты.
1918 жылғы көктем­де Түркістан ав­то­номи­ялық Кеңестік Со­ци­алистік Рес­публи­касы құрыл­ды. Оның құры­луы 1918 жылғы сәуірдің 20-нан 1 ма­мырға дейін Таш­кент қала­сын­да өткен Түркістан өлкесі Кеңес­терінің бесінші съезінде іске ас­ты. Оның құра­мына Қазақстан­ның оңтүстігіндегі Жетісу, Сыр­да­рия об­лыста­ры кірді. Ор­та Азия рес­публи­кала­ры мен Қазақстан жерін ме­желеу жүргізілген­ге дейін Ақмо­ла, Се­мей об­лыста­рының ор­та­лығы Ом­бы қала­сы болған, ол Ба­тыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал об­лыста­ры Орын­бор гу­бер­ни­ясы­на, Бөкей ор­да­сы Аст­ра­хань гу­бер­ни­ясы­ның қара­мағына кірді.
1918 жылғы 15 қаңтар­дағы жұмыс­шы, ша­руа қызыл әскерін құру жөніндегі үкіметтің нұсқауына сәй­кес ел­де әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды. Олар еріктілер­ден тұрды.
Кеңес өкіметінің дек­реттері негізінде фаб­ри­ка, за­уыт, банк­терді на­ци­она­лиза­ци­ялау іске асы­рыл­ды. Қазақстан­да ал­ды­мен ұсақ, ор­та кәсіпо­рын­да­ры мем­ле­кет меншігіне көшті.
Кеңес­тердің екінші съезінің шешімдеріне сәй­кес жер­ге же­ке иелік ету жойылып, Қазақстан­дағы шіркеу мен мо­наст­рлердің, по­мещик­тердің, бай ка­зак-орыс­тардың, пат­ша ше­не­уніктерінің иелігінде бо­лып кел­ген, сон­дай-ақ қоныс ауда­ру қорын­дағы жер­лер еңбекшілердің пай­да­лану­ына берілді.
Жер мәсе­лесін ше­шудегі жергілікті кеңес орын­да­рының қыз­меті бірне­ше ке­зеңнен тұрды.

  1. 1917 жылғы қара­шадан – 1918 жылғы жазға дейінгі ке­зеңінде жергілікті Кеңес­тер, жер ко­митет­тері мен ко­мис­си­яла­ры бос жер­лерді, тәркілен­ген по­мещиктік име­ни­елерді есеп­ке алып, ша­ру­алар­дың жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз ша­ру­алар­ды жер­мен қам­та­масыз ету мәсе­лесімен шұғыл­данды.

  2. 1918 жыл­дың жа­зынан – 1920 жыл­дың аяғына дейінгі уақыт­ты қам­ты­ды. Бұл тұста жерді со­ци­али­заци­ялау жөніндегі ша­ралар­ды іске асы­руға әзірлік жұмыс­та­ры жүргізілді.

  3. 1921–1922 жыл­да­ры жер-су ре­фор­ма­сы іске асы­рыл­ды.

  4. 1924–1927 жыл­да­ры жер­ге ор­на­лас­ты­ру, ша­бын­дық, егістік жер­лерді қай­та бөлу жұмыс­та­ры жүргізілді.

Кеңес өкіметі алға қойған маңыз­ды міндет­терді іске асы­руда тәжіри­бенің жоқтығы, жергілікті кадр­лар­дың түсінігінің кемдігі, са­уаты­ның аз­дығы, т. б. се­беп­тер негізінде бұл ре­волю­ци­ялық ша­ралар­ды іске асы­ру ба­рысын­да асы­ра сілте­ушіліктің, со­лақай­лықтың, теріс әре­кет­тердің орын алғаны, Кеңес өкіметіне сенімді азай­та­тын жағдай­лар бол­ды.
Ха­лықтың өкіметі же­ке адам­ның да­ра бас­шы­лығымен ауыс­ты­рылып, басқару­дың ко­ман­да­лық-бю­рок­раттық тәсілі іске аса бас­та­ды. Мұның бар­лығы Қазақ Өлкелік ко­митетінің бірінші хат­шы­лығына 1925 жы­лы қыркүйек­те Ф. И. Го­лоще­киннің ке­луімен бай­ла­ныс­ты бол­ды. Ол келісімен рес­публи­када ха­лыққа қысым жа­сау са­яса­ты күшейіп, бұл ерек­ше қатаң си­пат ал­ды. Осы кез­де – Қазақстан­ның қоғам­дық са­яси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 жы­лы жел­тоқса­нын­да өткен өлкелік пар­тия ко­митетінің бесінші кон­фе­рен­ци­ясын­да «Ауыл­ды кеңес­тендіру ту­ралы» шешім қабыл­данды. Рес­публи­када «Кіші қазан» ре­волю­ци­ясын өткізу үшін иде­оло­ги­ялық негіз жа­сал­ды, сөйтіп жап­пай жа­залау дәуірі бас­та­лып, ол қазақ халқын қайғы қасірет­ке ұшы­рат­ты.
Қазақстан­да го­лоще­киндік-ста­линдік үлгі бойын­ша «қай­та құру­мен» келіспе­ген көрнекті жа­уап­ты қыз­меткер­лердің қар­сы­лығы жа­ныш­талды. 1927–1929 жж. әртүрлі сыл­та­улар­мен белгілі мем­ле­кет қай­рат­керлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожа­нов, М. Мыр­зағали­ев Рес­публи­кадан алас­та­тыл­ды. Қазақстан Атқару Ко­митетінің Төрағасы Ж. Мыңба­ев, Ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ры С. Сәдуақасов, Жер ха­лық ко­мис­са­ры Ж. Сұлтан­бе­ков және басқалар қыз­метінен алын­ды. Қазақ қыз­меткер­лерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күрес­ке қаты­насқан деп кіна­лан­ды.
1928 жыл­дың аяғын­да «бур­жу­азияшыл-ұлтшыл­дар» деп аталған­дардың ішінде бұрынғы Ала­шор­да қай­рат­керлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алын­ды. Олар­дың қата­рын­да А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, М. Жұма­ба­ев, Ж. Ай­ма­уытов, Х. Ғаб­ба­сов және басқалар бар еді. Құра­мын­да М. Ты­ныш­ба­ев, Х. Досмұха­медов, Ж. Ақпа­ев, К. Ке­меңге­ров және басқала­ры бар ұлттық ин­телли­ген­ци­яның (40 адам­дай) басқа то­бы 1930 жы­лы қыркүйек-қазан­да ұстал­ды. Олар­дың ішінен 15 адам Ре­сейдің Ор­та­лық қара то­пырақты об­лыста­рына жер ауда­рыл­ды. Бұлар­дың бар­лығы дерлік 1937–1938 жж. атыл­ды. Жал­пы 1929–1931 жыл­да­ры қазақ ин­телли­ген­ция өкілдерінің он мыңынан ас­та­мы жап­пай жа­залауға ұшы­рады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет