Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешен


-дәріс.Жаңа Өзен, Теміртаудағы көтерілістер



бет6/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,24 Mb.
#1052
1   2   3   4   5   6   7

12-дәріс.Жаңа Өзен, Теміртаудағы көтерілістер.

1.Теміртаудағы 1959 жылғы жұмысшылар көтерілісі.

2.Жаңа өзен оқиғасы.
13-дәріс. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңында басталған республика тұрғындары құрамын интернационализациялау Қазан төңкерісінен кейінгі уақытта тіптен күшейе түсті. Қазір мұнда 100-ден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 1939 жылы қазақтардың пайдасына қалыптаспаған тұрғындар саны мен олардың меншікті салмағы елу жылдан кейін ғана өзгерді. 1989 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы мынандай еді: қазақтар – 39,7, орыстар – 37,8, немістер – 5,8, украиндер – 5,4, өзбектер мен татарлар – 2, ұйғырлар мен беларустар – 1,1, кәрістер – 0,6, әзірбайжандар – 0,5, процент тағы сол сияқты. Сонымен, қазақтар 1926 жылдан кейін бірінші рет өзінің этникалық территориясында саны жағынан басқалардан озды. Міне, біз мұнан Қазақстан тұрғындары ұлттық құрамының соңғы жарты ғасырда этнодемографиялық дамуының және бір ерекшелігін көреміз.

Еліміздегі ұлтаралық қатынастардың күллі күрделілігін ұғыну үшін қоныс аударулардың тарихына қысқаша тоқталайық. XIX ғасырда Ресейден, Украинадан, басқа да аймақтардан Қазақстанға көптеген қоныс аударушылар ағылып келіп жатты. Бұл лек 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін тоқтаған емес: ХIX ғасырдың алғашқы он жылында, столыпиндік реформаны іске асыру барысында шырқау шегіне жетті.Жыл сайынға көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жағылып отырды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі шет елде сіңісіп кете алмай кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық алып осында мәңгіге қоныстанып жатты. Тарихшылар берген бағаға сайсақ , сол кездерде Қазақстанға келгендердің ұзын-ырғасы бір миллион 200 мыңнан асады.

Бұл қоныстандырулардың жергілікті халықты орыстандыру барлық өлшемдеріне сәйкес олардың иелігіндегі жерді Ресей тәжіне түпкілікті бекітіп алу мақсатын көздегені түсінікті.

Шындығында дәл сол саясатты кеңес өкіметі одан әрі жалғастырады.

Сөйтіп, ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың мал-мүлкі алынған бай-құлақ жер аударылған еді. Соғыстың алдындағы жылдары түрлі республикалардан өнеркәсіп құрылысын жүргізу сылтауымен тағы да бір миллион 200 мың адам қоныстандырылды.

Нақ сол жылдары республиканың күллі аумағы көбінесе Кеңестік жүйеге қас деген жалған желеумен жіберілетін адамдарды, сондай-ақ қылмыскерлерді айдайтын орынға айналады. Мұнда түрмелердің, лагерлердің және күштеп қоныстандыруға арналған орындардың тарам-тарам жүйесі жасалды. Қазақстандағы қаншы қамалғандардың, айдауымен әкеп қоныстандырылғандардың болғанында қисап жоқ. Олардың талай мыңы өмір сүрудің қиыншылығына шыдамай дүниеден өтті немесе көпшілігінің көзін жазалау-қудалау аппараты құртты.

Соғыс қарсаңында және соғыс кезінде «сатқындық пиғылда» деген жөн-жосықсыз айып тағылған тұтас халықтарға қарсы қатаң қуғындау шаралары қолға алынды. Бейбіт жатқан,бейкүнә жандаржы жүк вагондарына тиеп, біздің далаға жөнелтіп жатты.Ондағы мыңдаған қоныс аударған адамдар осындай тағылық айдаудың салдарынан аштықтан, суықтан және дерттен дүние салды. Тірі қалғандарының санасында қатыгез, қасақой жендеттердің қарекетіне адамның иманын қасым ететін үрей мәңгілік сақталып қалды.

Сол кезде Қазақстанға 100 мыңға жуық Қйыр Шығыс корейлері, 800 мыңдай Еділ бойының немістері, КСРО-ның Батыс аймақтарынан 100 мыңнан аса поляк, Терістік Кавказдың 500 мыңнан астам тұрғыны күштеп қоныстандырылды. Қазақстанға күштеп көшірудің қара дауылын Қырым татарларының, гректердің, қалмақтардың ондаған мың отбасылары, басқа да еңес халықтарының өкілдері бастан кешті.

Ресми деректер бойынша сол кезде Қазақстан жұрты бір жарым миллионнан астам адамға көбейген екен. Алайда, бұл сан тым кемітіліп отыр. Соғыс кезінде әртүрлі өндірістермен бірге мұнда 350 мыңнан астам адамның әкелінгені де анық. Сол жылдарда республикамызда кеңес ғылымы мен мәдениеттің бетке шығар қаймағы – көптеген көрнекті ғалымдар, жазушылар, артистер аен сазгерлер жиналғанын еске түсірудің де артықтығы жоқ.

Амалсыздан қоныс аударушыларды қазақтардың қаншама қонақжайлықпен қарсы алғаны баршаға мәлім. Ұжымдастыру мен ұлт жұт діңкелеткен, өздері асқа жарымай жүрген халық қу дала, қу мекенде қалған жандарға баспана беріп, бауырына тартып, соңғы тілім нанмен бөлісті. Мұны дархандық көрсетіп, ақ, адал көңілімен жасағанына да дау жоқ. Аман қалып, адам қатарына қосылуына жәрдемдескен жандар оларға күні бүгінге дейін көрсеткен көмегі үшін дән риза.

«Ұлы қоныстандыру» мұнымен де тоқталған жоқ.60-шы жылдарға дейін Солтүстік және Орталық Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеруге екі жарым миллиондай адам келді. Олардың бір бөлігі көп ұзамай мұнда жердегі жұмақ орнайды деген ресми насихатқа сенгендер еді. Өкімет орындары «қызыл» көрсетіп, алдарқатумен қатар «қамшы» сілтеп те жіберді, алғашқы тыңгерлердің арасында Қазақстанға күштеп әкелінгендердің ішінде тікелей қамту орындарынан жеткізілгендердің болғаны да жасырын емес. Нақ сол 30-шы жылдардағы сияқты бұл жолы да қаптатып қоныстанушыларды жіберген орталық өкімет жергілікті басшылықпен де, республиканың қарапайым тұрғындарымен де ақыл қосып әуреге түскен жоқ.

Өлкенің мүмкіндігін мұқият зерделеп, іс-қимылдың айқын, ғылыми негізгі бағдарламасын әзірлеп барып жасаса, Қазақстанда астық өндірісін өркендетуге кім қарсы болсын! Соңынан адам күлерліктей аз түсім – гектарынан баржоғы 3-5 центнер астық алу үшін жер өңдеуге орасан зор ақша шашатын үкіметті ақылды қожайын деп айтуға ауыз барама? Ал солай болғанына куәміз. Қазақстанның құшақ толар «күлшелерінің» шамамен 40 миллион гектардан тұратын байтақ алқаптың есебінен «пісірілгені де» барщаға аян. Мұны мемлекет қазынасынан өлшеусіз жәрдем көрсетуді талап еткен аса қымбатқа түскен астық әрі үстірт экономикалық және демогрфиялық стратегия демеске лаж жоқ.

Соғыстан кейінгі жылдары тағы да 150 мың қоныстанушы республикада салынып жатқан әскери объектілерге, соның ішінде Семей ядролық полигоны мен Байқоңыр ғарыш айлағына келіп табан тіреді. Содан кейін де жұмыс күшін басқа құрылыстарға ұйымдасқан түрде іріктеу жөніндегі бітіп болмайтын шаралардың жүргізілгеніне куәміз. Сонымен бір мезгілде табиғи көші-қон да жүріп жатты: Қазақстанға басқа халықтардың өкілдері, негізінен алғанда , батыл да алғыр, көкірегінің оты бар, өлкенің келешегіне де, өзінің қайраты мен қарымына д сенетін адамдар ағылып келе бастады. Шындығын айту керек, тұрмыс қамын күйттеп келгендердің үміті де ақталмай қалған жоқ.

Қазақстанға күштеп көшіріліп әкелінген жандардың қаншама тақсырет шеккенімен, алайда, соның ішінде бәрінен бұрын қазақтардың өздері айтып жеткізгісіз ауыр жағдайда қалды десем шындыққа қиянат жасамаспын. Орталықтың ырқымен республика қатаң экономикалық және саяси тәжірибе жүргізетін бүкілодақтық сынақ алаңына айналды. Солардың қай-қайсысы, мейлі, «индустрияландыру» және «ұжымдастыру» үлгісін үйлестіру, немесе «сенімнен кеткен» халықтарды қоныстандыруды, тың игеруді немесе «ұлттық мәдениеттерді жақындастыруды» алыңыз, сайып келгенде қазақтардың тұрмысын қаңсыратқаны өз алдына, әсіресе, демографиялық ахуалға ауыр соққы болып тиді.

Ресей империясында 1897 жылы жүргізілген санақ сол кезде Қазақстан аумағында тұрған барлық жұрттың 90 пайызын қазақтар құрағанына айғақ. Жарты ғасыр өтер-өтпесте бұл көрсеткіш 29 пайыздың деңгейіне дейін төмендеді. Бұрынғы одақтың бір де бір республикасында жергілікті жұрттың үлес салмағы жалпы халықтың құрамында дәл біздің республикадағыдай төмен болып көрген емес. Елге есімін берегн қазақтар туған топырағында ұлттық азшылыққа айналды.

Мұндайда тоталитарлық мемлекеттің көсемдері жүргізген ұлттық-демографиялық саясаттың жазалаушылық сипатта болғаны туралы тұжырым жасамасқа амал жоқ. Большевиктік іс-әрекет қандай даңзаға идеологиялық ұрандарды желдеу еткенімен , олар патша заманында басталған істі одан әрі және көбінесе барынша қатал әрі сұрқия нысанда жалғастыра берді. Екі жүйенің екеуі де өз мүдделерін көздеп «ұлттық шет аймақтарға» қатысты қатаң бағыт ұстады. Екеуі де ешқашан және ешбір жағдайда жергілікті жұрттың мүддесін ескерген емес, олардың кез келген қарсылығы қашан да қатаң басып тасталып отырды.

Ұлттық дәстүрлер мен салт-сананы нысаналы түрде құрту, ұлттық төлтұмалықты тұншықтыру қайда әкеліп тірер еді? Сөз жоқ ұлттық мәдениттің құлдырауы мен қоғамдық кері кетушілікке апарар еді. Орыс тілінің мысы тіпті қазақтар жұрттың 90-95 пайызын құрайтын жерлердің өзінде де басым тұрады. Қазақ зиялылапы , әсіресе, жазушылар, ақындар, драмашылар өздерін табан тірер тұғырсыз қалғандай сезінді. Шығармаларын тұщына, түсіне және бағалай білетін оқушылар мен көрермендер күннен-күнге азайып бара жатқан кезде, қазақ тілінде кітаптар жариялаудың ,қойылымдар жасаудың мән-мағынасы жоқтай көрінген. Туған тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін қорғауға тырысқан зиялыларды жүйе ұлтшылдық пиғылы үшін қаралады.

Мұның бәрі, сайып келгенде, қазақ халқының ашық наразылығын туғызбай қоймаса керек-ті. Шырқау шегіне жеткен наразылық бәріміздің жадымызда жатталып қалған 1986 жылғы желтоқсанда арнасынан асып төгіледі. Ызалы жастар Алматының көшесіне шығып, өз халқының абыройын бұлайша жаппай қорлауға ендігі жерде төзбейтінін , ұлттық төрлеуге қол жеткізу және өздерінің заңды құқықтарын қорғау үшін барлық оңтайлы әдіс – тәсілдерді қолдануға баратынын бүкпесіз жария етті.

Өкінішке қарай, өкімет орындары, ең алдымен партия орындары болған оқиғадан дұрыс қорытынды шығарып, ахуалды өзгертуге ықылас білдірді деп айту қиын. Есесіне , бүкіл қазақ халқы на ұлтшылдық күйесі жағылып, қудалау шаралары қолданылды, былайша айтқанда, «бұранданы қатайту» басталды. Милиция органдары сегіз жарым мыңдай манифестацияға қатысушыларды немесе өкімет «құқыққа қарсы әрекет жасажы» деп күмән туғызған адамдарды ұстады. Олардың көпшілігін тергеу барысында аяусыз ұрып-соқты.кейбіреулерін жалаңаш-жалпы қалпында желтоқсан аязында қаланың сыртына, айдалаға апарып тастады. Тергеу барысында да заң бұзушылық тоқталмай, прокурорлар «құлшына » жұмыс істеп, істің мән-жайына зерлеп қанығуға да құлық таныта қойған жоқ. Сөйтіп, «тәртіпсіздікке қатысқан» жүзге жуық адам сотқа тартылды, алайды көп ұзамай сот солардың 46-сын ақтап шығаруға мәжбүр болды. Әділетсіздік етек алды, сенімсіздер тізіміне іліккен800 бозбала мен бойжеткен комсомолдан шығарылып, 270 студент жоғарғы оқу орныдарынан қуылды, ондаған жұмысшылар мен қызметшілер жұмысынан шығарылды.



Қорыта айтсақ Социализмнің «гүлденуі» мен лениндік ұлт саясатының «салтанатының» мысалдары Қазақстан тұрғындарының көп ұлттары болуынан, түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы аралас некенің көбеюінен, қазақ жастарының орыс тіліне, өзге мәдениетке көбірек ден қоюынан ізделініп, насихатталып жатты. Қоғамдық ой тұтасымен әміршіл әкімшіліктің көздеген саяси мақсаттарын діттеу жолына түсті. Үстемдік етіп отырған коммунистік идеологияның талаптарына қарай бейімделу, қоғамдық ғылымдарды сңаржақ, насихаттың құралына айналдырып жіберді. Әсіресе, қазақ тарихы қатты бұрмаланды. Әміршіл әкімшілікке Қазан төңкерісіне дейінгінің бар жақсысын жоққа шығарып, қазақ халқының жетістігінің бәрін Компартия мен Кеңес өкіметінің арқасында болды, делінді. Олар ондай «зерттеулерді » алды да.

5-БӨЛІМ ОҚЫТУШЫ МЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
1-тақырып Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы (1773-1775жж)

МАҚСАТ- Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты өзекті мәселелеріне сипаттама жасау, талқылау.

БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Конспект. Карта-схема.Кесте құрастыру.
2-тақырып Сырым Датұлы бастаған көтеріліс.

МАҚСАТ- Сырым Датұлы бастаған көтерілісі туралы жан-жақты түсінік беру

БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Талдау, конспект
3-тақырып Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтеріліс.

МАҚСАТ- Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтеріліс жайлы түсініктерін толықтыру

БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Салыстырмалы кесте
4-тақырып Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.

МАҚСАТ- Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы түсініктерін толықтыру

БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Сараптама, сөзжұмбақ жасау.
5-тақырып Есет Көтібаров пен Жанқожа Нұрмұханбетұлы бастаған көтеріліс.

МАҚСАТ- Есет Көтібаров пен Жанқожа Нұрмұханбетұлы бастаған көтеріліс кезеңдерін саралап көрсету

БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Конспект Карта-схема.
6-тақырып Орал,Торғай, Маңғыстаудағы көтерілістер (1867-1868жж.)

МАҚСАТ- Орал,Торғай, Маңғыстаудағы көтерілістеріне сипаттама

БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Тезис. Карта-схема.
7-тақырып 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

МАҚСАТ- 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс барысын сипаттау

БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Баяндама, мақала дайындау
8-тақырып 1917 ж. Қазан төңкерісі және Ақпан төңкеріс кезіндегі Қазақстан

МАҚСАТ- 1917 ж. Қазан төңкерісі және Ақпан төңкеріс кезіндегі Қазақстан жайлы жан-жақты түсінік алу.

БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Конспект
9-тақырып 1918-1920 жж. Азамат соғысы жылындағы Қазақстан.
МАҚСАТ - 1918-1920 жж. Азамат соғысы жылындағы Қазақстан жайлы түсінік

БАҚЫЛАУ ТҮРІ – Кесте жасау
10-тақырып 1931-1933жж. Абралы, Шыңғыстау, Шұбартаудағы көтерілістер.

МАҚСАТ - 1931-1933жж. Абралы, Шыңғыстау, Шұбартаудағы көтерілістер жайлы салыстырып айту, түсінік беру.

БАҚЫЛАУ ТҮРІ – Материал жинау
11-тақырып 1941-1945 жж. Ұлы отан соғыс жылдарындағы Қазақстан.

МАҚСАТ - 1941-1945 жж. Ұлы отан соғыс жылдарындағы Қазақстан жайлы жан-жақты сипаттау.

БАҚЫЛАУ ТҮРІ – Баяндама
12-тақырып Жаңа Өзен, Теміртаудағы көтерілістер.

МАҚСАТ - Жаңа Өзен, Теміртаудағы көтерілістер жайлы түсінік.

БАҚЫЛАУ ТҮРІ – Баяндама
13-тақырып 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

МАҚСАТ - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы жан-жақты сипаттау.

БАҚЫЛАУ ТҮРІ –Эссе жазу

6-БӨЛІМ СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
1-СӨЖ

МАҚСАТ- аталмыш курс бойынша қалалық және университет кітапханаларының қорымен танысып, семинар мен ОЖСӨЖ тақырыптары бойынша библиографиялық көрсеткіш құрастыру.

Тапсыру түрі – жазбаша жұмыс

Әдістемелік нұсқау - кітапхана каталогтерімен жұмыс істеу үшін қажетті біліктілікті қалыптсатыру, алфавиттік каталогтер мен электрондық каталогтермен жұмыстар жүргізу.

Дәптерге арнайы берілген тақырыптар бойынша әдебиеттерді топтастыруы қажет, мерзімді баспасөз материалдарын да осындай реттілікпен құрастыру керек.


2-СӨЖ

МАҚСАТ – курс бойынша жарияланған монографиялық еңбектерме жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру

Тапсыру түрі – реферат рецензия

Әдістемелік нұсқау - Реферат –рецензия жазу үшін төмендегі үлгіні ұстаныңыз: мұнда ғылыми, мемуарлық және библиографиялық жұмыстың мағынасы бойынша:

- автор туралы мәлімет дайындау;

- кітаптың шығуы туралы мәлімет: қашан, қайда, қандай баспаханадан

шығарылған, тиражы туралы мәлімет.

- рецензияланып отырған кітаптың құрамы: бөлімдері мен тарауларының атауы.

- автордың сипаттап отырған оқиғаға, тарихи тұлғаға көзқарасы.


3-СӨЖ Қазақ мемлекетін нығайтудағы Абылай ханның қызметі. Ресей патшалығының Қазақстан жерін отарлау шаралары.

МАҚСАТ - Абылай ханның Қазақ хандығының халықаралық беделін көтеру жолындағы қызметі. Қазақ-орыс байланыстары бағытындағы Абылай хан саясаты.

Тапсыру түрі – Реферат

Әдістемелік нұсқау Абылай ханның өскен ортасы, өмірдеректері мен атқарған қызметіндегі қол жеткізген табыстарын саралап,сырын ашу. Тұлғаның әрекетінің қоршаған ортасына немесе саяси оқиғаларға ықпалын анықтау басты назарда болу керек. Біржақты пікір болып кетпес үшін,осы қайраткерге берілген замандастарының, кейінгі зерттеушілердің көзқарастарын жүйелеп, зерделеу нәтижесінде талдау жасаңыз.
4-СӨЖ Ресей патшалығының қазақ даласыңдағы отарлық әкімшілік саясатының алғашқы кезеңі. Орта жүздегі саяси басқару жұйесі және Кіші жүз жеріндегі жана отарлық әкімшілік басқару жүйесі

МАҚСАТ – Ресей позициясынын Кіші және Орта жүзде нығаюы: алғы шарттары мен нәтижелері. «Сібір қырғыздарын (қазақтарды) басқару туралы устав» 1844, 1854 жж. ережелер. «Орынбор қазақтарын басқару туралы 1824 жылғы ереже». 1831-1838 жж.ереже мазмұны және олардың салдарлары туралы түсініктерін тексеру

Тапсыру түрі – Хабарлама жасау, талдамалы анықтама жасау. Ауызша және жазбаша

Әдістемелік нұсқау «Сібір қырғыздарын (қазақтарды) басқару туралы устав» 1844, 1854 жж. ережелер. «Орынбор қазақтарын басқару туралы 1824 жылғы ереже». 1831-1838 жж. ережелер мазмұнын салыстыру және ерекшеліктерін айқындау
5-СӨЖ ХҮШ ғ. мен ХІХғ. I жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, наразылық толқулары, халық көтерілістері

МАҚСАТ 1773-1775жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына казактар дың қатысуы. Арынғазы, Қаратай сұлтандар, Жоламан Тіленшіұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының азаттық күресі. 1824-1836 ж.ж. Орта жүздегі Ғұбайдолла, Саржан, Есенкелді Қасымұлы бастаған қозғалыстарды пысықтап, салыстырмалық дағдысын қалыптастыру

Тапсыру түрі – Ұлт-азаттық көтеріліске хронологиялық кесте, өзекті терминдер мен хабарламалар жасау. Ауызша және жазбаша.

Әдістемелік нұсқау Ұлт-азаттық көтерілістерге тән ортақ сипатын анықтап алып, өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз
6-СӨЖ ХІХ ғ. II- жартысы мен XX ғ. басында капиталистік қатынастардың қалыптасуы. Қазақстан Ресей экономикасының жүйесінде. Қазақстан мәдениеті

МАҚСАТ – Өнеркәсіптік өндірістер, өнеркәсіп салалары. Кәсіпшілік, қатынас жолдары. Темір жол құрылысы. Сауда қатынасы, сауда түрлері. Керуен саудасы Жәрмеңкелер. Банк-кредит ісі. Халық ағарту, Әдебиет, баспа ісі бойынша алған білімдерін пысықтап, толықтыру.

Тапсыру түрі – Тарихи оқиғалардың жүйелілігі мен өзара байланысын дәлелдеу. Жазбаша және ауызша.

Әдістемелік нұсқау Жазбаша жұмысты жазу барысында ұсынылған тақырыптарына сәйкес кейінгі зертреушілердің көзқарастарын жүйелеп, зерделеу

Әдебиеттер:



  1. Деректер

  1. Материалы по истории политического строя Казахстана. Т.1 Алма – Ата 1960.

  2. Казахско – русские отношения. Сборник документов. Алма- Ата. 1991

  3. Народно – освободительное движение казахов в 1836-1838г.г Документы, материалы, статьи. Алма –Ата . 1992.

  4. Нациально – освободительная борьба казахского народа под предводительством Кенесары Касымова. Сборник документов. Алматы. 1996.




  1. Зерттемелер.




  1. Алексеенко Н.В Население дореволюционного Казахстана. Алма –Ата 1981.

  2. Аничко И.В Қазақ батыры Жанкожа Нұрмұхамбетұлы. Алматы. 1991.

  3. Баландина Г. Пламия над степью. – Местное времия. – 1992. – 22. 23. 25 декабря.

  4. Бекмаханов Е.Б Казахстан в 20-40-е годы XIX в .Алма- Ата . 1947.

  5. Бекмаханов Е.Б Присоединение Казахстана к России. М ., 1957.

  6. Бекмаханов Е.Б Восстание хана Кенесары (1837-1847). Алма- Ата . 1992.

  7. Бекмаханова Н.Е Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизи . Последняя четверть XVIII – 60-е годы XIX в М., 1980.

  8. Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма (60-е гг7 XIX в.-1917 г ). М., 1986.

  9. Бижанова Р. Предшествовало восстанию. – Степной маяк. – 1992. – 12 июня.

  10. Воин степей: о полководческом искусстве Кенесары. – Простор. -1993. -№7.-с 253-273.

  11. Вопросы истографии Казахстана. Алма- Ата . 1983.

  12. Вопросы истографии и источниковедения Казахстана (доревалюционный период ) Алма- Ата . 1988.

  13. Вяткин М.П Батыр Сырым .М., 1947

  14. Дулатова Д.И Историография доревалюционного Казахстана (1861-1917 г г) Алма- Ата . 1984.

  15. Зернов А. Жизнь. ставшая легондой (о герое нацианально- освободительного движения XIX в Жанкоже батыре ). –Кызыл-Ординские вести.- 1992-15 октября.

  16. Зиманов С.З Полтический строй Казахстана конца XVIII и первой половины XIX в Алма- Ата .1960.

  17. Зиманов Россия и Букеевское ханство. Алма- Ата .19607

  18. История и историография национально – освободительных движений второй половины XIX – начала XXвв. А Средней Азии И Казахстане : итоги , пойски, перспективы изучения (сб. статей). Ташкент. 1989.

  19. История Казахстана: белые пятна. Сборник статей. Алма- Ата .1991.

  20. Қазақ халқы тарихындағы көтерілістер. Қазақ әдебиеті . – 1990- 9 ақпан.

  21. Қасымбаев Ж. Халық тағдырының теңізі. – Қазақ батырлары.- 1991-10 мамыр.

  22. Қасымбаев Ж. Казахский хан – предводитель восстания. – Советы Казахстана . -1992- 1 декабря.

  23. Касымбаев Ж Кенесары хан . Алма- Ата . 1993.

  24. Казахстан в начале XX века: методология, историография, источниковедение. Сборник статей Алматы . 1993.

  25. Кенжалин И. Восстание Истая Тайманова . – Заря . -1991- № 9.с 22-23.

  26. Кенжегалиев И . Исатай, Махамбет . Алматы 1991.

  27. Козыбаев М.К Сулейменов Р.Б Касымбаев Ж.К Митридат киргизкой степи. Казахстанская правда . 1992.13 марта .

  28. Мамбетжанов К. Жанкожа- народный герой (о народном герое Ж. Нурмухамедове ихз Казалинского района Кызыл – Ординской области). –Путь Ленина . – 1990-9августа.

  29. Намазгалиев М. Так это начиналось (о восстании казахского народа в Букеевском ханстве в 30-х гг.XIX в ) –Прикаспийская коммуна.19917-20 сентября .

  30. Ружье Есета Котибарова .Актюбенский вестник.-1993-16февраля.

  31. РязановА.Ф Восстание Исатая Тайманова (1836-1838гг)-Алма-Ата 1991.

  32. Серикбаев Ш. Отважен, как лев, горд, как орел,( к 200-летию со дня рождения героя национально –освободительного движения XIX в Жанкоже – батыре). – Кзыл-Ординские вести-1992.- 15 октября.

  33. Степняк К. Смерть Кенесары. – Простор. -1993.-№ 10- с 213-2177

  34. Сулейменов Б.С Аграрный вопрос в Казахстане в последней трети XIX – начале XX вв. (1867-1907гг.) Алма – Ата.1963.

  35. Сулейменов Б.С. Басин В.Я Казахстан в составе России в XVIII – начале XXвв Алма – Ата. 1981.

  36. Султангалиева Г. Народный батыр( о жизни видного представителя казахского народа Есет –батыре) . Актюбенскии вестник. 91. – 12 июля .

  37. Турсунова М.С Казахи Мангышлака во второй половине XIX в Алма – Ата. 1977.

  38. Шакматов В.Ф Внутренняя орда и востание Исатая Тайманова . Алма – Ата. 1946.

  39. Шоинбаева Т.Ж Восстание сыр-дарьинских казахов под руководством батыра Жанкажи Нурмухамедова (1856-1857) Алма – Ата. 1949.

III Оқулықтар және оқу әдістемелер:



  1. Асфендияров С . История Казахстана ( с древнейших времен) . Учебное пособие. 2-ое издание .Алматы. 1993.

  2. История Казахской ССР. В 2-томах . Т.1 Алма – Ата. 1957.

  3. История Казахской ССР ( с древнейших времен до наших времен до наших дней ). В 5-ти томах .Т .3 Алма – Ата. 1979.

  4. История Казахстана . Очерк .Алматы 1993.

  5. Кайназарова Е.К Кайназарова А.Е История Казахстана с древнейших времен до наших дней.(Учебное пособие) Алма – Ата. 1992.

  6. Кляшторный С.Г.№ Султанов Т.И. Казахстан Летопись трех тысячелетий . Алма – Ата.1992.

  7. Тынышпаев М. История казахского народа. Учебное пособие. Алма – Ата. 1993.



Білімді бақылау жүйесі
1.Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің себептері (1773-1775ж)

2.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басталуы және 18ғ. 80-ші жылдарындағы барысы

3. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің алғышарттары және оның 1773 жылы Кіші жүзде орын алуы. Қазақтардың Орынбор қоршауында қатысуы.

4.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтары көтерілісінің себептері, сипаты, қозғаушы күштері (1783-1797ж)

5.Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев бастған шаруалар көтерілісіне қатысуы.

6. «Игельстром реформасы» негізінде Кіші жүзді басқару жоюасының мазмұны.

7.1774 жылғы Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысы.

8. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтары көтерілісінің 18ғ. 90-шы жылдарындағы жаңа кезеңі.

9. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің 1775 жылғы қазақ жүздерінің жаңа кезеңі.

10.Қазақтар Ташкент иелігінің құрамында (18ғ. 80-ші жж. -19ғ. басы)

11.Қоқан және Хиуа хандықтарының Қазақстанға әскери экспансиясы.

12.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісінің себептері,қозғаушы күштері (1836-1838)

13.Оңтүстік Қазақстанда қазақтардың басқыншыларға қарсы азаттық күресі. (ХІХғ. 10-20 жж)

14. Бөкей хандығының құрылу себептері. Ішкі Орданың әлеуметтік –экономикалық дамуындағы өзгерістер. Бөкей Ордасының саяси құрылымы.

15. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісінің басталуы және даму барысы.

16. Кенесары ханның мемлекеті.

17. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісінің жеңілу себептері және салдары

18. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың себептері (1837-1847)

19. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басталуы және 18ғ. 80-ші жылдарындағы барысы

20.Қазақтар Ташкент иелігінің құрамында (18ғ. 80-ші жж. -19ғ. басы)

21. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтары көтерілісінің 18ғ. 90-шы жылдарындағы жаңа кезеңі.

22. Қоқан және Хиуа хандықтарының Қазақстанға әскери экспансиясы.

23. Оңтүстік Қазақстанда қазақтардың басқыншыларға қарсы азаттық күресі. (ХІХғ. 10-20 жж)

24. Бөкей хандығының құрылу себептері. Ішкі Орданың әлеуметтік –экономикалық дамуындағы өзгерістер. Бөкей Ордасының саяси құрылымы.

25. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісінің себептері,қозғаушы күштері (1836-1838)

26. Патша өкіметінің Оңтүстік Қазақстандағы әскери экспансиясы. Ресей империясы ықпалының барлық өлкеге таралуы.

27. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісінің басталуы және даму барысы.

28.ХІХ ғ. арал қазақтарының Хиуа хандығы мен Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі.

29. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісінің жеңілу себептері және салдары.

30.19ғ. 50-ші жж. Есет батыр басқарған орыс отаршылдығына қарсы күрес.

31.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың себептері. (1837-1847)

32.Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған Сыр бойындағы қазақтардың орыс және Хиуа отаршылығына қарсы күресі.

33.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың қозғаушы күштері.

34.1868-1869 жж. Орал және Торғай облыстарындағы қазақтар көтерілісі.

35. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңілу себептері.

36.1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліс.

37.Сұлтан Саржан Қасымұлы бастған көтеріліс (1825-1836)

38.1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің себептері.

39. 19ғ. 50-ші жж. Есет батыр басқарған орыс отаршылдығына қарсы күрес.

40. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Жетісудағы ошағы.

41.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің алғышарттары және оның 1773 жылы Кіші жүзде орын алуы. Қазақтардың Орынбор қоршауында қатысуы.

42. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Торғайдағы ошағы.

43.18ғ.соңы – 19ғ. басындағы Ресей империясының Орта жүздегі саясаты

44. Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған Сыр бойындағы қазақтардың орыс және Хиуа отаршылығына қарсы күресі.

45.Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев бастған шаруалар көтерілісіне қатысуы.

46.Орта жүздегі патша реформаларына оппозиция (ХІХғ. 20-шы жылдары)

47. Орыс отаршылдығы және отаршылыққа қарсы күрестің басталуы.

48.1774 жылғы Е.Пугачев бастған шаруалар көтерілісінің барысы.

49. Қазақстандағы ұлт-азаттық күрестің қазіргі тарихтағы бағасы.

50.Е.Пугачев бастған шаруалар көтерілісінің 1775 жылғы қазақ жүздеріндегі жаңа кезеңі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет