Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханның мемлекет құрылысына және демократиялық құндылықтарға көзқарастары



бет2/3
Дата28.01.2018
өлшемі278,36 Kb.
#34211
1   2   3


Ұстанатын бағытын анықтап алған соң, Ә.Н. Бөкейхан «Алаш» ұлттық саяси партиясын құрады, оның идеялық алғышарттарына 1913 жылдан бері басылып келе жатқан «Қазақ» газеті негіз болады. 1917 жылдың желтоқсанында Ә. Бөкейханның бастамасымен Бүкілқазақтық құрылтайда «Алашорда», яғни қазақтардың автономиясы жарияланады. Ол Томск қаласында Сібір автономистері съезінің жұмыстарына қатысып, онда Сібір республикасының құрамында қазақтарға автономияберу туралы шешім қабылданады.

1913 жылы Ә. Бөкейханов ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен бірге тұңғыш жалпыұлттық баспасөз ұйымы — «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Газет беттерінде халыққа білім беру, ұлттық сана-сезімді ояту хақында көптеген құнды дүниелер жарық көрді. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жұмысына қатысты. Ол екі тілге бірдей жетік еді, қазақша да, орысша да еркін жазды. Оның қаламынан көптеген тарихи және этнографиялық туындылар, атап айтқанда, «Қырғыздар» («қазақтар» - авт.), «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезіндегі қырғыздардың рулық құрылымы», Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты қазанамалық мақаласы, тағы басқа зерттеулері жарық көрді.

1913—1918 жылдары «Қазақ» газетінде редактор болып, халық өмірінің көкейтесті мәселелерін көтереді, елді өнер-білімге үндейді. А. Байтұрсынов Алаш қозғалысы тұсында күрестің алғы шебінде болады. Кеңес өкіметі кезінде ол қазақ халқының сауатын ашып, ағарту жолына біржола түседі. Көптеген өлең-жырларында халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын жырлады, халықты өнер-білімге, мәдениетке шақырды. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын сынады, ел-жұртты миссионерлердің жүгенсіз қылығынан сақтандырды. Оның өмірі өз халқына адал қызмет етудің, ел-жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына, тарихына деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Ол өзінің бір мақаласында былай деп жазды: «Менің мақсат-мұратым - қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін».





А.Байтұрсынов



М.Дулатов



Ә.Бөкейханов

Большевиктер бастаған азаматтық соғыста Ә.Н. Бөкейхан мен алашордалықтар 1919 жылдың соңына дейін Сібір билеушілерімен бірге большевиктерге қарсы болды. Сол кезде олар өз жағдайын нығайтып алған жаңа билікке қарсы жалғыз қалады. Алашордалықтар жалғыз қолайлы, бірақ өте ауыр шешім қабылдауға,яғни ұлттық автономияны сақтауға қатысты ресми түрде жасалған уәдеге идеялық және саяси қарсыластарымен келісімге қол қоюға мәжбүр болады. Осы жағдайларда Ә.Н. Бөкейхан саяси және мемлекеттік қызметке белсенді араласудан бас тартуға мәжбүр болады. Ол Ленин мен большевиктердің билікті қарудың күшімен тартып алуын заңсызәрі лаңкестік акция деп санады. Ол 1917 жылы «Сарыарқа» газетінде жарияланған «Жалпы сібірлік съез» мақаласында оны сөгеді.



Кеңес өкіметі автономия идеясын жоққа шығармағандықтан, Ә. Бөкейхан өзініңмәдениет саласында заңды негізде қызмет атқаруға мүмкіндігі бар деп санады. Марксизм мен экономикалық материализм платформасы пролетарлық интернационализм туралы сөздермен бүркелген, ал шын мәнінде, социализмді мәжбүрлеп және репрессивті түрде орнату әдістерін қамтығанимпериялық, орыстандырғыш ұлттық саясатқа сыни көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Бірақ Ә. Бөкейханның және ұлттық сана-сезімі оянған басқа зиялылардың мәдени қызметінің өзі жай оппозиция немесе басқаша көзқарас емес, «кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық күрес» ретінде бағаланды. Бұл жерді түсіндіре кеткен жөн, себебі «Алаш ордамен» байланыс сталиндік режимнің қазақ елінің зиялыларына қарсы қалыпты айыптарының бірі болды. «Алаш» тарихи термині кейіннен «Қазақ» этнониміне ие болған ежелгі рулардың жалпы атауы болатын. Қазақтың белгілі саяси қайраткері Әлихан Бөкейхановтың бастамасымен құрылған және Ресей аумағындағы автономия деңгейінде қазақтардың тәуелсіздігіне қол жеткізуді мақсат еткен партия осы атаумен аталды. «Алаш» партиясының бағдарламасы негізінде 1918 жылы алғашқы дербес мемлекет жарияланып, бастапқыда большевиктердің империялық саясатының салдарынан олармен қақтығысқа ұшырайды. Большевиктер мен «Алаш орда» арасында жасалған келісімді артынан большевиктер бұзып, «алашордалық — ұлтшыл, халық жауы» ұраны «елдіңқаймағын» құраған адамдарға қарсы жаппай репрессиялардың негізіне айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет