Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022
7) SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша кейбір анықталған пәндерден ҰБТ тапсырудан босатылады;
SAT
SAT (САТ) балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
SAT reasoning (САТ ризонинг) және SAT subject (САТ сабджект) сертификатарын. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырады және SAT subject (САТ сабджект) нәтижелері бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ҰБТ балдарына ауыстырылады;
2) SAT reasoning (САТ ризонинг) сертификатын. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырады.
ACT
ACT (ЭйСиТи) балдары Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.
IB (АйБи)
IB (АйБи) балдары Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.
SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-ға өтініштер қабылдау базасына сертификаттардың көшірмелері мен мәліметтерді енгізуі және өтініш беруі қажет.
8) Тестілеудің бейнебақылау жазбаларын және іс-қимыл журналын (логтарды) тексеру күнтізбелік жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |