Ұлттық біріңғай тестілеуіне өтініш беру қосымшасын пайдалануға арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата26.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#128725
  1   2   3   4
Байланысты:
instr ent 2021kz



Ұлттық біріңғай тестілеуіне өтініш беру қосымшасын пайдалануға арналған

нұсқаулық

Бұл қосымша  ұлттық бірыңғай тестілеуіне қатысуға өтініш қабылдауы үшін 

әзірленген. Қосымшаны іске қосу үшін, браузердің мекен-жай енгізу жолына 

app.testcenter.kz

 мекен-жайын енгізесіз және ашылған парақшада интерфейс тілін 

таңдайсыз.



1-сурет. Интерфейс тілін таңдау

Тестіленуші өз ыңғайына қарай қажетті қазақ немесе орыс тілін таңдай алады (1-

сурет). Тіл таңдағаннан кейін Кіру/Тіркелу парақшасы ашылады (2-сурет). 

2-сурет. Кіру/Тіркелу парақшасы

Бұл парақшада Ұлттық тестілеу орталығының логотипі және интерфейс тілін 

ауыстыру батырмасы орналасқан. Тестіленуші өтініш беруі үшін, қосымшаға электронды 

мекен-жайы арқылы тіркелуі қажет. 




Тіркелу

3-сурет. Тіркелу әрекеті

Қосымшада тіркелуден өту үшін (3-сурет) келесі мәліметтерді енгізу қажет:

-

Электронды мекен-жай (бұл мекен-жай әрі қарай қосымшаға кіру үшін логин 



ретінде пайдаланылатын болады).

Мәліметтер енгізілгеннен кейін «Тіркелу» батырмасын басасыз және сол поштаңызға 

растайтын сілтемесі бар хат жолданады (4-сурет). 

4-сурет. Тіркелуді растау үшін электронды мекен-жайға хат жолдануы

Тестіленуші міндетті түрде поштасына келген хатты ашып батырманы басу арқылы 

көрсетілген сілтемеге өтуі қажет (5-сурет) және хатта келесіде жеке парақшасына кіруі 

үшін құпия сөзі де көрсетіледі. Хат «Кіріс» жәшігінде болмаған жағдайда, «Спам» 

жәшігін тексеру қажет.



5-сурет. Электронды мекен-жайға келген хат

Келген хатта «Электронды мекен-жайды растау» батырмасын басу арқылы 

тестіленушінің деректерін толтыру парақшасына өтесіз (6-сурет).

6-сурет. Тестіленушінің жеке мәліметін енгізу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет