Ұлттық біріңғай тестілеуіне өтініш беру қосымшасын пайдалануға арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата11.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#142167
  1   2   3   4   5
Байланысты:
instr ent 2021kz



Ұлттық біріңғай тестілеуіне өтініш беру қосымшасын пайдалануға арналған 
нұсқаулық 
 
Бұл қосымша ұлттық бірыңғай тестілеуіне қатысуға өтініш қабылдауы үшін 
әзірленген. Қосымшаны іске қосу үшін, браузердің мекен-жай енгізу жолына 
https://app.testcenter.kz/auth
 мекен-жайын енгізесіз және ашылған парақшада интерфейс тілін 
таңдайсыз. 
1-сурет. Интерфейс тілін таңдау 
Тестіленуші өз ыңғайына қарай қажетті қазақ немесе орыс тілін таңдай алады (1-
сурет). Тіл таңдағаннан кейін Кіру/Тіркелу парақшасы ашылады (2-сурет).
2-сурет. Кіру/Тіркелу парақшасы 
Бұл парақшада Ұлттық тестілеу орталығының логотипі және интерфейс тілін 
ауыстыру батырмасы орналасқан. Тестіленуші өтініш беруі үшін, қосымшаға электронды 
мекен-жайы арқылы тіркелуі қажет.


Тіркелу 
3-сурет. Тіркелу әрекеті 
Қосымшада тіркелуден өту үшін (3-сурет) келесі мәліметтерді енгізу қажет: 
-
Электронды мекен-жай (бұл мекен-жай әрі қарай қосымшаға кіру үшін логин 
ретінде пайдаланылатын болады). 
Мәліметтер енгізілгеннен кейін «Тіркелу» батырмасын басасыз және сол поштаңызға 
растайтын сілтемесі бар хат жолданады (4-сурет).
4-сурет. Тіркелуді растау үшін электронды мекен-жайға хат жолдануы 
Тестіленуші міндетті түрде поштасына келген хатты ашып батырманы басу арқылы 
көрсетілген сілтемеге өтуі қажет (5-сурет) және хатта келесіде жеке парақшасына кіруі 
үшін құпия сөзі де көрсетіледі. Хат «Кіріс» жәшігінде болмаған жағдайда, «Спам» 
жәшігін тексеру қажет. 


5-сурет. Электронды мекен-жайға келген хат 
Келген хатта «Электронды мекен-жайды растау» батырмасын басу арқылы 
тестіленушінің деректерін толтыру парақшасына өтесіз (6-сурет). 
6-сурет. ЖСН бар ҚР тестіленушінің жеке мәліметін енгізу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет